Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Мәдениет және қоғамды ағарту министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім, 2018 жылғы 4 шілде

      (2018 жылғы 4 шілдеден бастап уақытша қолданылады - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 5, 58-құжат)

      Бұдан әрі “Тараптар” деп аталатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Мәдениет және қоғамды ағарту министрлігі,

      Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық арқылы екі ел халықтарының арасындағы достық қарым-қатынастарды, өзара түсіністікті нығайтуға ынталандыру мақсатында,

      Тараптар мемлекеттерінің мәдениетін өзара зерттеуді, сондай-ақ мәдени диалогтың маңыздылығын және рөлін, достық пен ынтымақтастықты нығайтумен ұлттық сәйкестікті сақтаудағы мәдени іс-әрекеттерді мойындай отырып,

      Тараптар келесі өзара түсіністікке келісті.

1-бап

      Осы Келісімді жасасқаннан кейін, Тараптар екі ел арасындағы мәдениет пен енер саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі Тарап арасындағы ынтымақтастығының берік негізін құруға тырысады.

2-бап

      Тараптар кинематография, кітапхана және мұражай ісі, өнер және қолөнер, тарихи-мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

3-бап

      Тараптар ақпарат, театр, музыка, кинематография, тарихи-мәдени мұра, кітапхана және музей ісі саласында, орындаушылар мен сарапшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызады.

4-бап

      Тараптар басқа Тараптың мәдениетін, тілін, әдебиетін зерделеуге ықпалдасады.

5-бап

      Мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында әр тарап Елшіліктің басшылығымен келісе отырып, қабылдаушы мемлекетіне мәдени орталықты ашуға және қажетті көмекті белгілей алады.

6-бап

      Тараптар осы Келісімге сәйкес зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету үшін Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қабылдайды.

7-бап

      Тараптар өзара қызығушылық тудыратын басылымдармен аудармаларды жүзеге асырады.

8-бап

      Егер екі тараптан тікелей немесе дипломатиялық арналар арқылы құзыретті лауазымды адамдар арасында өзгеше келісілмесе, осы Келісімде көзделген мәдени шараларға қатысу осы шарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

      Жіберуші Тарап қабылдаушы тарапқа академиялық және кәсіптік біліктілігіне қатысты қажетті ақпаратты, және де қабылдаушы тараптың аттары, кәсіби және ғылыми атаулары, көркем атаулары мен атаулары, сапар ұзақтығы сияқты басқа да ақпаратты ұсынады.

      Жіберуші Тарап жоспарланған сапарды жазбаша расталуы арқылы болу кезеңі туралы келіседі.

      Жіберуші Тарап келу және ұшу күндері туралы хабарлайды, екі жақтың лауазымды тұлғалары мен қатысушыларын, күндерді, уақытты және орынды, және де қаржылық шығындарды көрсете отырып, іс-шараларды өткізу туралы келіседі.

      Жіберуші Тарап осы келісімге қатысты қатысушыларды, іс-шара өткізілетін қалаға (егер бұл мүмкін емес болса, халықаралық әуежайы бар жақын қалаға) жібереді.

      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдаушы елдің медициналық мекемелерінде тұрмыстық және ішкі көлік шығындарын, және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, бірақ медициналық көмек пен хирургиялық операцияларды қамтамасыз ету ұзақ мерзім негізде шығындарды көтермейді.

9-бап

      Тараптар осы Келісімде барлық бастамалар ұлттық заңнамаға сәйкес және мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына қайшы келмейтін қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

10-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.

11-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі және жеке хаттамамен ресімделеді.

12-бап

      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы (6) алты ай өткеннен кейін екінші Тарапты оны тоқтату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлама жіберсе, келісім тоқтатылады.

      Келісім тоқтатылса, бұрын жоспарланған іс-шаралардың орындалуына әсер етпейді, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса.

      2018 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқалық данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде даулар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігі
Біріккен Араб ӘмірліктерініңМәдениет және қоғамдыағарту министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады