Қазақстан Республикасындағы ВИЧ/СПИД жөнiндегi эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты алдын алу шараларын күшейту бойынша қосымша iс-шаралар туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 582. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.14. N 242 қаулысымен. ~P000242
1. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi ВИЧ/СПИД-тiң ошақтарын оқшаулау және осы инфекцияның әрi қарай эпидемиялық таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiнде бар орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту және оларды дер кезiнде қаржыландыруды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң келiсiмiмен нашақорларды бiрыңғай есепке алу және мiндеттi мәжбүрлi түрде емделуге тарту тәртiбi туралы ереженi, сондай-ақ наркологиялық мекемелердiң желiсiн одан әрi дамыту жөнiнде шаралар әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiн СПИД-тiң алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталық үшiн зертханалық және мұздатқыш жабдықтарын, диагностикалық тест-жиынтықтары мен ұйымдастыру техникаларын сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне 1996 жылға арнап көзделген қаражат шегiнде 7,3 млн. (жетi миллион үш жүз мың) теңге сомасында басымдықты тәртiппен қаржыландыра бастауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз