Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынас негіздері туралы

Жаңа

Декларация 2001 жылғы 14 қараша. Астана қаласы. 2001 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енді.

      Бұдан әрі "екі Ел" деп аталатын, Қазақстан Республикасы мен Словак Республикасы,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Хельсинки Қорытынды актісінің мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      достық қатынасты нығайту және өзара мүдделілік тудыратын барлық салаларда ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:
      - екі Ел өздерінің өзара қарым-қатынасын теңдік, бір-бірінің егемендігін құрмет тұту және дауларды бейбіт жолмен шешу қағидаттары негізінде дамытады және нығайтады;
      - екі Ел өздерінің арасында саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық байланыстарды орнатуға, екі жақты және халықаралық проблемалар жөнінде консультациялар өткізуге ықпал етеді;
      - екі Ел халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемде болып жатқан демократиялық қайта жаңаруларды нығайту мен тереңдетуге тығыз байланысты екеніне кәміл сенімді;
      - екі Ел сенім білдіру мен қауіпсіздік ахуалын, ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтуға, жанжалдардың алдын алуға, сондай-ақ Еуропа мен Азиядағы және әлемнің басқа да бөліктеріндегі адам құқығы мен азшылықтың құқықтарын құрмет тұтуға жәрдемдесуге ұмтылатындықтарын растайды;
      - екі Ел халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы екі жақты негіздегі, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты және күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап көрсетеді;
      - екі Ел нарықтық экономика тетіктерінің тиімді жұмыс істеуінің мүддесі жолында қолға алынып жатқан іс-қимылдарға өзара қолдау көрсетуге ниеттерін білдіреді;
      - екі Ел өздерінің бұдан былайғы экономикалық дамуында, әсіресе инвестициялар тарту мен осы заманғы технология, сауда, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды рөл атқаратынына сенімді;
      - екі Ел әлемдік қауымдастықтың ғаламдық міндеттерінің бірі қоршаған ортаны қорғау мүддесі жолындағы белсенді ынтымақтастық және экологиялық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған шаралар қабылдау, сондай-ақ осы саладағы халықаралық бақылауды күшейту болып табылады деп есептейді;
      - екі Ел мәдениет, білім, ғылым, туризм, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын құптайды және осы салалардағы екі жақты қатынасты дамыту үшін күш-жігер жұмсайтын болады;
     - екі Ел екі жақты қатынастың шарттық-құқықтық негізін одан әрі дамытуға және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға күш-жігер жұмсайды.

     Астанада 2001 жылғы 14 қарашада әрқайсысы қазақ, словак және орыс тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды.

                                                     (Қолдары)    

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады