Қызылорда облысы Қармақшы ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 ақпан N 209

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 11284 әскери бөлімнің жалпы алаңы 503 га, оның ішінде 303 га жайылым, құрылыстар орналасқан 200 га жерлерін және Байқоңыр қаласының жалпы алаңы 176 га, оның ішінде құрылыстар орналасқан 120 га, басқа 56 га жерлері Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақай поселкесінің шегіне енгізіліп, оның шекарасы өзгертілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігінің Құрылыс істер жөніндегі комитеті Байқоңыр қаласының бас

жоспарына тиісті өзгерістер енгізсін.

     3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі

агенттігі жер-кадастрлық құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады