"N 3 кеніш басқармасы", "N 4 кеніш басқармасы" және "N 5 кеніш басқармасы" кәсіпорындары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 қыркүйек N 1349

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Ақмола облысының "N 3 кенiш басқармасы", "N 4 кенiш басқармасы" және Солтүстiк Қазақстан облысының "N 5 кенiш басқармасы" кәсiпорындары таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кіріс министрлігі мен "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегі агенттігi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) "N 3 кенiш басқармасы", "N 4 кенiш басқармасы" және "N 5 кенiш басқармасы" кәсiпорындарының заңнамада белгіленген тәртiппен таратылуын қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 585
               қаулысымен. P010585_
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі:
      1) Қаржы министрлiгімен бiрлесiп 2001 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссияның қарауына, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерiне капиталдандыруды ескере отырып, жалақы жөнiндегi берешектердi өтеуге және еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты өмiрлерi мен денсаулықтарына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердiң шығыстарын енгiзу туралы мәселенi енгізсiн;
      2) 2001 жылдан бастап, заңнамада белгiленген тәртiппен таратылатын "N 3 кенiш басқармасы", "N 4 кенiш басқармасы" және "N 5 кенiш басқармасы" кәсіпорындары қызметкерлерiнiң тиесiлi төлемдерiн алуын қамтамасыз етсiн.
      4. "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1311 P981311_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      кiрiспесi Ақмола облысындағы N 3 (Заозерный поселкесi) және N 4

 

(Красногорский поселкесi) және Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 5

(Саумалкөл поселкесi)" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтін бойынша

жазылсын;

     2-тармақтың алтыншы абзацындағы "Солтүстiк Қазақстан облысындағы N 3"

және N 5" деген сөздер "Ақмола облысындағы N 3, 4 және Солтүстiк Қазақстан

облысындағы N 5" деген сөздермен ауыстырылсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады