Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалаудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 мамыр N 799

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының Z952688_ 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi негiзгi

 

құрал-жабдықтардың құнын арттырудың индекстерiн белгiлейтiн уәкiлеттi

мемлекеттiк орган болып белгiленсiн.

     2. Қазақстап Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi жыл

басындағы жағдай бойынша негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттырудың

индекстерiн бекiтудi мүдделi мемлекеттiк органдармен келісе отырып жүзеге

асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады