Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы 1998 жылы іріктеліп алынған Қырғыз Республикасының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында даярлау туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 сәуір N 583


     Қазақстан Республикасының Үіметі қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс 
министрлігі арасындағы 1998 жылғы іріктеліп алынған Қырғыз Республикасының 
әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери 
академиясында даярлау туралы хаттама бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
        Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен
     Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы 
      1998 жылы іріктеліп алынған Қырғыз Республикасының
      әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Қарулы
        Күштерінің Әскери академиясында даярлау туралы
                         Хаттама
     
     Бұдан былай екеуі бірге Тараптар деп аталатын, бұдан былай 
"Қабылдаушы Тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс 
министрлігі мен "Жіберуші Тарап" деп аталатын Қырғыз Республикасының 
Қорғаныс министрлігі,
     1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы 
арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы Шартты басышылыққа ала 
отырып,
     әскери білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытуға ниет 
білдіре отырып,
     төмендегілер жөнінде келісті:
     
                        1-бап
     


      Қабылдаушы Тарап Жіберуші Тараптың жазбаша тапсырысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында (бұдан былай - Академия) 1998 жылы іріктеліп алынған Қырғыз Республикасының әскери қызметшілерін күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту үшін үш тыңдаушыны және он курсантты қабылдайды.

                         2-бап

      1. Қырғыз Республикасының қарулы Күштерінен "мотоатқыштар және танк әскері командалық-штабтық жедел-тактикалық" мамандықтары бойынша үш тыңдаушыны күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту жөніндегі шығыстар Қабылдаушы Тарапқа жүктеледі.
      Аталған шығыстардың ішіне:
      - оқытушы құраммен, оқу құралдарымен, оқу-сыныптық керек-жарақтармен, зертханалық жабдықтармен, қару-жарақпен, техникамен, оқ-дәрілермен және практикалық оқытудың басқа да техникалық құралдарымен, сондай-ақ шығыс материалдарымен және оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу процесіне қажетті басқа да жабдықтармен;
      - кітапханалармен, оқу және спорт залдарымен, оқу процесіне қажетті басқа ғимараттармен;
      - оқыту мақсаттарына, сондай-ақ оқып жүрген әскери қызметшілерді оқыту пункттерінен полигондарға және оқыту пункттеріне қайта тасымалдауға арналған көлікпен;
      - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілердің тиісті санаттары үшін қолданылып жүрген нормалар бойынша техникамен жұмыс істеуге арналған арнайы киіммен қамтамасыз ету шығыстары кіреді.
      2. Аталған әскери қызметшілерді ұстау жөніндегі шығыстар Жіберуші Тарапқа жүктеледі және оның ішіне:
      - Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген нормалар бойынша ақшалай үлес;
      - осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес көлік шығыстары;
      - Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің нормалары бойынша заттай үлес кіреді. Тыңдаушылар қатарындағы Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұлттық әскери киімді киеді.
      3. Академияда көзделген мамандықтар бойынша және Жіберуші Тараптың жазбаша тапсырысына сәйкес Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің он курсантын оқыту мен ұстау жөніндегі шығыстар Жіберуші Тарапқа жүктеледі. Бұл ретте курсанттар Академия курсанттары үшін белгіленген нормалар бойынша барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етіледі.

                      3-бап

      Қырғыз Республикасының әскери қызметшілерін оқыту Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тиісті санаттары үшін бекітілген бағдарламалар бойынша, Академиядағы оқыту жүргізілетін тілде жүзеге асырылатын болады.
      Академияда оқып жүрген Қырғыз республикасы әскери қызметшілерінің тағылымдамасы оқу жоспарында көзделген мерзімде Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде жүргізілетін болады.
      Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың алдын ала жазбаша өтініші бойынша Жіберуші Тараптың офицерлер қатарындағы әскери қызметшілерін сырттай оқыту нысанына ауыстыру туралы мәселені қарайды.

                         4-бап

      Тыңдаушылар қатарындағы Қырғыз Республикасының әскери қызметшілері, оның ішінде олар оқуға отбасымен бірге жіберілген жағдайда, ақылы негізде жатақханамен қамтамасыз етіледі. Тыңдаушыларға, оның ішінде отбасымен тұруы үшін жатақхана беру Қабылдаушы Тараптың мүмкіншілігін ескере отырып, Жіберуші Тараптың жазбаша өтініміне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Курсанттар қатарындағы Қырғыз Республикасының әскери қызметшілері оқуға отбасынсыз жіберіледі және казармада тұратын болады.
      Қабылдаушы Тарап Академияда оқып жүрген әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін уақытша тіркеу туралы мәселені қарайтын болады. Уақытша тіркеуге байланысты шығыстар оқып жүргендердің өз қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

                        5-бап

      Қырғыз Республикасының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне Қабылдаушы Тараптың әскери-медициналық мекемелерінде жедел және амбулаториялық жағынан ақысыз медициналық көмек көрсетіледі
      Тексерудің қымбат тұратын түрлері мен стационарлық емдеу Қабылдаушы Тараптың әскери-медициналық мекемелерінде ақы төлеу арқылы жүзеге асырылатын болады.

                       6-бап

      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасының әскери қызметшілеріне жыл сайын: жазғы уақытта ұзақтығы 30 тәулік, қысқы уақыт ұзақтығы 14 тәулік кезекті демалыс берілетін болады.
      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысқа, тағылымдамаға баруға байланысты, сондай-ақ басқа негіздер жөніндегі көлік шығыстары төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
      Жіберуші Тарап өз есебінен:
      - Академия тыңдаушылары мен олардың отбасы мүшелерінің көлік шығыстарын;
      - курсанттар қатарындағы Қырғыз Республикасы әскери қызметшілерінің жол ақысын, Қырғызстан аумағы шегінде Бішкек қаласынан тағылымдама немесе демалысын өткізу орнына бару және қайту жолындағы, сондай-ақ Бішкек қаласынан оқу орнына - Алматы қаласына дейін олардың жүктерін жеткізуді қамтамасыз етеді.

                         7-бап

      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге нормативті құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғыларын сақтауға тиіс және оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты қызметке тартылатын болады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша Қырғыз Республикасының әскери қызметшілерін Академиядан шығаруды Жіберуші Тараптың келісімінен кейін Қабылдаушы Тарап жүзеге асыратын болады.
      Оқудан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрінің қарауына жіберілетін болады.

                      8-бап

      Қабылдаушы Тарап жазбаша өтінішті алған жағдайда Жіберуші Тараптың өкілдеріне Академияда оқып жүрген немесе оқуды аяқтаған Қырғыз Республикасы әскери қызметшілерінің жұмыс дәптерлерін, рефераттарын, диссертацияларын, дипломдық және басқа жұмыстарын беретін болады.

                       9-бап

      Оқыту бағдарламасын талап етілген көлемде меңгерген, емтихандарды тапсырған және диплом жобасын (жұмысын, тапсырмасын) қорғаған Қырғыз Республикасының әскери қызметшілеріне алған мамандығына сәйкес біліктілік беріледі және белгіленген үлгідегі дипломдар мен омырау белгілері тапсырылады.

                      10-бап

      Тараптар әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қырғыз Республикасының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарында даярлау тәртібі туралы Келісім-шарт жасасады.

                       11-бап

      Тараптар осы Хаттаманы түсіндіру мен қолдануға байланысты туындауы мүмкін даулы мәселелерді келіссөздер мен консультациялар арқылы шешетін болады.
      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша Хаттамамен ресімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

                      12-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі

мемлекеттік процедураларды орындағаны жөніндегі соңғы жазбаша ескертуін 
алған күннен бастап күшіне енеді.
     Осы Хаттама 1998 жылы іріктеліп алынған Қырғыз Республикасы әскери 
қызметшілерінің Академиядағы оқу мерзіміне жасалады.
     ___________ __________ жылғы "____"_______ екі түпнұсқа данада, 
әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық 
мәтіндердің күші бірдей.
     Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде пікір алшақтығы туындаған жағдайда, 
Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының           Қырғыз Республикасының
       Қорғаныс министрлігі               Қорғаныс министрлігі
              үшін                              үшін
     
     
     
     
      Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.        
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады