Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 13 шілде N 1068 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
      39-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорытынды, осы Регламенттiң 20-тармағымен белгiленген тәртiпте, Yкiмет мүшелерiмен келiсiлген және Премьер-Министр не оның орнындағы адам қол қоятын, Yкiметтiң шешiмдерi не Yкiметтiң хаты түрiнде ресiмделедi.";
      49-тармақта:
      1) бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Yкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң атқарылу мерзiмiн Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министрдiң келiсiмiмен, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның белгiленген тәртiпте енгiзiлген жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде Кеңсенiң Басшысы ұзартуы мүмкiн. Құжаттың атқарылу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi";
      2) мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк органдар - Yкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң қосымша атқарушылары, ол үшiн белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей, жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға өз ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi";
      52-тармақта:
      1) бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер тапсырманы белгiленген мерзiмде орындау мүмкiн болмаса, тапсырманың орындалуы үшiн жауапты мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқаратын адам) кiдiрiстiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiпте оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауға тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi";
      2) мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
     "Егер тиiстi тапсырмада өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк органдар - тапсырманы қосымша атқарушылар, оған белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей, жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға өз ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

     

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады