Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес перфораторды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы № 110 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Әр түрлі материалдарда тесіктерді соққылы және жай бұрғылауға, бетонды, кірпішті және табиғи тасты ұңғылауға арналған қоса орнатылған электр қозғалтқышы бар, бұрандаларды бұрайтын/кері бұрайтын қосымша функцияларды иеленетін не онысыз айналмалы әрекеттегі қол құралын білдіретін перфоратор Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8467 21 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады