Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 733 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258
P991258_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде:
34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға;
7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға;"
35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі