Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 242

      "Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 қарашадағы N 1654 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшін енеді. 

    Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

                                         Қазақстан Республикасы
                                  Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы
                                         N 242 қаулысына қосымша

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық 
      сақтау мәселелері жөніндегі күші жойылған кейбір 
                шешімдерінің тізбесі 

      1. "Қоғамдық "Халық денсаулығы" қоры туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 18 сәуірдегі N 244 қаулысы (ҚазССР ҚЖ, 1991, N 11, 75-құжат). 
      2. "Балалар мен жасөспірімдер арасында сауықтыру жұмыстарын жақсарту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинеті мен Қазақ ССР Кәсіподақтар федерациясы кеңесінің 1991 жылғы 27 мамырдағы N 334 қаулысы (Казахстанская правда, 1991 ж., 6 маусым, N 429). 
      3. "Республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 наурыздағы N 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 жыл, N 10, 190-құжат). 
      4. "Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық мекемелерін рентгендік және флюорография таспасымен қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы N 223  P940223_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 жыл, N 12, 111-құжат). 
      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1051  P951051_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 жыл, N 27, 314-құжат). 
      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 582   R960582_   өкімі.
      7. "Қазақстан Республикасының фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 1 қыркүйектегі N 167 өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады