Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Ақмола облысының "N 3 кенiш басқармасы", "N 4 кенiш басқармасы" және Солтүстiк Қазақстан облысының "N 5 кенiш басқармасы" кәсiпорындары таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кіріс министрлігі мен "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегі агенттігi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) "N 3 кенiш басқармасы", "N 4 кенiш басқармасы" және "N 5 кенiш басқармасы" кәсiпорындарының заңнамада белгіленген тәртiппен таратылуын қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 585
қаулысымен. P010585_
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі:
1) Қаржы министрлiгімен бiрлесiп 2001 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссияның қарауына, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерiне капиталдандыруды ескере отырып, жалақы жөнiндегi берешектердi өтеуге және еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты өмiрлерi мен денсаулықтарына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердiң шығыстарын енгiзу туралы мәселенi енгізсiн;
2) 2001 жылдан бастап, заңнамада белгiленген тәртiппен таратылатын "N 3 кенiш басқармасы", "N 4 кенiш басқармасы" және "N 5 кенiш басқармасы" кәсіпорындары қызметкерлерiнiң тиесiлi төлемдерiн алуын қамтамасыз етсiн.
4. "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1311 P981311_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
кiрiспесi Ақмола облысындағы N 3 (Заозерный поселкесi) және N 4
(Красногорский поселкесi) және Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 5
(Саумалкөл поселкесi)" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтін бойынша
жазылсын;
2-тармақтың алтыншы абзацындағы "Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 3"
және N 5" деген сөздер "Ақмола облысындағы N 3, 4 және Солтүстiк Қазақстан
облысындағы N 5" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.