"Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы N 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшін енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы
N 242 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық
сақтау мәселелері жөніндегі күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. "Қоғамдық "Халық денсаулығы" қоры туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 18 сәуірдегі N 244 қаулысы (ҚазССР ҚЖ, 1991, N 11, 75-құжат).
2. "Балалар мен жасөспірімдер арасында сауықтыру жұмыстарын жақсарту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинеті мен Қазақ ССР Кәсіподақтар федерациясы кеңесінің 1991 жылғы 27 мамырдағы N 334 қаулысы (Казахстанская правда, 1991 ж., 6 маусым, N 429).
3. "Республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 наурыздағы N 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 жыл, N 10, 190-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық мекемелерін рентгендік және флюорография таспасымен қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы N 223 P940223_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 жыл, N 12, 111-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1051 P951051_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 жыл, N 27, 314-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 582 R960582_ өкімі.
7. "Қазақстан Республикасының фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 1 қыркүйектегі N 167 өкімі.