Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 сәуір N 555

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің 2000 жылғы     
11 сәуірдегі          
N 555 қаулысымен       
мақұлданған         

Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым
объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған
Тұжырымдамасы Кiрiспе

      1999 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк тапсырыс және бәсекелестiк ортаны мақсатты түрде құру жүйесiне көшу жолымен мемлекеттiк бюджет есебiнен көрсетiлiп отырған қызметтер көлемiн сақтай отырып, мемлекеттiк мекемелердi ұстауды қаржыландыруды төмендетуге бағытталған бюджеттiк экономикалық реформаның жаңа бағыты болып табылды.
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357 Заңына сәйкес білiм және ғылыми-техникалық саланың объектiлерi (ұйымдар) шектеулi мөлшерде мемлекеттiк мекеме ретiнде және негiзiнен мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар ретiнде көрсетiлген.
      Тек мектептер, мектеп-интернаттар, балалар үйлерi ғана бiлiмнiң мемлекеттiк мекемелерi болып табылады. Барлық өзге ұйымдар мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылған.
      Ғылыми-техникалық салада Сейсмологиялық тәжiрибелiк-әдiстемелiк экспедиция, академик Қ. Сәтпаевтың мемориалды музейi Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестациялық комиссиясы мемлекеттiк мекемелер болып табылады, ал 200-ден астам объект мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылған.
      Жүргiзiлген институционалдық реформа бiлiм және ғылыми-техникалық сала объектiлерiн белсендi түрде жекешелендiруге әзiрледi. Сонымен қатар 1997-1999 жылдардағы бiлiмнiң коммуналдық меншiктегi объектiлерiн секторлық жекешелендiру нәтижелерi келеңсiз сипат алды.
      Жалпы экономикалық жағдайлардың өзгеруi, бюджеттiк реформаны жүргiзу жекешелендiрiлiп отырған объектiлердiң құрамын өзгерту мемлекеттiң оның мемлекеттiк мүлiкке билiк ету жөнiндегi саясатын ауық-ауық түзетуiн және жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, қолданылып жүрген заңды жетiлдiруiн талап етедi.
      Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 , "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру шаралары туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 заң күшi бар Жарлықтарына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес және Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттiң V сессиясының ашылуында айтылған тапсырмаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың 9-тармағын орындау үшiн әзiрлендi.
      Ескерту. 4-абзацқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.27. N 1191 қаулысымен .

1. Жекешелендiрудiң өткен кезеңдерiн
әлеуметтiк-экономикалық бағалау Мектепке дейiнгі және бiлiм объектiлерi

      Желiнi оңтайландыруға, жеке секторды дамытуға бағытталған мектепке дейiнгi және орта бiлiм жүйесiн 1997-1999 жылдары реформалау негiзiнен мектепке дейiнгi және орта бiлiмнiң мемлекеттiк секторын қалыптастыруды аяқтады, осы ретте білімнiң коммуналды меншiктегi 1600 ұйым жекешелендiруге шығарылды.
      Орта бiлiм объектiлерiн оңтайландыру нәтижесiнде 1999 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 573 ауылдық елдi-мекендерiнде, оның үстiне олардың 510 елдi-мекендерiнде мектеп жасындағы 11473 бала тұрып жатқанына қарамастан, бiрде-бiр жалпы бiлiм беретiн мектеп жоқ. Аталған елдi-мекендерден жақындағы мектепке дейiнгi ара қашықтық 175 шақырымға дейiн жетедi.
      1997 жылдан 1999 жылға дейiнгi кезең ішiндегi жеке мектептердiң даму қарқыны мынандай: 1997 жыл - 124, 1998 жыл - 180, 1999 жыл - 194 бiрл. Қазiргi жұмыс iстеп тұрған жеке мектептердiң негiзгi үлесi халықтың қалалық бөлiгiне тиедi. Yстiмiздегi жылы ауылда небары 10 мектеп немесе 635 бала оқып жатқан республикадағы 194 жеке мектептiң 5,2 пайызын құрайтын мектептер жұмыс iстеуде.
      Соңғы жылдары, сондай-ақ бiлiмнiң интернаттық ұйымдары желiсiн қысқарту тенденциясы орын алып отыр (жекешелендiруден кейiн 1364 объектiден 461 ғана жұмыс жасауда).
      Мектепке дейiнгi мекемелердiң желiсiн оңтайландыру 8526 ұйымының 7368-і (87 пайыз) бос тұрған деп жарияланып, одан кейiн жабылуға және жекешелендiруге шығарылуға әкелiп соқты. Осы ретте бос тұрған объектiлердiң бәрi бiрдей сұранысқа ие болмады. Нәтижесiнде бос тұрған объектiлердiң мемлекеттiк мүлкi жарамсыз болып қалды және жоғалып кеттi. 1999-2000 оқу жылының басына небары 1043 мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары жұмыс жасап отыр.
      Сондай-ақ мемлекеттiк емес мектепке дейiнгi ұйымдардың даму серпiнi төмендегенiн айта кеткен жөн: 1996 - 319, 1997 -282, 1998 - 224, 1999 - 115 бiрл. Бүгiнгi күнi жекеменшiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының қызметi коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердiң жоғарылығынан, халықтың төлеуге қабiлетсiздiгiнен, қатаң салық саясатынан рентабельдi емес. Бұдан басқа қазыналық кәсiпорын мәртебесiне көшу мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының экономикалық жағдайына, балалардың келуiне және контингенттiң қалыптасуына керi әсерiн тигiздi. Осыған байланысты, мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк желiсi жекеменшiк ұйымдармен бiрге оқыту және тәрбиелеу үшiн, аталған жастағы балаларды толық қамти алмай отыр.
      Сонымен бiрге "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 23-бабының негiзiнде бес (алты) жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлау мiндеттi және тегiн болып табылады, соған лайық мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының рөлi артады. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстанды дамыту стратегиясын 2030 жылға дейiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығымен (4-бөлiм N 3 қосымша) Үкiметке мектепке дейiнгi бiлiм беруге халықтың аз қамтылған жiгiнiң қол жеткiзу жағдайын жақсарту жөнiнде тапсырылған.
      Мемлекеттiк мектептен тыс ұйымдар желiсiнiң даму серпiнi мемлекеттiк мектепке дейiнгi білiм беру ұйымдарының дамуымен бiрдей өтедi. Жекешеленгеннен кейiн объектiлер бейiнi бойынша қолданылмады, соның нәтижесiнде қызмет көрсету аясы тарылды, жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк ұйымдардың толықтырылуы мен жүктемесi өстi.
      Аталған бейiндi мемлекеттiк қолдауды Заңның мемлекеттiк мектептен тыс ұйымдардың бiлiм беру қызметтерiне қол жеткiзудi сақтауға негiзделген 19-бабы қамтамасыз етедi.
      Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм ұйымдарын оңтайландыру мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық училищелер желiсiнiң 1996 жылдың 1 қазанындағы 404-тен 1999 жылғы 1 қазанда 245-ке күрт қысқаруына әкелiп соқты. Оқушылардың саны 1999 жылғы 127158-тен 1999 жылғы 85380 адамға төмендедi. Жыл сайын оқушыларды қабылдау жоспары қысқаруда.
      Аталған бiлiм деңгейiнiң жеке секторы бiрыңғай дамымай отыр. Бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк емес ұйымдары мемлекеттiкке қарағанда небары 8,5 пайыз, орта кәсiптiк бiлiм 40 пайыз құрайды.
      ТМД елдерiнде шағын және орта бизнестi дамытуға арналған бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк желiсiн едәуiр ұлғайту жөнiндегi iс-шаралар қабылданған.
      Бiздiң елiмiзде де шағын кәсiпкерлiктi дамыту шеңберiнде оқушы жастарды бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының желiсi арқылы ерте кәсiптендiру мiндетi Заңмен қойылып отыр.
      Жоғарыда айтылғанға байланысты мектепке дейiнгi және орта бiлiм объектiлерiнiң жұмыс iстеп тұрған желiсiн мемлекет меншiгiнде сақтап қалу жоспарланып отыр.

Жоғарғы кәсiптiк бiлiм,
ғылыми-техникалық сала объектiлерi

      1999 жылдың бюджет реформасына дейiн республика меншiгiнде тұрған жоғары кәсiптiк бiлiм және ғылыми-техникалық сала объектiлерi жекешелендiрiлуге жатпайтын объектiлерге жатқызылған болатын.
      2000 жылдың бюджетi, бiлiм және ғылыми-техникалық сала ұйымдарында жүзеге асырылған институционалдық өзгерiстер аталған салаларда жекешелендiру процестерiн тереңдетуге әкелiп отыр.
      Президенттiң тапсырмалары мен мемлекет саясатын орындау үшiн заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатпайтын объектiлерден басқа республика меншiгiндегi жоғары кәсiптiк бiлiм және ғылыми-техникалық сала объектiлерiн заңдарда көрсетiлген тәртiппен акционерлiк қоғамдарға қайта құруға немесе кейiннен сатып алу құқығымен сенiмдi басқаруға беру жоспарланып отыр.
      Ерекше мәртебесi, аумақтық белгiсi бар, аса тапшы мамандарды оқытып шығаратын және түйiндi зерттеулердi жүзеге асыратын объектiлер жекешелендiруге жатпайды.
      Мәртебесi және әлеуетi бойынша аса iрi және бiрегей объектiлер осы кәсiпорындарда жұмыс iстейтiн еңбек ұжымдарының мүдделерiн ескере отырып, Жарлықтың 7-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қабылдаған шешiмдерi бойынша жекелеген жобалар түрiнде жекешелендiруге жатады.

2. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен мiндеттерi

      Бiлiм және ғылыми-техникалық саладағы объектiлердiң қызметiне тән ерекшелiктердiң анықталуы, республика меншiгiндегi объектiлердiң бiрегейлiгi негiзiнде Тұжырымдаманың мақсаты жекешелендiрудiң негiзгi бағыттарын заңда белгiленген тәртiппен айқындау болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында азаматтарға мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуға кепiлдiк берiлген. Орта бiлiмнiң мемлекеттiк жүйесiнiң ауқымы мен өсу нормалары қолданылып жүрген заңдармен айқындалған.
      Мақсатқа жету мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:
      бiлiм және ғылым салаларындағы жекешелендiрудiң бағыттары мен шекараларының бiрыңғай тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу;
      бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiруге шығарудың негізгi принциптерiн айқындау;
      жекешелендiрудiң мерзiмдерi мен түрлерiн белгiлеу жөнiнде жұмыс комиссиясын құру;
      бiлiм және ғылым ұйымдарының жекешелендiру шарттарын жасау;
      жекешелендiрудiң кезеңдерiн айқындау;
      бiлiм және ғылым объектiлерiнiң Тiзбесiн әзiрлеу:
      а) мемлекет меншiгiнде сақталатындар (жекешелендiруге жатпайтындар);
      б) жекешелендiруге жататындар;
      республика меншiгiнде тұрған және жеке жобалар бойынша заңда белгiленген тәртiппен жекешелендiрілетiн жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық сала объектiлерiнiң Тiзбесiн әзiрлеу.

3. Бiлiм және ғылыми-техникалық саланың объектiлерiн
жекешелендiрудің негізгi принциптерi

      Жекешелендiрудi жүргiзген кезде оның негiзгi принциптерi: жариялылық, бәсекелестiк, заңды мұрагерлiк, лауазымды тұлғалардың жекешелендiрудi жүргiзудiң заңдылығы үшiн және жекешелендiруге қойылған объектiлер туралы ұсынылған деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылығы болып табылады. Сонымен қатар, бiлiм және ғылым саласының ерекшелiктерiн ескере отырып, оның негiзгi принциптерiне:
      азаматтардың тегiн мiндеттi орта білiм алуға және конкурстық негiзде жоғары бiлiм алуға деген конституциялық құқықтарын сақтау;
      еңбек ұжымдарының құқықтарын сақтау жатады.

4. Жекешелендiрудiң негізгі түрлерi мен шарттары

      Республикалық, коммуналдық меншiктегi бiлiм және ғылыми-техникалық салалардағы объектiлердi заңда белгiленген тәртiппен жекешелендiрудi осыған өкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi: мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындар, мекемелер; жекешелендiру томаға-тұйық технологиялық циклды бұзбайтын, кәсiпорындардың құрылымдық бiрлiктерi жекешелендiрудiң объектiлерi болып табылады.
      Сатуға тiкелей қойылмайтын, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн iс-қимыл ретiнде жекешелендiрудiң алдын-ала сатыларынан бiлiм және ғылым салалары үшiн:
      1) мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындарды кейiннен сатып алу құқығымен, белгiленген тәртiп бойынша, сенiмдi басқаруға беру;
      2) кәсiпорындарды кейiннен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сататын акционерлiк қоғам етiп қайта құру қолданылады.
      Бiлiм объектiлерiнiң әлеуметтiк маңыздылығын ескере отырып, коммуналдық меншiктегi бiлiм объектiлерiн жекешелендiруге шығару рәсiмi жөнiндегi қолданылып жүрген заңға, жергiлiктi атқарушы органдар жекешелендiруге жататын объектiлердiң Тiзбесiн бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдармен алдын ала келiсу қажеттiгiне сәйкес өзгерiстер енгiзу жоспарланып отыр.
      Арнайы құрылған жұмыс комиссиясы бiлiм және ғылыми-техникалық салалардағы объектілердi жекешелендiрудiң түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.    

5. Тұжырымдаманы iске асыру кезеңдерi

          Тұжырымдаманы iске асыру екі кезеңді көздейдi:
     Бiрiншi кезеңде (2000-2001 жылдары) мынадай iс-шараларды жүргiзу қажет:
     жекешелендіру саласындағы қолданылып жүрген құқықтық нормаларды талдау;
     жекешелендiру алдындағы ұйымдастыру жұмыстарын өткiзу;
     - нормативтiк-құқықтық актiлер шығару;
     - жекешелендiруге жататын жоғары кәсiптiк бiлiм және
ғылыми-техникалық объектiлерiнiң Тiзбесiн жасау;
     - жекешелендiруге жатпайтын жоғары кәсiптiк бiлiм және
ғылыми-техникалық объектiлерiнiң Тiзбесiн жасау;
     - білiм және ғылым ұйымдарын жекешелендiру шарттарын;
     - Тұжырымдаманы білiм мен ғылым ұйымдарының еңбек ұжымдарының арасында кеңiнен талқылай отырып, бiлiм және ғылым салаларындағы жекешелендiру бағыттарының бiрыңғай тұжырымдамалық негiздерiн бұқаралық баспасөз беттерiнде, радио мен телевизия арқылы жариялау.
     бiлiм және ғылыми-техникалық салалардағы бiрқатар объектiлердi жекешелендiрудi заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асыру iс-шараларын өткiзу қажет.
     Екiншi кезең (2002-2005 жылдары):
     жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңдегi қорытындысын шығару;
     жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңдегi қорытындысын ескере отырып, Тұжырымдаманың негiзгi бағыттарын жетілдіру;
     саяси және экономикалық өзгерiстердi ескере отырып, жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар дайындау.    

О Концепции приватизации объектов образования и науки в Республике Казахстан на 2000-2005 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2000 года N 555

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 января 1998 года N 3834 "О мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Одобрить прилагаемую Концепцию приватизации объектов образования и науки в Республике Казахстан на 2000-2005 годы.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

 
 


     Премьер-Министр


     Республики Казахстан

 
 


Одобрена         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 11 апреля 2000 года N 555

 
 


                                 Концепция


                   приватизации объектов образования и науки

                  в Республике Казахстан на 2000-2005 годы

 
 


                                  Введение <*>


      Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 ноября 2003 г. N 1191 .


       Новым направлением экономической реформы с 1 января 1999 года явилась бюджетная реформа, направленная на снижение финансирования содержания государственных учреждений, при сохранении объема предоставляемых услуг за счет государственного бюджета путем перехода к системе государственного заказа и целенаправленного создания конкурентной среды.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года N 357 "О бюджетной системе" объекты (организации) образования и научно-технической сферы в ограниченном количестве представлены как государственные учреждения и в основном как государственные казенные предприятия.

      Государственными учреждениями образования являются только школы, школы-интернаты, детские дома. Все другие организации преобразованы в государственные казенные предприятия.

      В научно-технической сфере государственными учреждениями являются Сейсмологическая опытно-методическая экспедиция, Мемориальный музей академика К.И. Сатпаева, Высшая аттестационная комиссия Республики Казахстан, а более 200 объектов преобразованы в государственные казенные предприятия.

      Проведенная институциональная реформа подготовила объекты образования и научно-технической сферы к активной приватизации. Вместе с тем, итоги секторной приватизации 1997-1999 годов объектов образования коммунальной собственности имеют негативный характер.

      Изменение общих экономических условий, проведение бюджетной реформы, изменение состава приватизируемых объектов требуют периодической корректировки государством его политики по распоряжению государственным имуществом и совершенствования действующего законодательства с учетом накопленного опыта.

      Настоящая Концепция приватизации объектов образования и науки в Республике Казахстан на 2000 - 2005 годы (далее - Концепция) разработана в соответствии с Указами Президента Республики Казахстан, имеющими силу закона, от 23 декабря 1995 года N 2721 "О приватизации" (далее - Указ), от 28 января 1998 года N 3834 "О мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" и во исполнение 9 пункта Мероприятий по реализации поручений Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А., изложенных на открытии V сессии Парламента 1 сентября 1999 года.


             1. Социально-экономическая оценка предыдущих

                          этапов приватизации

                Объекты дошкольного и среднего образования

      Реформирование системы дошкольного и среднего образования в 1997-1999 годах, направленное на оптимизацию сети, развитие частного сектора, в основном завершило формирование государственного сектора дошкольного и среднего образования, при этом на приватизацию было выведено 1600 организаций образования коммунальной собственности.

      В результате оптимизации объектов среднего образования на 1 сентября 1999 года в 573 сельских населенных пунктах республики нет ни одной общеобразовательной школы, причем в 510 населенных пунктах проживает 11473 детей школьного возраста. Расстояние от указанных населенных пунктов до ближайшей школы доходит до 175 километров.

      Динамика развития частных школ за период с 1997 по 1999 год выглядит следующим образом: 1997 год - 124 ед., 1998 год - 180 ед., 1999 - 194 ед. Основная доля действующих частных школ приходится на городскую часть населения. В текущем году на селе функционирует всего 10 школ или 5.2% от 194 частных школ по республике, где обучаются 635 детей.

      Сеть интернатных организаций образования за последние годы также имеет тенденцию к сокращению (из 1364 объектов после приватизации действуют только 461).

      Оптимизация сети дошкольных учреждений привела к тому, что из 8526 организаций 7368 (87%) были объявлены как пустующие, затем закрыты и выставлены на приватизацию. При этом не все пустующие объекты имели спрос. В результате государственное имущество пустующих объектов пришло в негодность и утеряно. На начало 1999/2000 учебного года действуют всего 1043 государственных дошкольных организаций образования.

      Следует также отметить, что тенденция развития негосударственных дошкольных организаций ведет к снижению: 1996 - 319 ед., 1997 - 282 ед., 1998 - 224 ед., 1999 - 115 ед. На сегодняшний день деятельность частных дошкольных организаций образования не рентабельна из-за высоких тарифов на коммунальные услуги, неплатежеспособности населения, жесткой налоговой политики. Кроме того, переход на статус казенного предприятия для государственных дошкольных организаций образования отрицательно повлиял на их экономическое положение, на посещаемость детей и формирование контингента. Таким образом, государственная сеть дошкольных организаций вместе с частными организациями не может произвести полный охват детей указанного возраста для обучения и воспитания.

      Вместе с тем, на основании статьи 23 Закона Республики Казахстан "Об образовании" от 7 июня 1999 года (далее - Закон) предшкольная подготовка пяти-шестилетних детей является обязательной и бесплатной, соответственно возрастает роль государственных дошкольных организаций образования. И Указом Президента Республики Казахстан от 28 января 1998 года N 3834 "О мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" (раздел 4 приложения N 3) Правительству поручено последовательно улучшать доступность дошкольного воспитания для малообеспеченных слоев населения.

      Динамика развития сети государственных внешкольных организаций образования протекает так же, как и развитие государственных дошкольных организаций образования. Как правило, после приватизации объекты в дальнейшем использовались не по профилю, в результате сужается сфера обслуживания, растет наполняемость и нагрузка на действующие государственные организации.

      Государственную поддержку указанного профиля обеспечивает статья 19 Закона, которая заключается в сохранении доступности образовательных услуг государственных внешкольных организаций.

      Оптимизация организаций начального и среднего профессионального образования привели к резкому сокращению сети государственных профессионально-технических училищ - с 404 на 1 октября 1996 года до 245 на 1 октября 1999 года. Количество обучающихся снизилось от 127185 в 1996 году до 85380 человек в 1999 году. Ежегодно сокращается план приема учащихся.

      Частный сектор указанного уровня образования развивается неоднозначно. Негосударственные организации начального профессионального образования составляют всего - 8.5% к государственному, среднего профессионального образования - 40%.

      В странах СНГ для развития малого и среднего бизнеса приняты мероприятия по значительному расширению государственной сети начального и среднего профессионального образования.

      И в нашей стране в рамках развития малого предпринимательства Законом ставится задача ранней профессионализации учащейся молодежи через сеть организаций начального и среднего профессионального образования.

      В связи с вышеизложенным действующую сеть объектов дошкольного и среднего образования планируется сохранить в государственной собственности.


           Объекты высшего профессионального образования,

                    научно-технической сферы

      До бюджетной реформы 1999 года объекты высшего профессионального образования и научно-технической сферы, находящиеся в республиканской собственности были отнесены к объектам, не подлежащим приватизации.

      Бюджет 2000 года, осуществленные институциональные перемены организаций образования и научно-технической сферы вызвали углубление процессов приватизации в указанных сферах.

      Во исполнение поручений Президента и политики государства объекты высшего профессионального образования и научно-технической сферы, находящиеся в республиканской собственности, планируется преобразовать в акционерные общества или передать с правом последующего выкупа в доверительное управление в установленном законодательством порядке, за исключением объектов, не подлежащих приватизации в соответствии с законодательством.

      Не подлежит приватизации ряд объектов, имеющих особый статус, региональный признак, выпускающих остро дефицитных специалистов и осуществляющих фундаментальные исследования.

      Объекты особо крупные и уникальные по статусу и потенциалу подлежат приватизации по индивидуальным проектам, принятым решениями Правительства Республики Казахстан на основании статьи 7 Указа с учетом интересов работников предприятий.


                    2. Основные цели и задачи Концепции

      На основании выявления особенностей, присущих деятельности объектов образования и научно-технической сферы, уникальности объектов республиканской собственности целью Концепции является определение основных направлений приватизации в установленном законодательством порядке.

      Статьей 30 Конституции Республики Казахстан гражданам гарантировано бесплатное среднее образование в государственных учебных заведениях. Масштабы государственной сети среднего образования и нормы прироста определены действующим законодательством.

      Достижение цели предполагает решение следующих задач:

      разработка единой концептуальной основы направлений и границ приватизации в сферах образования и науки;

      определение основных принципов вывода объектов образования и науки на приватизацию;

      создание рабочей комиссии по определению сроков и видов приватизации;

      выработка условий приватизации организаций образования и науки;

      определение этапов приватизации;

      разработка Перечней объектов образования и науки:

      а) сохраняемых в собственности государства (не подлежащих приватизации);

      б) подлежащих приватизации;

      разработка Перечней высших учебных заведений, объектов научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности и приватизируемых по индивидуальным проектам в установленном законодательством порядке.


             3. Основные принципы приватизации объектов

                образования и научно-технической сферы

      При проведении приватизации основными ее принципами являются: гласность, конкурентность, правопреемственность, ответственность должностных лиц за законность проведения приватизации и достоверность предоставленных данных об объектах, выставляемых на приватизацию. Кроме того, с учетом особенностей сфер образования и науки к основным принципам относятся:

      соблюдение конституционных прав граждан на бесплатное обязательное среднее образование и на бесплатное на конкурсной основе высшее образование;

      соблюдение прав трудовых коллективов.


                 4. Основные виды и условия приватизации

      Приватизацию объектов образования и научно-технической сферы республиканской, коммунальной собственности в установленном законодательством порядке осуществляют уполномоченные на это государственные органы.

      Объектами приватизации являются следующие виды государственного имущества: предприятия, учреждения как имущественный комплекс; структурные единицы предприятия, приватизация которых не нарушает замкнутого технологического цикла.

      Из предварительных стадий приватизации как действий, непосредственно не ведущих к продаже, но предусматривающих его последующую продажу, для сфер образования и науки применяются:

      1) передача предприятия как имущественного комплекса в доверительное управление с правом последующего выкупа в установленном порядке;

      2) преобразование предприятия в акционерное общество с последующей продажей государственного пакета акций.

      Учитывая социальную значимость объектов образования, планируется внести изменения в действующее законодательство по процедуре вывода объектов образования коммунальной собственности на приватизацию, в соответствии с которыми местным исполнительным органам необходимо предварительно согласовывать Перечни объектов, подлежащих приватизации, с центральным исполнительным органом в области образования.

      Специально созданная рабочая комиссия определяет виды и сроки приватизации объектов образования и научно-технической сферы.


                     5. Этапы реализации Концепции

      Реализация Концепции предусматривает два этапа.

      На первом этапе (2000-2001 годы) необходимо провести следующие мероприятия:

      анализ действующих правовых норм в области приватизации;

      проведение организационных предприватизационных работ;

      разработки:

      нормативно-правовых актов;

      Перечней объектов высшего профессионального образования и научно-технической сферы, подлежащих приватизации;

      Перечней объектов образования и научно-технической сферы, не подлежащих приватизации;

      условий приватизации организаций образования и науки;

      широкое обсуждение Концепции среди трудовых коллективов организаций образования и науки, на страницах массовой печати, освещение по радио и телевидению;

      осуществление приватизации ряда объектов образования и научно-технической сферы в установленном законодательством порядке.

      Второй этап (2002-2005 годы):

      подведение результатов 1 этапа приватизации;

      совершенствование основных направлений Концепции с учетом результатов 1 этапа приватизации;

      с учетом политических и экономических перемен выработка предложений по приватизации.



     (Специалисты: Мартина Н.А.


                   Чунтонов В.В.)