Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт жөнiндегi кеңес туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 4 мамыр N 2265. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.07.16. N 3067 Жарлығымен. ~U963067


     Қаулы етемiн:
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт
жөнiндегi кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
                                 Қазақстан Республикасы
                                    Президентiнiң
                                 1995 жылғы 4 мамырдағы
                                    N 2265 қаулысымен
                                        Бекiтiлген


               Қазақстан Республикасы Президентiнiң
             жанындағы Спорт жөнiндегi кеңес туралы
                          Ереже

               I. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт жөнiндегi кеңес министрлiктер мен ведомстволардың, қоғамдық бiрлестiктердiң республикада бұқаралық дене мәдениетi мен спортты дамыту мәселелерiне қатысты келiсiлген iс-қимылдары бойынша

ұсыныстар әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
     2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт
жөнiндегi кеңестiң құрамына мына мемлекеттiк комитеттердiң, 
министрлiктердiң, ведомсвтолар мен қоғамдық бiрлестiктердiң:
     Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгiнiң;
     Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң;
     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң;   
     Қазақстан Респубикасы Қорғаныс министрлiгiнiң;
     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң;
     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң;
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетiнiң;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қорының;
     Қазақстан Республикасы Ұлттық студенттiк спорт одағының;
     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Армияның
орталық спорт клубының;
     Қазақстан Республикасының  ААФЕЖҚ Орталық Комитетiнiң;
     Қазақстан Республикасы кәсiподақтарының ерiктi дене
мәдениетi-спорт қоғамы орталық кеңесiнiң;
     Қазақстан Республикасы "Қайрат" селолық дене 
мәдениетi-спорт қоғамының;
     "Динамо" дене мәдениетi-спорт қоғамының орталық кеңесiнiң;
     республикалық "Өркен" спорт клубының;
     республикалық "Энергетик" дене мәдениетi-спорт клубының;
     республикалық "Металлург" дене мәдениетi-спорт клубының;
     республикалық "Локомотив" дене мәдениетi-спорт клубының
басшылары кiредi.
     3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт
жөнiндегi кеңестiң төрағасы Қазақстан Республикасы Премьр-министрiнiң
орынбасары, ал оның орынбасары-Қазақстан Республикасы Жастар
iсi, туризм және спорт министрi болып табылады.

             II. Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                 жанындағы Спорт жөнiндегi кеңестiң
                   мiндеттерi мен функциялары



      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт жөнiндегi кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
      мүдделi ұйымдардың, министрлiктер мен ведомстволардың бұқаралық дене мәдениетi мен сауықтыру жұмысын және спортты дамытуға, республикада жоғары жетiстiктерге жетуге бағытталған негiзгi көзқарастарын айқындау және күш-жiгерiн үйлестiру;
      спорт түрлерiн дамыту, ұлттық және халықтық спорт пен ойын түрлерiн кең тарату, "Денсаулық" дене мәдениетi мен сауықтыру кешенiн енгiзу, олимпиада резервiн және штаттағы ұлттық құрама командалар үшiн бiлiктiлiктi жоғары спортшылар дайындау жөнiндегi жұмысты үйлестiру;
      спорт шараларын өткiзу және республикалық халықаралық жарыстарға, республикада және сырт жерлерде спорт және дене мәдениетi мен сауықтыру шараларына қазақстандық дене шынықтырумен шұғылданушылар мен спортшылардың қатысуын қамтамасыз ету;
      дене мәдениетi мен спорттың материалдық базасын нығайту, республиканың спорт индустриясын дамыту шараларын қолдану;
      ведомстволық иелiгiне қарамастан республикадағы спорт құрылғыларын пайдаланудың неғұрлым тиiмдi нысандарын белгiлеу;
      министрлiктер мен ведомсвтоларды, қоғамдық ұйымдарды, меншiктiң әр түрлi нысанындағы кәсiпорындарды және жекелеген азаматтарды қазақстандықтардың дене даярлығын жақсартуға, оларды дене мәдениетiмен және спортпен үзбей шұғылдануға баулуға бағытталған белсендi жұмыстарға қатыстыру;
      үйлесiммен жетiлу, денсаулықты сақтау және толыққанды еңбек қызметiн сақтау үшiн спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығы туралы халық арасында әсiресе жастар арасында насихат-түсiнiк жұмысы;
      дене мәдениетi мен спортты дамытудың мемлекеттiк

бағдарламасының жергiлiктi және ведомстволық бағдарламалармен
өзара байланысы мен өзара ұштастырылуын нығайту;
     iскерлiк, өнеркәсiптiк, мемлекеттiк, еңбек ұжымдарына
халықтың дене мәдениетi мен денсаулығын жақсартуға, осы 
мақсаттарға арналған материалдық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған 
бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу жөнiнде ұсыныстар
мен кеңестер әзiрлеу болып табылады.
       
               III. Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                    жанындағы Спорт жөнiндегi кеңестiң
                  жұмысын ұйымдастыру және оның құрылымы

     5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт 
жөнiндегi кеңес өз мәжiлiстерiн қажетiне қарай, бiрақ кемiнде 
тоқсанына бiр рет өткiзiп тұрады.
     6. Кеңестiң мәжiлiстерi оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң
жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болып
саналады.
     7. Кеңес мәжiлiстерiнiң шешiмдерi жай дауыс санымен қабылданады.
     8. Кеңес мәжiлiсiнiң қорытындысы ұсыныс сипатындағы шешiм
түрiнде ресiмделедi.
     9. Кеңес төрағасы:
        Кеңестiң тiзiмдiк құрамын бекiтедi;
        Кеңес қызметiн басқарады;
        Кеңес жұмысындағы алқалылықты қамтамасыз етедi;
        төрағаның екi орынбасарының, жауапты хатшының арасында 
мiндеттердi бөлiп, олардың қызметiн үйлестiредi.
          Кеңес атынан Қазақстан Республикасында дене мәдениетi
мен спортты дамытуға үлкен үлес қосқан ұйымдар мен жеке тұлғалардың
жұмысын атап көрсетедi.


      10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Спорт жөнiндегi кеңестiң жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмi болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады