(2012 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 31-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы,
Тараптардың өзара түсініктері және сыйластықтары негізінде
бір бірімен ұйымдастырушылық және әкімшілік әлеует негізінде
екі жақтың өзара сауда жасау туралы ақпарат облысында ынтымақтастықты нығайтуға ұмтыла отырып,
өзара сауда жасау бойынша деректермен алмасуды пайдалы дамытуға көмектесетіндігін мойындай отырып,
саудалық келіссөздерді жүргізу үшін сыртқы сауда бойынша тараптардың нақты және салыстырмалы деректерінің маңыздылығын мойындай отырып
1997 жылғы 26 қыркүйектегі кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімді басшылыққа ала отырып,
төменде көрсетілгендер туралы келісті:
1-бап
Тараптар сыртқы сауданың кедендік статистиканы қалыптастыру және статистикалық ақпараттарды талдау облысында өзара консультацияны жүргізеді және методологиялық әзірлемелермен алмасуды жүргізетін болады.
2-бап
Тараптар үш айда бір рет Осы хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес берілетін деректердің құрылымына сәйкес үндестірілген жүйелердің (HS) 6 белгісі деңгейінде өзара сауда жасау бойынша деректермен алмасатын, сондай-ақ, қорытынды жылдық деректермен алмасатын болады.
Деректерді Тараптар электрондық мекенжай және/немесе CD-диск бойынша беріледі, байланыс деректері Осы хаттамаға 2-қосымшада көрсетілген.
3-бап
Әрбір тарап басқа Тараптың жазбаша өтініші бойынша Осы хаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеке тауар топтары бойынша берілетін деректер құрылымдарына сәйкес өзара сауда жасау статистикаларының бар көбірек айырмашылықтары бойынша тауарларға қатысты ақпаратты беретін болады.
4-бап
Өзара сауда жасаудың деректерін салыстыру 2010 жылғы 16 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының тауарлармен өзара сауда жасау кедендік статистика деректерін салыстыру талдауын жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптар айырмашылықтардың болу себептерін көрсете отырып өзара сауда жасау туралы деректерді салыстыру нәтижелері туралы бір-бірлерімен ақпарат алмасуды, күндерді анықтай отырып кездесулерді жүйелі түрде жүргізуге міндетті.
5-бап
Тараптар арасында хат алмасу орыс не ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
6-бап
Тараптардың бірінің жазбаша келісімінсіз Осы хаттамаға сәйкес ұсынылған статистикалық деректер үшінші тұлғамен жариялана және таратыла алмайды, сондай-ақ, сот немесе әкімшілік тексерулерде дәлелдеме ретінде қолданыла алмайды.
7-бап
Осы хаттаманы түсіндіруге және қолдануға байланысты туындауы мүмкін барлық сұрақтар өзара консультациялар және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
8-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша Осы хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы хаттаманың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды және егер тиісті бес жыл кезеңінің өтуіне дейін алты айға дейін Осы келісімді тоқтату ниеті туралы Тараптардың бірі жазбаша хабарламаны жолдамаса автоматты түрде келесі бес жыл кезеңге ұзартылатын болады.
10-бап
Осы хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2012 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласында жасалды, екі данада, әрқайсысы қазақ, орыс және қытай тілдерінде, барлық мәтіндердің күштері бірдей.
Осы хаттаманың ережелерін түсіндіру мақсатында мәтін орыс тілінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қытай Халық РеспубликасыБас кеден басқармасы |
(Қолдары)
Берілетін деректердің
ҚҰРЫЛЫМЫ
№ | Алмасатын деректердің атауы | Сипаттамалық деректер (саны бойынша есепке алу) |
1 | 2 | 3 |
1. | Шығарылған елі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
2. | Алушы елі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
3. | Жөнелтуші елі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
4. | Күнтізбелік жылы/айы | Сипаттамалық деректер |
5. | Көлік түрі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
6. | Кеден органы | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
7. | Шекарадағы кеден | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
8. | Тауар | СЭҚ 6 белгісі |
9. | Салмағы, нетто | килограмм |
10. | Қосымша өлшем бірлігінің коды (негізгі) | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
11. | Қосымша өлшем бірлігіндегі саны | |
12. | Қосымша өлшем бірлігінің коды | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
13. | Тауардың статистикалық құны | АҚШ доллары |
Байланыс деректері
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті | ҚХР бас кеден басқармасы |
Тәуекелдерді талдау және статистикасы басқармасы |
Статистика департаменті |
Жеке тауар топтары бойынша берілетін деректердің
ҚҰРЫЛЫМЫ
№ | Алмасатын деректердің атауы | Сипаттамалық деректер (саны бойынша есепке алу) |
1. | Шығарылған елі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
2. | Алушы елі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
3. | Жөнелтуші елі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
4. | Күнтізбелік жылы/айы | Сипаттамалық деректер |
5. | Көлік түрі | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
6. | Кеден органы | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
7. | Шекарадағы кеден | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
8. | Тауар | СЭҚ 6 белгісі |
9. | Салмағы, нетто | килограмм |
10. | Қосымша өлшем бірлігінің коды (негізгі) | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
11. | Қосымша өлшем бірлігіндегі саны | |
12. | Қосымша өлшем бірлігінің коды | Пайдаланушы елдің жіктеуішіне сәйкес |
13. | Тауардың статистикалық құны | АҚШ доллары |
14. | Көлік құралын тіркейтін елі және сәйкестендіруі | Көлік құралының нөмірі және шығарылған елі |
15. | Тауарды шығару күні | Күні/айы/жылы |