Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 1 тамыз N 1051. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.14. N 242 қаулысымен. ~P000242

      Халықты және емдеу профилактикалық ұйымдарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымына Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы (жетекшi) енгiзiлсiн, аппараттың адам саны 14 адамға көбейтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлiгiне үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн 1995 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген қаржы есебiнен қосымша 800 (сегiз жүз) мың теңге, оның iшiнде еңбекақы төлеу қорына 560 (бес жүз алпыс) мың теңге бөлсiн.
      3. Басқарма қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
      республика халқына дәрi-дәрмекпен көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      дәрiхана мекемелерi мен фармацевтика кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру;
      республика фармацевтика қызметiн лицензиялау;
      халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында дәрiхана мекемелерi мен шаруашылық жүргiзушi объектiлер қызметтерiн мемлекеттiк бақылауды және оны үйлестiрудi ұйымдастыру;
      өте қажет дәрi-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұтынуды талдау, болжау және тапсырыстар қалыптастыру;
      мемлекетаралық кредиттердi тиiмдi игеру және дәрi-дәрмектер сатып алуға бағытталған бюджет қаржыларын ұтымды пайдалану;
      дәрi-дәрмектердiң импорты мен экспортының коммерциялық жоспарларын, оның iшiнде республиканың сұранысын ескере отырып, есiрткiлiк, психотроптық және соларға теңестiрiлген дәрi-дәрмектердi мемлекеттiк реттеу;
      фармацевтикалық қызметтердiң тәртiбiн белгiлейтiн және азаматтардың негiзгi дәрi-дәрмектерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету құқығын қорғау жөнiндегi заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердi әзiрлеу;
      есiрткiлiк, психотроптық және соларға теңестiрiлген дәрi-дәрмектердi өндiруге, импорттауға, экспорттауға және сатуға мемлекеттiк монополияны қамтамасыз ету;
      жаңа және кеңiнен қолданылатын дәрi-дәрмектер жөнiндегi ақпараттардың барлық түрiн аннотациясын қоса тұтынушыларға жеткiзу;
      провизорларды аттестациялау.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы туралы құрылым мен Ереженi бекiтетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады