Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 89 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 4 және 7-тармақтарына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 3 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының
2024 жылғы 30 шілдедегі
№ 89 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының сыныптауышына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-кестенің "RU" бөлімінде "RU7020103" коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"RU7020104

Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары".

      2. II бөлімде:

      а) 3-бағандағы 5-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕК 049-2024 (ред. 1)";

      б) 3-бағандағы 22-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 64 шешімімен сыныптауыштың жекелеген позицияларына өзгерістер енгізілді, позиция алынып тасталды;

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 89 шешімімен сыныптауыштың жекелеген позицияларына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жаңа позициялар енгізілді".

      3. 5-кестеде:

      а) 1.2-позицияда 3-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "орыс тілінде сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады";

      б) 1.3.3.3.3 позициясы және 1.3.3.3.3 позициясының тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.3.3.3.3 Белгілі бір түрдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандары туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің аймағымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

*.1 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының коды

қалыпқа келтірілген таңбалар жолы.
Үлгісі: [A-Z]{2}[0-9]{7}

бірізді кодтау әдісін қолдану арқылы қалыптасады

0..1

*.2 Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанының атауы

таңбалар жолы
Ең қысқа ұзындығы: 1
Ең ұзын ұзындығы: 4000

орыс тілінде сөзтіркесі түрінде қалыптасады

0..1

*.3 Анықтамалықтың (жіктеуіштің) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.3.1. Қолданыстың басталу күні

YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

*.3.2. Әрекеттің басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*3.2.1. Акт түрінің коды

Қалыпқа келтірілген таңбалар жолы.
Үлгісі: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгіленуі

1

*3.2.2. Акт нөмірі

Таңбалар жолы.
Ең қысқа ұзындығы: 1
Ең ұзын ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*3.2.3. Акт күні

YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес келетін күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

*.3.3. Қолданыстың аяқталу күні

YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес келетін күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

*.3.4. Әрекеттің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің мәндерінің аймақтарымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.3.4.1. Акт түрінің коды

Қалыпқа келтірілген таңбалар жолы.
Үлгісі: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгіленуі

1

*.3.4.2. Акт нөмірі

таңбалар жолы.
Ең қысқа ұзындығы: 1
Ең ұзын ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*3.4.3. Дата акта

YYYY-MM-DD пішіміндегі ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес келетін күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады