* Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 67-құжат.
Қазақстан Республикасының Yкiметi (төменде "Yкiмет" деп аталады) мен Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Федерациясы (төменде "Халықаралық Федерация" деп аталады), Орта Азияның бес республикасы жерiндегi ізгілiктi жәрдемдi үйлестiру мақсатымен Халықаралық Федерацияның Алматыда өзiнiң Аймақтық өкiлдiгiн (төменде "Өкiлдiк" деп аталады) құруын құптай отырып,
бұл Өкiлдiк пен оның қызметкерлерiнiң мiндеттерiн айқындау үшiн, сондай-ақ оның тиiмдi қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшiн ресми келiсiм жасалуы қажеттiгiн ескере келiп,
мыналар жайында келiсiм жасасты:
1-бап
1. Өз қызметiн атқару мен мақсатына жету үшiн Халықаралық Федерация Қазақстан Республикасының жерiнде заңды хақылық иесi болып табылады әрi ол шарттар жасасуға, айналысқа түспейтiн және түсетiн мүлiк сатып алуға, оны пайдалануға, сондай-ақ сотта iс қозғауға хақылы.
2. Осындай мақсатпен Алматыдағы Өкiлдiк халықаралық ұйымның аймақтық бөлiмшесi ретiнде құзырлы өкiмет органы арқылы мiндеттi түрде тiркелуi тиiс.
2-бап
1. Халықаралық Федерация өзiнiң Өкiлдiгi арқылы Қазақстан Республикасының барлық жерiнде өз Жарғысы мен Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының негiзгi қағидаларына сәйкес оның iзгiлiктi iс-әрекетiн орындауы үшiн қажет деп саналатын қызмет түрлерiмен айналысуға хақылы.
2. Өкiлдiк өз қызметiн Орта Азияның бес республикасының жерiнде сол Мемлекеттер үкiметiнiң келiсiмi бойынша өрiстетуге хақылы.
3. Yкiмет Халықаралық Федерация мен оның Өкiлдiгiнiң ізгiлiктi қызметiне бар мүмкiндiктi пайдалана отырып көмектеседi. Атап айтқанда, ол Өкiлдiктiң кез келген ұлтаралық iстердi, қатынастар мен байланыстарды жүзеге асыруына көмектесiп, мәселелердi шешедi.
3-бап
1. Халықаралық Федерация және оның Өкiлдiгi Қазақстан Республикасы жерiнде осы елдiң заңдарына сәйкес әрекет етедi.
2. Халықаралық Федерацияға, оның Өкiлдiгi және қызметкерлерiне кез-келген уақытта Қызыл Крест және Қызыл Жарты Айдың таңбаларын пайдалануға рұқсат етiледi.
4-бап
1. Өкiлдiк, оның мүлкi мен қаражаты қай жерде және кiмнiң құзырында екенiне қарамастан, Өкiлдiктiң өзi жеңiлдiгiнен анық бас тартқан жекелеген жағдайдан басқа кезде кез-келген соттың араласуына қарсы артықшылығын пайдаланады. Өкiлдiктiң мүлкi мен қаражатын тiнтуге, мемлекет қарамағына алуға, тәркiлеуге және атқарушылық, әкiмшiлiк немесе заң әрекеттерi арқылы кез келген қол сұғушылыққа жол берiлмейдi.
2. Өкiлдiктiң үй-жайы мен дерекжайларына (оған тиесiлi немесе құзырындағы ресми құжаттарға), мейлi, ол қай жерде орналассын, ешкiм де тиiсе алмайды.
5-бап
Қаржылық бақылау ережелер немесе қандай да бiр мораторий арқылы шектеусiз:
1. Өкiлдiк кез келген қорға немесе валютаның түрiне ие бола алады және кез келген валютамен есеп айырыса алады.
2. Өкiлдiк өзiнiң қорларын немесе валютасын бiр елден екiншi елге аудара алады және өзiнiң құзырындағы кез келген валютаны кез келген басқа валютаға айналдыра алады.
6-бап
Өкiлдiк, оның қаржылары, табыстары және басқа да меншiгi:
1. Yй-жай шаруашылығына қызмет көрсету ақысының салығынан басқа барлық тiкелей салықтан босатылады.
2. 1961 жылғы Вена конвенциясында қаралған кеден салығынан, Өкiлдiктiң қызмет бабындағы заттарды, сондай-ақ басылымдарды тасып әкелу мен әкетуде, босатылады.
7-бап
1. Өкiлдiк өзiнiң ресми байланыс құралдары үшiн почта қатынасы, каблограмма, телеграмма, телефакс, телефон және басқа да байланыс құралдарына нарық пен төлемақы белгiлегенде Yкiмет тарапынан кез келген дипломатиялық өкiлдiкке берiлетiн жеңiлдiктi пайдаланады.
2. Өкiлдiктiң ресми корреспонденциясы мен басқа да ресми хабарларына цензура жүрмейдi.
3. Өкiлдiк ұлттық халықаралық жазбаша және аудиовизуальдық бұқаралық ақпарат құралдарын еркiн пайдалана алады.
4. Өкiлдiк өзiнiң корреспонденциясын дипломатиялық шабармандар мен вализдер сияқты артықшылықпен және жеңiлдiкпен пайдаланатын шабармандар немесе вализдер арқылы жөнелтуге және алып тұруға хақылы.
8-бап
1. Өкiлдiктiң қызметкерi болып саналмайтын және қолында Халықаралық Федерацияның тиiстi куәлiгi бар Халықаралық Федерация өкiлдерiне олардың өз мiндетiн атқаруы үстiнде және Қазақстан Республикасына келуi кезiнде мынадай артықшылықтар мен жеңiлдiктер берiледi:
- жеке басын тұтқындауға, сондай-ақ олардың өкiлдiгi ретiнде жасаған iс-әрекетiне байланысты кез келген сот iстерiндегi жеңiлдiктер,
- күллi қағаздары мен құжаттарына тиiсуге болмайтындығы,
- шетелдiктердi тiркеу, иммиграциялық немесе мемлекеттiк қызметтiк бағыныштылық жөнiнде олардан шектеушiлiктi алып тастау,
- ақша немесе валюта айырбасын шектеушiлiкке байланысты дипломатиялық өкiлдiктерге берiлетiн жеңiлдiктердi пайдалану,
- жеке жүктерiне байланысты дипломатиялық өкiлдерге берiлетiн артықшылықтар мен жеңiлдiктердi пайдалану.
2. Бұл артықшылықтар мен жеңiлдiктер жекелеген адамдардың қара басының пайдасы үшiн емес, қайта олардың өздерiнiң ізгiлiктi келуiн Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының негiзгi қағидаларына сәйкес орындауды қамтамасыз етуi үшiн берiлетiндiктен, жеңiлдiктiң әдiлеттiкке жүгiнуге кедергi келтiретiн жағдайларында Халықаралық Федерация өз өкiлдерiнiң жеңiлдiктерiнен бас тартуға мiндеттi.
Халықаралық Федерация жоғарыда аталған артықшылықтарға, иммунитеттерге және жеңiлдiктерге байланысты кез келген терiс әрекеттердi болдырмауға шара қолданады.
3. Қолында Халықаралық Федерацияның куәлiгi бар адамдардың виза беру (ол қажет болған жерде) жөнiндегi өтiнiштерi, егер сол адамдардың Халықаралық Федерацияның жұмысымен бара жатқаны расталса, онда ең қысқа мерзiм iшiнде қаралады.
4. Халықаралық Федерацияның жұмысы бойынша сол Федерацияның куәлiгiмен жол жүретiн Халықаралық Федерацияның Президентi мен Бас хатшы дипломатиялық өкiлдерге берiлетiн жеңiлдiктердi пайдаланады.
9-бап
1. Өкiлдiк қызметкерлерi болып мыналар саналады:
- Халықаралық Федерацияның Бас хатшысы тағайындаған Өкiлдiк басшысы,
- Халықаралық Федерацияның Бас хатшысы тағайындаған немесе Өкiлдiктiң өзi жергiлiктi жерде алған әкiмшiлiк және техникалық қызметкерлер (мәселен, хатшылар, аудармашылар және жүргiзушiлер).
2. Өкiлдiкке қызметке тұрысымен Өкiлдiк қызметкерлерiнiң аты-жөндерi 1, 2-бапта көрсетiлген өкiмет органдарына хабарланады.
10-бап
1. Халықаралық Федерацияның Бас хатшысы тағайындаған Өкiлдiк басшысы және өкiлдер, олардың әйелдерi мен кәмелетке толмаған балалары 1961 жылғы 18 сәуiрдегi дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына лайықталған артықшылықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
Олар және олардың отбасы мүшелерi, атап айтқанда:
- жеке басына тиiспеушiлiкпен, тұтқындауға және ұстауға қарсы иммунитетпен пайдаланады,
- кез келген соттық-iстердi жеңiлдiктермен пайдаланады,
- Халықаралық Федерация төлейтiн жалақы мен сыйақыға салынатын салықтардан босатылады,
- мемлекет қызметiндегi бағыныштылықтан босатылады,
- әйелдерiмен және өз асырауындағы туысқандарымен бiрге шетелдiктердi тiркеу және иммиграция жөнiндегi шектеушiлiктен босатылады,
- валюта алмастыруға байланысты дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiне берiлетiн артықшылықты пайдаланады,
- өзiнiң әйелiмен және асырауындағы туысқандарымен бiрге ұлттық немесе халықаралық дағдарыстар кезiнде дипломатиялық өкiлдер пайдаланатын өзге елге қоныс аудару жөнiндегi жеңiлдiктi пайдаланады,
- қызметiне алғаш кiрiскенде өзiнiң жиhаздары мен дүние-мүлiктерiн салық төлемiнсiз алып келуге хақылы.
2. Жоғарыда аталған артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты 8.2-бап сондай-ақ I-пунктте көрсетiлген Өкiлдiк қызметкерлерiне де қатысты қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар немесе осы мемлекетте тұрғылықты мекен-жайы бар, жергiлiктi жерде жұмысқа алынған әкiмшiлiк және техникалық қызметкерлер дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнiң дәл осындай дәрежесiне Қазақстан Республикасы ұсынған артықшылықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады. Қазақстан Республикасы өкiлдiктiң қызметiн атқаруға нұқсан келтiрмейтiндей етiп олардың үстiнен өзiнiң заңдылық хақын жүргiзедi.
11-бап
1. Yкiмет Өкiлдiк үшiн лайықты қызмет үйiн тауып беруге, сондай-ақ Өкiлдiктiң қызметкерлерiн жайлы кеңсеге орналастыруға көмектеседi.
2. Yкiмет Өкiлдiктiң көлiк құралдарын дипломатиялық өкiлдiктiң көлiк құралдары ретiнде тiркеуге рұқсат бередi.
12-бап
Yкiмет жоғарыда аталған жайларды iске асыруды қамтамасыз ету үшiн тез арада қажеттi шаралар қолданады.
13-бап
Бiр жағы Yкiметтiң және екiншi жағы Халықаралық Федерация мен оның Өкiлдiгiнiң арасындағы осы Келiсiмнiң жүзеге асуына немесе түсiндiрiлуiне байланысты келiссөз жолымен шешiлмеген кез келген дау екi жақтың бiрiнiң өтiнiшi бойынша арбитражға берiледi. Екi жақ арбитражға өтiнiш бергеннен бастап үш айдың iшiнде арбитраждың ұйымдастыруы жайында өзара мәмiлеге келедi. Арбитраждың шешiмiн екi жақ та қорытынды шешiм деп мойындайды.
14-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм 5 жыл бойы әрекет етедi.
Осы Келiсiмнiң әрекетi Екi Жақтың бiрiнiң жазбаша хабарламасы бойынша тоқтатылуы мүмкiн. Ондай хабарлама кемiнде 6 ай бұрын жасалуы тиiс.
Егер Екi Жақтың ешқайсысы да Келiсiмнiң мерзiмi бiтуiнен 3 ай бұрын оны жою жайында жазбаша хабарлама жасамаса, онда Келiсiмнiң әрекет мерзiмi өздiгiнен ұзартылады.
Осы Келiсiмге өзгертулер мен түзетулер Yкiмет пен Халықаралық Федерация арасында хат алмасу арқылы енгiзiле алады.
Қазақ және ағылшын тiлдерiнде екi данадағы күштерi бiрдей жасалынған осы Келiсiмге Алматыда 1992 жылғы тамыздың 10-ында қол қойылды.
(Қолдары)