Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 10 ақпан N 199

      Астана қаласындағы жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждыққа пайдалану мақсатында оны жылжымайтын объектілерден босатудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласының әкіміне Астана қаласының Желтоқсан көшесі мен Жеңіс даңғылының, Абай даңғылы мен Бигелдинов көшесінің арасындағы шекарадағы босатылатын жер учаскелерінде орналасқан тұрғын үйлердің меншік иелеріне заңдарда белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де көлденең шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 200 (екі жүз) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады