Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қаңтар N 97. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы  N 733  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  P991258_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде:
     34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
     "6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға;
     7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға;"
     35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
     "9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
     10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 1999 года N 1258

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2000 года N 97. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2007 года N 733

       Сноска. Постановление Правительства РК от 19 января 2000 г. N 97 утратило силу постановлением Правительства РК от 23 августа 2007 г. N  733   (вводится в действие по истечении 21 срока после официального опубликования).

      

      Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 27 августа 1999 года N 1258 "Об утверждении Правил лицензирования производства этилового спирта и алкогольной продукции, хранения и реализации этилового спирта, хранения и оптовой реализации алкогольной продукции (кроме пива), а также розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива)" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 43, ст. 388) следующие дополнения: 
      в Правилах лицензирования производства этилового спирта и алкогольной продукции, хранения и реализации этилового спирта, хранения и оптовой реализации алкогольной продукции (кроме пива), а также розничной торговли алкогольной продукцией (кроме пива), утвержденных указанным постановлением: 
      пункт 34 дополнить подпунктами 6) и 7) следующего содержания: 
     "6) реализовывать алкогольную продукцию не ниже минимальных цен, установленных Правительством Республики Казахстан; 
      7) соблюдать порядок реализации этилового спирта, установленный уполномоченным органом."; 
      пункт 35 дополнить подпунктами 9) и 10) следующего содержания: 
      "9) обеспечить сохранность учетной документации, предусмотренной нормативно-техническими актами, не менее двух лет; 
      10) предоставлять в дегустационные комиссии не менее одного раза в год образцы серийно выпускаемых этилового спирта и алкогольной продукции (кроме пива), а в случае изменения рецептуры, технологического процесса или режима производства - до внедрения продукции в серийное производство.". 
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан