1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Уақытша ереже бекiтiлсiн.
2. Республикалық ұланның 1992 жылға штаттың шектi саны әскери қызметшiлер 1800 және қызметшi - 30 адам болып белгiленiп, кейін бұл 1993 жылы 2500 әскери қызметшiге және 50 қызметшiге жеткiзiлсiн.
Республикалық ұланның қолбасшысына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша штатты және оған табельдi бекiту хұқы берiлсiн.
3. Республикалық ұланның қолбасшысы Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлiгiмен, Iшкi әскерлер басқармасымен, Шығыс шекара округi басқармасымен бiрлесiп 1992 жылғы 1 қарашаға дейiн Республикалық ұланның ерiктi контракт негiзiнде республиканың әскери қызметшiлерiнен, сондай-ақ әскери мiндеттi азаматтарынан қолданылып жүрген заңдарға және Уақытша ережеге сәйкес қалыптастырылуы мен жасақталуын жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1992 жылғы 23 маусым N 807 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 23 маусымдағы N 807 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ Алматы қаласы, 1992 жыл
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы* туралы осы Уақытша ереже "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
Уақытша ереже Ұланның мақсатын, оны жасақтау және әскери қызмет өтеу, материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз ету тәртiбiн анықтайды, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң хұқықтары мен мiндеттерiн әйгiлейдi. <*> . Бұдан былай Ұлан делiнедi.
1 ТАРАУ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Ұлан "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Конституциялық Заңға сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының егемендiгiн қамтамасыз етудi, конституциялық құрылысын, азаматтарының хұқықтары мен бостандығын, сондай-ақ өзге де өмiрлiк маңызды мүдделерiн қорғауды:
республика мемлекеттiк өкiметiнiң заңды сайланған жоғары органдарын қорғауды;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуды;
шетел мемлекеттерiнiң ресми өкiлдерiн қарсы алу мен шығарып салуға, Қазақстан Республикасының мерекелерi мен салтанаттарына байланысты дәстүрлi рәсiмдердi атқаруды;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюды;
айрықша кезеңдерде аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi күзету мен қорғау үшiн бөлiмшелер жасақтауды мақсат тұтады.
2. Ұлан бөлек жауынгерлiк жасақ әрi Қарулы Күштердiң резервi болып саналады. Ол Қазақстан Республикасының Президентiне бағынады. Ұланға тiкелей басшылық ету Республика Ұланының қолбасшысына жүктеледi.
3. Ұлан қолданылып жүрген Заңдарға және осы Ережеге сәйкес Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi мен Қазақстан Республикасының әскери мiндеттi азаматтарының iшiнен ерiктiлiк негiзiнде жасақталады.
4. Ұлан өзiне жүктелген мiндеттердi iшкi iстер және мемлекет хауiпсiздiгi органдарымен, iшкi және шекара әскерлерiмен, ал төтенше жағдайлардағы мiндеттердi орындаған кезде Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiмен тығыз бiрлесiп атқарады.
5. Ұлан ұйымдық жағынан жеке батальондардан және бригадаға бiрiккен қамтамасыз ету мен қызмет көрсету бөлiмшелерiнен құралады.
6. Ұланның саны бөлiмшелердiң атқаратын мiндетi ескерiлiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен белгiленедi және республикадағы ахуалдың қалыптасуына қарай өзгертiлуi мүмкiн.
7. Ұланның соғыс кезiндегi құрамы мен мiндеттерi республиканың қорғаныс туралы заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен айқындалады.
8. Ұландағы әскери қызметтi атқару тәртiбi қолданылып жүрген Заңдармен, Қазақстан Республикасының конституциясымен, осы Ережемен және Қарулы Күштердiң Жалпы әскери Жарғыларының талаптарымен анықталады, Ұланның жеке құрамына ерекшелiк белгiсi берiледi.
9. Ұланның тiршiлiк-тынысын қамсыздандыру мен қызметiнiң
бабындағы аса маңызды мәселелердi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешедi. 10. Ұланның қосымша қызметтерiнiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңдарында белгiленген тәртiппен әскери емес азаматтар қабылданады. Әскери емес азаматтар "Ұлан қызметкерiнiң ант мiндеттемесiн" қабылдайды, оның текстiн Республикалық ұланның қолбасшысы бекiтедi. 11. Ұланда Заңдардың бұлжымай сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры бағынышты әскери прокуратура органдары арқылы жүзеге асырады. 2 ТАРАУ ОФИЦЕРЛІК ҚҰРАМНЫҢ, ПРАПОРЩИКТЕРДIҢ, СТАРШИНАЛАРДЫҢ, СЕРЖАНТТАР МЕН СОЛДАТТАРДЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТI АТҚАРУЫ I. Республикалық ұланды жасақтау тәртiбi
12. Ұлан ерiктi контрактiлiк негiзде және қолданылып жүрген Заңдарға сәйкес Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi мен Қазақстан Республикасының әскери мiндеттi азаматтарының арасынан оның территориясында он бес жылдан кем тұрмаған барлық ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiнен жасақталады.
13. Ұланға алған кезде әуе десанты әскерлерiнде, теңiз жаяу әскерi мен арнайы мақсаттағы бөлiмдерде қызмет атқарып жатқан немесе бұрын қызмет атқарған денесi жақсы шыныққан бойы 175 сантиметрден кем емес офицерлiк құрамның адамдарына, прапорщиктерге (мичмандарға), сержанттар мен солдаттарға басым хұқық берiледi.
14. Ұланның қатарына шақыру және оны жеке құрамымен жасақтауды әскери комиссариаттар арнаулы сауалдардан ойдағыдай өткен, кәсiптiк тұрғыдан жарамды, медициналық талаптарға сай келетiн кандидаттардың арасынан республикалық ұланның қолбасшысының өтiнiмi бойынша жүзеге асырады. Ұланды кадрдағы офицерлермен және прапорщиктермен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кадрлар басқармасымен бiрлесiп, Республикалық ұланның қолбасшысы жасақтайды.
15. Жасақтаудың жағдайы мен сапасы, Ұландағы қызметке кәсiптiк-психологиялық жағынан iрiктеудi ұйымдастыру, алынған жастарды бөлiмшелерге тарату, белгiленген мiндеттi әскери қызметiнiң уақытын өтеген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi уақтылы әрi ұйымшылдықпен босату Республикалық ұланның Қолбасшысына жүктеледi.
16. Әскери қызметшiлердiң Ұланда әскери қызмет өтеуi Қарулы Күштерде әскери қызмет өтеуге теңестiрiледi.
17. Бейбiт уақытта Ұлан офицерлiк құраммен және прапорщиктермен:
а) Қарулы Күштерде мiндеттi әскери қызметiн өтеп жатқан кадрдағы офицерлермен;
б) айрықша жағдайларда, аса зәру мамандықтар бойынша бос орындар болғанда - әскери қызметке жарамды жасынан аспаған запастағы офицерлермен, офицерлiк әскери атақ берiлгеннен кейiн 35 жасқа толмаған азаматтардан;
в) Қарулы Күштерде мiндеттi әскери қызметiн өтеп жатқан прапорщиктермен (мичмандармен);
г) 30 жасқа дейiнгi запастағы прапорщиктермен (мичмандармен);
д) 35 жастан аспаған прапорщик ретiнде мiндеттi әскери қызметке қабылданған; даярлық бейiмi жөнiнен әскери мамандыққа сәйкес жоғары азаматтық бiлiм алған азаматтармен жеке контрактiлер жасасу жолымен конкурстық негiзде жасақталады.
Бастапқыда прапорщиктермен контракт екi жылдан кем емес мерзiмге жасалады. Контракт бойынша мiндеттi әскери қызметтiң мерзiмiн ұзарту әскери қызметте болудың мөлшерлi жасына жеткенге дейiн әр жолы кемiнде 3 жыл мерзiмге жүргiзiледi.
Адамдарды мiндеттi әскери қызметке прапорщик ретiнде қабылдауды, қызмет мерзiмiн ұзартып, қызметтен босатуды Республикалық ұланның қолбасшысы жүзеге асырады.
18. Бейбiт уақытта Республикалық ұлан қатардағы және сержанттық құраммен:
а) әскерге шақырылатын күнiнде 18 жасқа толған шақыру жасындағы азаматтардан;
б) сержанттардан, старшиналардан, сондай-ақ Қарулы Күштердiң оқу бөлiмдерiн бiтiрген маман солдаттардан;
в) 27 жасқа дейiнгi әскери мiндеттiлерден жасақталады.
Бөлiмдер мен бөлiмшелердiң жауынгерлiк әзiрлiгiн анықтайтын лауазымдарды жасақтау контрактiлiк негiзде жүргiзiледi.
Бастапқыда контракт үш жылдан кем емес мерзiмге жасалады. Контракт бойынша әскери қызмет мерзiмiн ұзарту әскери қызметте болудың мөлшерлi жасына жеткенге дейiн әр жолы кемiнде 2 жыл мерзiмге жүргiзiледi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн әскери қызмет мерзiмi 1 жыл 6 ай болып белгiленедi. Контракт бойынша солдаттарды, сержанттар мен старшиналарды қабылдауды, олардың қызмет мерзiмiн ұзартуды, қызметтен босатуды Республикалық ұлан бригадасының командирi жүзеге асырады. 19. Ұланда әскери қызметте болудың мөлшерлi жасы: а) әскери қызметiн контракт бойынша қатардағы, сержант құрамындағы лауазымдарда, сондай-ақ прапорщик болып өтеп жүргендер үшiн - 45 жас; б) кiшi офицерлiк құрам үшiн - 40 жас; аға офицерлiк құрам үшiн (майордан подполковникке дейiнгiлердi қоса) - 45 жас; аға офицерлiк құрам үшiн (полковник әскери атағын қоса) - 45 жас; аға офицерлiк құрам үшiн (полковник әскери атағында) - 50 жас; жоғары офицерлiк құрам үшiн (генерал-майордан генерал-лейтенантқа дейiнгiлердi қоса) - 55 жас. Әскери қызметке тұңғыш рет шақырылған немесе қабылданған азаматтар ант бередi. II. Лауазымға тағайындау, қызметiн ауыстыру және жоғарылату 20. Офицерлiк құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау. Республикалық ұланның Қолбасшысы лауазымына - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен;
Республикалық ұланның Қолбасшысы орынбасарларының және бригада командирiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмiмен;
батальон командирi және одан жоғары лауазымға - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының келiсуi бойынша Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрығымен;
қалған лауазымдарға - Республикалық ұлан Қолбасшысының
бұйрықтарымен жүргiзiледi. 21. Прапорщик (мичман), қатардағы және сержант құрамындағылар, оның iшiнде контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүргендер лауазымға Республикалық ұланның бригада командирiнiң бұйрығымен тағайындалады. Офицер құрамындағы адамдарды, прапорщиктердi (мичмандарды), қатардағы және сержант құрамындағы адамдарды қызметте ауыстыру мен жоғарылату Қарулы Күштердiң қолданылып жүрген заңдарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi. III. Әскери атақ беру, төмендету және айыру 22. Республикалық ұланның офицерлiк құрамына атқарып жүрген лауазымы бойынша әскери атақ Қарулы Күштердегi осындай лауазымдарға көзделгеннен бiр саты жоғары әскери атақтар белгiленедi. 23. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен мынадай әскери атақтар: генерал-майор және одан жоғары: Республикалық ұланға кадр етiп белгiлеген жағдайда алғашқы офицерлiк атақ берiледi.
24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен "майор", "подполковник", "полковник" әскери атақтары берiледi.
25. Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрығымен "капитан", "аға лейтенант", "аға прапорщик" және "прапорщик" әскери атақтары берiледi.
Қызмет мүддесi үшiн кезектi офицерлiк әскери атақты кезектi әскери атақ беруге мүмкiндiк жасайтын жоғары лауазымға тағайындаумен бiр мезгiлде беруге болады.
26. Республикалық ұланның бригада командирiнiң бұйрығымен мерзiмдi қызметтегi және контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерге ефрейтордан бастап старшинаға дейiнгi әскери атақтар берiледi.
27. Республикалық ұланда мiндеттi әскери қызметте тұрған офицерлер үшiн әскери атақтарда қызмет өткеру мерзiмдерi Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес белгiленедi.
28. Офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, сержант құрамының әскери атақтарын төмендету және айыру Қарулы Күштердiң қолданылып жүрген заңдарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
IV. Демалыстар беру
29. Контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген офицерлiк құрамдағы адамдарға, прапорщиктер мен солдаттарға, сержанттарға, старшиналарға кезектi демалыс:
а) Республикалық ұланда 10 күнтiзбелiк жыл қызмет өткергендерге - жыл сайын 35 тәулiктiк мерзiмге;
б) Республикалық ұланда 10 жылдан артық қызмет өткергендерге - жыл сайын 45 тәулiктiк мерзiмге берiледi.
V. Мiндеттi әскери қызметтен босату
30. Офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, солдаттар, сержанттар мен старшиналар мiндеттi әскери қызметтен:
а) Республикалық ұланның Қолбасшысы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен;
б) Республикалық ұлан Қолбасшысының орынбасарлары және бригада командирi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмiмен;
в) батальон командирлерi және одан жоғарғылары - Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрықтарымен Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының келiсуi бойынша;
г) офицерлiк құрамдағы адамдардың қалған санаттары мен прапорщиктер - Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрықтарымен;
д) мерзiмдi қызметтегi солдаттар, сержанттар мен старшиналар - белгiленген тәртiппен; контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүргендер - Республикалық ұланның бригада командирiнiң бұйрықтарымен босатылады.
VI. Хұқылары мен мiндеттерi
31. Ұланның офицерлiк құрамдағы адамдары, прапорщиктерi, солдаттары, сержанттары мен старшиналары Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк-экономикалық, саяси хұқыларын, өзiндiк хұқылары мен бостандықтарын толық пайдаланады, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық мiндеттердi өзiне алады.
Әскери қызметшiлердiң әскери қызмет жағдайларынан туындайтын хұқылары мен мiндеттерi қолданылып жүрген нормативтi актiлермен және осы Ережемен анықталады.
32. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi:
өз Отаны - Қазақстан Республикасына шексiз берiлiп қызмет етуге, әскери борышын орындаған кезде өз күш-жiгерi мен өмiрiн аямауға, әскери қызметтiң қиындықтары мен ауыртпалықтарын табандылықпен көтере бiлуге;
өзiнiң әскери техникалық және арнаулы бiлiмiн ұдайы көтерiп, қарауындағылар мен жолдастарына барлық iсте өнеге көрсетуге, сенiп тапсырылған қару мен әскери техниканы бiлуге және шеберлiкпен қолдануға, жарғылық реттiлiктi қолдап, әскери тәртiптi нығайтуға;
қарауындағыларды әскери борышты мүлтiксiз орындау, достық және әскери жолдастық, Қазақстан Республикасын қорғауға ұдайы әзiр тұру рухында тәрбиелеуге;
өзiнiң әскери бөлiмiнiң абыройын әрқашан және барлық жерде
ардақ тұтуға, өзiнiң әскери атағының абыройы мен қадiр-қасиетiн қорғай бiлуге, заңдардың, әскери анттың және әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға; қызмет бабындағы мiндеттердi шешуде инициатива көтерiп, шығармашылық танытуға, күрделi жағдайда тапқырлық бiлдiруге мiндеттi. 33. Ұланның әскери қызметшiлерiнiң Қазақстан Республикасы азаматтарына және қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау кезiнде Қарулы Күштердiң жеке адам құрамына берiлген барлық хұқтарды пайдалануға хұқы бар. 3 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАНЫН ТЫЛДЫҚ ЖӘНЕ КӨЛIКТIК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ӘСКЕРИ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ I. Жалпы ережелер
34. Республикалық ұланның әскери шаруашылығы- бұл материалдық қаржылардың қорлары бар материалдық-техникалық база*, бұған шаруашылық, техникалық, медициналық мақсаттағы объектiлер және жеке адам құрамының әскери, арнаулы әзiрлiгiн, материалдық-тұрмыс және мәдени қажеттерiн, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, қару мен дәрi-дәрмектi, жанар майды және басқа материалдық құралдарды жан-жақты әрi кiдiрiссiз қамтамасыз етуге, дұрыс пайдалану мен күтiп ұстауға арналған оқу-материалдық база қосылады.
<*> . "Материалдық құралдар" дегенiмiз - осында және бұдан әрi - қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, ракетаның, оқ-дәрiнiң, жанар-жағар май материалдарының, арнаулы сұйық заттың барлық түрлерi, азық түлiк, зат, инженерлiк, химиялық мүлiк және Республикалық ұланның қажетiн қанағаттандыру үшiн пайдаланылатын басқа да материалдық құрал-жабдықтар.
35. Әскери шаруашылықты Республикалық ұланның қолбасшысы ұйымдастырады және басшылық етедi. Бұл басшылықты ол тiкелей өзi, штаб, өзiнiң орынбасарлары және қызмет бастықтары арқылы жүзеге асырады.
36. Ұланның лауазымды адамдары әскери шаруашылықты ұйымдастыру, қару-жарақты, техниканы, мүлiктi және басқа материалдық құралдарды есепке алу мәселелерi жөнiнде Қарулы Күштердiң әскери (кеме) шаруашылығы туралы ереженi басшылыққа алатын болсын.
37. Ұланды материалдық-техникалық құралдардың барлық түрлерi бойынша тылдық және көлiктiк қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi мен Ауыл шаруашылық министрлiгi ұйымдастырады және жүзеге асырады.
38. Үйлердi, ғимараттарды, коммуналдық шаруашылықты, тұрғын үйлер мен қызметтiк үй-жайларды, инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, күтiп ұстау мен жөндеудi, жеке адам құрамының қызмет бабындағы және
мәдени-тұрмыс қажеттерiне арналған жиҺаздар мен мүкәммал сатып алуды республиканың әскери-сауда басқармасы және сауда жабдықтау органдары органдары арнаулы мақсатпен жүзеге асырады. II. Автотехникамен қамтамасыз ету 39. Автотехникамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде Ұланның лауазымды адамдары Қарулы Күштердiң Автомобиль қызметi жөнiндегi нұсқауын басшылыққа алатын болсын. 40. Машиналарды пайдалануды жақсарту және мемлекеттiк қаржыны жұмсаған кезде шығынды анықтау мақсатында автомобиль техникасының моторесурсын жұмсаудың республиканың Министрлер Кабинетi бекiткен жылдық нормасы белгiленедi. Бiр машинаға моторесурс жұмсаудың негiзгi нормасы былайша белгiленедi: ---------------------!----------------------------------------------- Машинаның түрлерi, ! Пайдалану топтары моторесурс ! ----------!---------!-----------!------------- өлшемiнiң атауы ! жауын- ! саптық ! көлiктiк ! оқу- ! герлiк ! ! ! жаттығу ---------------------------------------------------------------------- ! ! ! ! Автомобильдер: жеңiл, км - - 60000 48000 жүк, км 6000 6000 30000 48000 арнаулы, км 4000 4000 14000 16000 олардың iшiнде: жолаушылар автобустары және шағын автобустар, су және азық-түлiк таситын автомобильдер, авторефрижераторлар - - 60000 - Қалған техникаға моторесурс жұмсаудың жылдық нормасын белгiлеген кезде Қарулы Күштердiң бұйрығы басшылыққа алынсын. III. Жанар-жағар май материалдарымен және мүлiкпен қамтамасыз ету
41. Моторесурс жұмсаудың бекiтiлген жылдық нормасына сәйкес жанар-жағар май материалдары мен арнайы сұйық заттар жұмсаудың Қарулы Күштердiң нормативтi актiлерiнде көзделген нормасы белгiленедi. Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету республикалық қордан бөлiнген лимит негiзiнде ұйымдастырылсын.
IV. Азық-түлiкпен қамтамасыз ету
42. Республикалық ұланның жеке құрамын азық-түлiкпен жабдықтау жалпы әскери жеке армияның азық-түлiк қызметi арқылы, бейбiт кезде солдаттар, сержанттар, прапорщиктер мен офицерлер үшiн бiрыңғай норма бойынша ай сайын осы нормамен азық-түлiк үлесiн немесе ақшалай өтемiн бере отырып, Қарулы Күштердi азық-түлiкпен қамтамасыз ету туралы ережеге сәйкес ұйымдастырылады, отбасы мүшелерi есепке алынбайды:
дайын тамақ үлесiмен - N 10 норма бойынша
негiзгi тамақ үлесiмен - N 1 норма бойынша тәулiгiне
қосымша берiледi:
ет - 15 г.
жартылай қақталған ет - 50 г.
сыр - 25 г.
кофе сусыны - 2 г.
қойыртылған сүт - 20 г.
V. Киiм-кешекпен, моншамен және кiр
жуатын орынмен қамтамасыз ету
43. Жеке құрамды киiм-кешекпен, моншамен және кiр жуатын орынмен қамтамасыз ету жеке жалпы әскери армияның киiм-кешек қызметi арқылы, Қарулы Күштердiң нормаларына сәйкес ұйымдастырылады:
N 1 - солдаттар мен сержанттар үшiн: N 21 - жылы киiммен, жабдықтармен және төсек-орынмен жабдықтау; N 22 - жауынгерлiк машиналардың экипажы үшiн; N 23 - автомобиль техникасына қызмет көрсететiн жеке құрам үшiн; N 27 - күзет киiмiмен жабдықтау; N 28 - санитарлық-шаруашылық мүлiкпен жабдықтау; N 40 - Әуе десант әскерiнiң жеке құрамын жазғы киiм-кешекпен жабдықтау; N 54 - азық-түлiк қызметiндегi жұмыстағы жеке құрам үшiн; N 55 - түрлi арнаулы жұмыстарды орындауға киетiн арнаулы киiммен жабдықтау; N 63, 64 - арнаулы қызмет киiм-кешегiмен жабдықтау; N 66 - құрметтi қарауыл роталарының әскери қызметшiлерiн киiмнiң ерекше парадқа киетiн түрiмен жабдықтау.
44. Құрметтi қарауыл ротасының және оркестрдiң қатардағы және сержанттық құрамына киiм-кешек сапасы жағынан кiшi офицерлiк құрамға берiлетiн матадан тiгiледi.
45. Республикалық ұланның жеке құрамының киiм формасының сыртқы ерекшелiгi Әуе десант әскерлерiнiң беретi және қызыл түстi погондары бар киiм формасы болып табылады.
46. Қатардағы және сержанттық құрам үшiн парадтық және күнделiктi тағатын погондар мерзiмнен тыс қызметтiң әскери қызметшiлерi погондарының үлгiсi бойынша белгiленедi: погонның жиегiнен 20 мм жерге биiктiгi 25 мм алтын түстi "РГ" әрiптерi жазылады.
47. Ұланның жеңге тағатын белгiсi барлық әскери қызметкерлер үшiн парадқа киетiн, күнделiктi киетiн, жорыққа киетiн және арнайы киiмнiң сол жақ жеңiне тағып жүру үшiн белгiленген.
48. Спорттық құрал-сайманмен, мүлiкпен және жабдықпен қамтамасыз ету Қарулы Күштерде көзделген нормаға сәйкес жүзеге асырылады.
VI. Тұрғын үймен және казармалық
құрал-сайманмен қамтамасыз ету
49. Ұланды жиhазбен және казармалық құрал-сайманмен қамтамасыз ету республиканың сауда-жабдықтау органдары арқылы Қарулы Күштер үшiн белгiленген норма бойынша ұйымдастырылады.
50. Мiндеттi әскери қызметке шақырылған Ұланның қатардағы және сержанттық құрамы, оның iшiнде контракт бойынша қызмет атқаратындар алғашқы үш жыл iшiнде қызметтiң бүкiл мерзiмi кезiнде жатақхана түрiндегi үйлерде тұратын болады. Контракт бойынша қызметiн ұзартқысы келетiн қатардағы жауынгерлер мен сержанттарға контракт алғаш ұзартылған кезде 7 жылға қызмет бабындағы тұрғын үй алаңы берiледi. 10 жыл және одан да көп қызмет еткендерге тұрғын үй алаңы ордермен қоса берiледi.
51. Прапорщиктер қызметтiң алғашқы 5 жылы iшiнде қызмет бабындағы тұрғын үй алаңымен қамтамасыз етiледi. Бұдан кейiн контракттың ұзартылуына қарай тұрғын үй алаңы ордермен бiрге берiледi.
52. Офицерлiк құрамды тұрғын үймен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
VII. Сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету
53. Ұланның жеке құрамын және олардың отбасы мүшелерiн сауда-тұрмыстық қамтамасыз етудi республиканың Сауда министрлiгi мен әскери сауда басқармасы әскери қалашықтардың территориясында салынған сауда-тұрмыстық кешендер арқылы ұйымдастырады.
VIII. Медициналық қамтамасыз ету
54. Ұланның жеке құрамын медициналық қамтамасыз етудi, медициналық мүлiкпен және дәрi-дәрмекпен жабдықтауды Республиканың Денсаулық сақтау министрлiгi мен жеке жалпы әскери армияның медициналық қызметi жүзеге асырады. Әскери қызметшiлерге және олардың отбасы мүшелерiне мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету 141 гарнизондық емхана, 1226 әскери госпиталь және республика Iшкi iстер министрлiгiнiң госпиталы арқылы ұйымдастырылады.
IХ. Қаржымен қамтамасыз ету
55. Ұланның оперативтiк-қызметтiк жұмысын, жауынгерлiк әзiрлiгiн жүзеге асыруы үшiн, жеке құрамды ақшамен қамтамасыз ету үшiн, техника мен қару-жарақты пайдалану мен жөндеу, шаруашылық, мәдени тұрмыстық және басқа қызмет көрсетуi үшiн керектi қаржыға деген қажетi белгiленген тәртiппен бекiтiлген сметаға сәйкес қанағаттандырылады. Ұлан ассигнование есебiмен республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
56. ТМД-ның Бiрiккен Қарулы Күштерi бас қолбасшысының 1992 жылғы 12 наурыздағы N 015 бұйрығымен жарияланған лауазымдық жалақылар мен әскери атағы бойынша жалақылар Ұланның әскери қызметшiлерi үшiн былайша белгiленедi:
- офицерлiк құрамның адамдары үшiн - жай лауазымдар бойынша белгiленген лауазымдық жалақылардан 20 процент артық;
- прапорщиктер үшiн - тарифтiк разряд бойынша белгiленген лауазымдық жалақылардан 30 процент артық:
- қызметiн контракт бойынша өтейтiн солдаттар, сержанттар мен старшиналар үшiн тарифтiк разрядтарға сәйкес лауазымдық жалақылар белгiленген;
- мерзiмдi қызметтiң солдаттары, сержанттары мен старшиналары үшiн - ақшалай берiлетiн жалақылар 2 есе көбейтiледi.
Әскери қызметтi контракт бойынша өтейтiн офицерлiк құрам адамдарының, прапорщиктер мен сержанттардың, старшиналардың әскери атағы бойынша жалақылары 20 сомға көбейтiледi.
Х. Зейнетақымен қамтамасыз ету және жәрдемақы
57. Ұланның әскери қызметшiлерi әскери қызметтен босағаннан кейiн және өзiнiң қызмет бабындағы мiндетiн өтеу кезiнде қаза болған әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамтамасыз ету хұқына Қазақстан Республикасының Үкiметi қолданылып жүрген заң актiлерi негiзiнде кепiлдiк бередi.
58. Ұланның әскери қызметшiлерiне және олардың отбасы мүшелерiне әскери қызметтен босаған кезде ақшалай жәрдемақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiнде көзделген жәрдемақы мен өтемақы төленедi.
59. Ұланның әскери қызметшiлерi Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi үшiн заңда белгiленген барлық хұқықтармен және жеңiлдiктермен пайдаланады.