"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыптағы "бақылау" деген сөз "мониторингтеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы, басшы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша)";
2-тармақтағы "бақылауды" деген сөз "мониторингтеуді" деген сөзбен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуының жай-күйі туралы жартыжылдық есеп ұсынсын.
5. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын.".
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |