Ақмола облысының N 3 (Заозерный кенті), N 4 (Красногор кенті) және Солтүстік Қазақстан облысының N 5 (Саумалкөл кенті) уран өндіруші кеніш басқармаларының объектілерінде және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша экологиялық қауіпсіздікті және халықты денсаулыққа қауіпті радиоэкологиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істемейтін уран кеніштерін консервациялау, оларды және уран кен орындарын игерудің зардаптарын жою, техногендік уран қалдықтарын көму жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның уран өнеркәсібінің консервацияланған жұмыс істемейтін кәсіпорындарының шұрайландырылғаннан (таратылғаннан) кейінгі мониторингі мен мемлекеттік мүлкінің сақталуын және олардың мақсатты қаржыландырылуы мен бюджет қаражатын пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N 1215 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты жұмыс істемейтін уран кеніштерін консервациялау мен таратуды, техногенді уран қалдықтарын көму және Қазақстан Республикасында қоршаған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатында бүлінген жерлерді қайта культивациялау, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес республикалық бюджеттің қаражаты есебінен консервацияланған уран кеніштерінің шұрайландырылғаннан (таратылғаннан) кейінгі мониторингін жүзеге асыру және оларды қорғау болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын, Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы (уәкілетті орган) болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N 1215 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жарғылық қорды қалыптастырсын;
Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен тіркесін;
Кәсіпорынның басшысын тағайындасын;
Кәсіпорынның жарғысын тіркегеннен кейін оны Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне кіргізу туралы ұсыныс енгізсін;
Кәсіпорынның, оны белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісіп, Ақмола облысындағы N 3, 4 және Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 5 өндіруші кеніш басқармаларының уран кеніштерін консервациялау және тарату жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуін және бекітуін қамтамасыз етсін; <*>
осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.06. N 1349 қаулысымен .
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған мемлекеттік бюджет туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңында несиелендіруге көзделген қаражаттың есебінен, Солтүстік Қазақстан облысындағы N 3 және 5 уран өндіруші кеніш басқармаларының уран кеніштерін консервациялау және тарату жөніндегі кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша Кәсіпорынға несие беру үшін, "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамына 74200,0 (жетпіс төрт млн. екі жүз) мың теңге, оның ішінде:
1) N 3 кеніш басқармасы үшін - 27700 мың теңге;
2) N 5 кеніш басқармасы үшін - 46500 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлсін.
3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынға қосымшаға сәйкес N 3, 4 және 5 кен басқармалары таратылғаннан кейін қалған консервацияланған объектілерді беруді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.08. N 1215 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі