(2017 жылғы 7 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 44-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Грузия Қаржы министрлігі,
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы 2014 жылғы 20 наурыздағы келісімді басшылыққа ала отырып,
өз мемлекеттерінің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында, Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы саудаға ықпал ету үшін шарттармен қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекаралары (бұдан әрі - шекара) арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылаудың тиімділігін көтеру қажеттігін мойындай отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік кеден ұйымының нормаларын, стандарттарын және нұсқаулықтарын, сондай-ақ ақпараттық алмасудың халықаралық тәжірибесін басшылыққа ала отырып,
шекарада кедендік бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдай жасауғ а ұмтыла отырып,
шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын, оларды әкелу орындарында сияқты және Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы межелі кеден органдарында кедендік ресімдеудің рәсімін жеделдету мақсатында,
2005 жылы маусымда Дүниежүзілік кеден ұйымының мақұлдаған Халықаралық сауда рәсімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оңайлату Негіздемелік Стандарттарын іске асыруға тәсілдерді пысықтауды көздеп,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Алдын ала мәліметтер - кедендік операцияларды және рәсімдерді жүзеге асырғаннан кейін кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдары туралы Тараптардың уәкілетті органдары электрондық түрде беретін ақпарат.
Тараптар мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін алдын ала аппарат алмасуды жүзеге асырады:
Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарында тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялардың жасалуын жылдамдату;
кедендік операциялар мен кедендік рәсімдерді жасау үшін қажетті құжаттардың санын қысқарту;
тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тауарлар туралы ақпаратты талдау негізінде тауарларды кедендік бақылау нысандары мен әдістерін пайдалануды төмендету.
Ақпараттық алмасудың техникалық шарттары ақпараттық жүйелерді пайдаланумен Тараптардың уәкілетті органдары алмасатын электронды хабарламалардың құрылымын, форматын және мәліметтердің құрамын, алмасу регламентін, алмасу тәсілін, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық және техникалық құралдарына талаптарын айқындайтын құжат.
2-бап
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады;
Грузия тарапынан - Грузия Қаржы министрлігінің Кірістер қызметі.
Жоғарыда аталған уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда, Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін уақытылы хабардар етеді.
3-бап
Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы мен Грузия кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды және рәсімдерді жүзеге асыру кезінде, олар алған мәлімет алмасуды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Алдын ала мәліметтер тиісті кедендік рәсім (экспорт, транзит және бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін тез арада межелі Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдары өткізілгенге дейін жолданады.
Алдын ала мәліметтермен алмасу тікелей уәкілетті органдардың арасында, олардың құзыреті шегінде және олардың мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
Осы Келісімге сәйкес алынған ақпараттар құпия сипатқа ие және тек кедендік мақсаттар үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Басқа мақсаттар үшін, ол тек оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімімен ғана пайдаланылуы мүмкін.
Тараптар Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және қатысушылары Тараптар мемлекеті болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес осы Келісімнің шеңберінде алынған ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етеді.
5-бап
Осы Келісімнің 3-бабының ережелерін іске асыру үшін Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының басшылары бекітетін Техникалық шарттарды әзірлейді.
Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары Техникалық шарттарға сәйкес мәліметтер көлемінде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты алдын ала мәліметтерді ұсынады.
6-бап
Уәкілетті органдар алдын ала мәліметтермен алмасудың нәтижесінде алынған ақпараттарда анықталған кез-келген дұрыс емес жағдайлар туралы бір-бірін хабардар етеді.
7-бап
Тараптар бір-бірін:
ақпараттық алмасудың техникалық шарттарын және коммуникация құралдарын, деректерді өңдеу және беру технологиясын, сондай-ақ ақпараттарды қорғау бойынша талаптарды әзірлеуді және келісуді жүзеге асыратын;
алдын ала мәліметтердің тауарлардың нақты партиясына және (немесе) нақты көлік құралына байланыс тәсілін келісетін;
алдын ала мәліметтермен алмасуда жауапты болып табылатын өзінің құзыретті құрылымдық бөлімшелері туралы хабардар етеді.
8-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттері арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтермен электрондық алмасудың технологиясын пысықтау үшін тестілеу сынақты жүзеге асырады.
Уәкілетті органдар хат алмасу жолымен алдын ала мәліметтерді берудің тәртібін, деректердің құрылымы мен нышанын, алдын ала мәліметтерді қорғау бойынша талаптарды, алдын ала мәліметтердің негізгі технологиялық қағидаттарын, нақты тауарлар және көлік құралдарымен алдын ала мәліметтерді сәйкестендіру тәртібін, оларға қатысты алдын ала мәліметтермен алмасу жүзеге асырылатын көлік түрін, тестілеу сынағы жүзеге асырылатын Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесін, сондай-ақ оларды іске асыру мерзімдерін келіседі.
Осы бапта көрсетілген мәселелер келісілгеннен кейін, Тараптар қажетті ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды жүргізеді және бір-бірін тестілеу сынағын жүзеге асыруды бастауға дайын екені туралы жазбаша хабардар етеді.
Алдын ала мәліметтермен алмасу бойынша тестілеу сынағын жүзеге асыру мерзімі алты айды құрайды. Бұл мерзім қажет болған жағдайда Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
9-бап
Тестілеу сынағының аяқталуы бойынша уәкілетті органдар тұрақты негізде алдын ала мәліметтермен алмасуды бастау туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті органдар бір-бірін тұрақты негізде алдын ала мәліметтермен алмасуды бастауға дайын екендігі туралы жазбаша хабардар етеді.
10-бап
Осы Келісімді іске асыру мақсатында уәкілетті органдар консультация жүргізеді, алдын ала мәліметтермен алмасу үшін қажетті ақпараттық анықтамалық материалдарды бір-біріне ұсынады.
11-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және 13-бапта белгіленген тәртіпте күшіне енеді.
12-бап
Осы Келісімді талқылау және қолдану кезінде Тараптар арасында туындаған кез келген даулар консультация және/немесе келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
13-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тараптардың кез келгені дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа жазбаша хабарлау жолымен осы Келісімнің қолданылуын тоқтатуы мүмкін. Осы Келісім басқа Тараптың жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
2017 жылғы 7 маусымда Тбилиси қаласында, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.
Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының |
Грузия Қаржы министрлігіүшін |
(Қолдары)