"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының Z952688_ 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi негiзгi
құрал-жабдықтардың құнын арттырудың индекстерiн белгiлейтiн уәкiлеттi
мемлекеттiк орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстап Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi жыл
басындағы жағдай бойынша негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттырудың
индекстерiн бекiтудi мүдделi мемлекеттiк органдармен келісе отырып жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Бағарова Ж.А.