Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылдың 28-29 тамызында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция (бұдан әрі - конференция) өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Конференцияны өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне конференцияны өткізуге "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша ұсынылған сметаға сәйкес 11528220 (он бір миллион бес жүз жиырма сегіз мың екі жүз жиырма) теңге мөлшерінде қаржы бөлсін.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Парламенті (келісім бойынша), министрліктер, Астана қаласының әкімі іс-шаралардың бекітілген Жоспарға сәйкес толық көлемде өткізілуін қамтамасыз етсін, конференцияға шақырылған ресми адамдарды орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді, оның ішінде көліктік те, ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, конференцияға шақырылған ресми адамдардың арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшуын қамтамасыз етсін;
арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, тұрақ пен оларға жанармай құюды, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп - конференцияға шақырылған ресми адамдардың темір жол және әуе көлігімен келуі мен аттануын ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
конференцияға шақырылған ресми адамдардың қауіпсіздігін;
әуежайда, теміржол вокзалдарында, сондай-ақ конференцияға шақырылған
ресми адамдардың жүру бағыттары мен болатын жерлерінде қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында конференцияның шеңберінде
өткізілетін іс-шараларды кеңінен көрсету жөніндегі қажетті жұмысты
ұйымдастырсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 25 шілдедегі N 1105
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының
5 жылдығына арналған халықаралық конференцияны өткізу жөніндегі
іс-шаралардың жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N ! Іс-шаралар ! Өткізілу ! Жауапты
р/б! ! мерзімдері ! орындаушылар
! ! мен уақыты !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
1. Конференцияға қатысушылардың келуі 26-27 тамыз Конституциялық Кеңес,
Парламент (келісім
бойынша)
2. Конференцияға қатысушыларды 26-27 тамыз Конституциялық Кеңес,
орналастыру Парламент, Президент.
тің Іс Басқармасы
(келісім бойынша)
3. Конференцияға қатысушыларды тіркеу 28 тамыз Конституциялық Кеңес,
(Парламенттің дөңгелек залы) сағ.9-10 Парламент (келісім
бойынша)
4. Пленарлық отырыс: 28 тамыз төрағалық етуші -
а) конференцияның ашылуы сағ.10-да О.Ә. Әбдікәрімов,
Парламент Сенаты
Төрағасы (келісім
бойынша)
б) "Қазақстан Республикасының 20 минут О.Ә. Әбдікәрімов,
Конституциясы және заң шығару Парламент Сенаты
процесі: проблемалар мен Төрағасы (келісім
перспективалар" тақырыбына бойынша)
баяндама
в) "Қазақстан Республикасының 20 минут Ю.А. Ким,
Конституциясы - конституционализм. Конституциялық
нің қалыптасуы мен орнығуының ір. Кеңестің Төрағасы
гетасы" тақырыбындағы баяндама (келісім бойынша)
г) мына тақырыптар бойынша сөз 10 минут Ғ.С. Сапаргалиев,
сөйлеу: "Конституцияның идеялары ҰҒА-ның корреспон.
және конституциялық заңдардың дент-мүшесі, Рес.
дамуы" публиканың еңбек
сіңірген заңгері,
заң ғылымының
докторы, профессор
"Азаматтық заңдардағы 10 минут Ю.Г. Басин, ғылымға
конституциялық идеялар" еңбек сіңірген қай.
раткер, заң
ғылымының
докторы, профессор
"Қазақстан Республикасының 10 минут И.И. Рогов,
Конституциясы және Қазақстан Республика Президент.
Республикасының қылмыстық- інің кеңесшісі, Қа.
құқықтық саясатының зақстанның еңбек сі.
проблемалары" ңірген қайраткері,
заң ғылымының
докторы, профессор
(келісім бойынша)
"Қазақстан Республикасының 10 минут А.М. Нұрмағамбетов
Конституциясы: әлеуметтік Парламент Сенаты
саладағы заңдардың даму Төрағасы Хатшылығы.
проблемалары" ның меңгерушісі,
заң ғылымының
докторы, профессор
(келісім бойынша)
5. Мәдени шаралар: Астана қаласының 28 тамыз Мәдениет, ақпарат
театрларында, есте қалар және қоғамдық келі.
жайларында болу сім министрлігі,
Астана қаласының
әкімі
6. Парламент Сенаты және 28 тамыз Парламент және
Конституциялық Кеңес Төрағаларының Конституциялық Кеңес
атынан конференцияға шақырылған (келісім бойынша)
ресми адамдардың құрметіне қабылдау
өткізу
7. Секциялардың жұмысы: 29 тамыз Е.К. Нұрпейісов, заң
а) 1-секция "Конституциялық баяндамалар ғыл. кандидаты, про.
заңдарды жетілдірудің проблемалары" 10 минутке фессор (келісім
дейін бойынша)
б) 2-секция "Азаматтық заңдарды сөз сөйлеу Т.Е. Қаудыров, заң
жетілдірудің проблемалары" 5 минутке ғыл. кандидаты, про.
дейін фессор (келісім
бойынша)
в) 3-секция "Қылмыстық заңдарды К.Ш. Балтабаев,заң
жетілдірудің проблемалары" ғылымының докторы
(келісім бойынша)
г) 4-секция "Әлеуметтік саладағы Е.Н. Нұрғалиева, заң
заңдарды жетілдірудің ғыл. докторы, про.
проблемалары" фессор (келісім
бойынша)
8. Шет елдер конституциялық юстиция 29 тамыз Конституциялық Кеңес
органдары өкілдерінің Қазақстан (келісім бойынша)
Республикасының Конституциялық
Кеңесінде болуы
9. Қазақстан Республикасының 29 тамыз Конституциялық Кеңес
Конституциялық Кеңесі Төрағасының (келісім бойынша)
атынан шет елдердің конституциялық
юстиция органдары өкілдерінің
құрметіне қабылдау өткізу
10. Конференцияға шақырылған ресми 29-30 тамыз -//-//-//-
адамдардың аттануы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.