Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Әр түрлі материалдарда тесіктерді соққылы және жай бұрғылауға, бетонды, кірпішті және табиғи тасты ұңғылауға арналған қоса орнатылған электр қозғалтқышы бар, бұрандаларды бұрайтын/кері бұрайтын қосымша функцияларды иеленетін не онысыз айналмалы әрекеттегі қол құралын білдіретін перфоратор Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8467 21 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |