Астана қаласындағы 240 орындық аурухана кешенінің құрылысын салуды аяқтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 қазан N 1524

      Астана қаласындағы 240 орындық аурухана кешенінің құрылысын салуды аяқтау және оны пайдалануға беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы 240 орындық аурухана кешенінің құрылысын салудың құнын 11407093422 жапон йенасына дейін арттыру және Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен "Societe Generale London" банкі арасындағы 1997 жылғы 22 мамырдағы Заем туралы келісім мен 1999 жылғы 28 қыркүйекте қол қойылған Заем туралы қосымша келісім бойынша 977592999 жапон йенасынан аспайтын сомадағы пайдаланылмаған қаражаты және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2947813822 жапон йенасынан аспайтын сомада қосымша тартатын сыртқы заем есебінен қаржыландырылатын Астана қаласындағы 240 орындық аурухана кешенінің құрылысын салуды аяқтау үшін 3590246821 жапон йенасы сомасына қосымша келісім-шарт жасау жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына өзгерістер енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бірлесіп аурухана кешенінің құрылысын салу және оны "кілтімен тапсырып" аяқтау жөніндегі жұмыстарды ескеріп, объект құрылысын салудың жалпы сметалық құнын бекітсін.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі:
      1) Заңнамада белгіленген тәртіппен "Fitzpatrik International Limited" компаниясымен 1996 жылғы 3 желтоқсанда жасалған келісім-шартты бұзсын;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша 3590246821 жапон йенасынан аспайтын сомаға Астана қаласындағы 240 орындық аурухана кешенінің құрылысын салуды аяқтауға "Fitzpatrik International Limited" компаниясымен келісім-шарт жасассын;
      3) сыртқы үкіметтік заемның бөлінген қаражаты мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының мақсатты пайдаланылуын және объект құрылысын салудың бақылауын қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) 2947813822 жапон йенасынан аспайтын сомаға қосымша сыртқы заем тарту туралы "Societe Generale London" банкімен келіссөздер жүргізсін;
      2) қосымша тартылатын сыртқы заемның қаржылық шарттары бойынша қорытынды әзірлесін, осы сыртқы заем бойынша қажетті құжаттарды ресімдесін және жасассын;
      3) 2001 жылдан бастап республикалық бюджетте аурухана кешенінің құрылысын салуды аяқтауды қаржыландыруға тиісті қаражат бөлінуін және осы қаулыға сәйкес қосымша тартылатын заемды өтеуге және оған қызмет көрсетуге қаражат көздесін;
      4) қосымша тартылатын заемның тіркелуі, мониторингі мен іске

 

асырылуын бақылауды, оның өтелуі мен қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.

     6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен қосымша тартылатын заемның Қазақстан Республикасының заңнамалық

кесімдеріне сәйкестігі туралы заң қорытындысын ресімдесін.

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады