Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы Шекара арқылы заңсыз өткізілетін мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қазан N 1550

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 7 сәуірде Баку қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы Шекара арқылы заңсыз өткізілетін мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі



       Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен
    Әзербайжан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнің арасындағы
   Шекара арқылы заңсыз өткiзілетiн мәдени құндылықтарды ұстау және
   қайтару мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы
                             Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi,
      мәдени құндылықтардың заңсыз әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi мемлекеттердiң кеден және өзге құзыреттi органдары қорғалуына жәрдемдесуге мiндеттi халықтың мәдени игiлiгiне нұқсан келтiретiнiн атап көрсете отырып,
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру мақсатында
      төмендегiлер туралы келiстi:

                             1-бап

      Қазақстан тарабынан осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi

уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 
Кеден комитетi болып табылады.
     Әзербайжан тарабынан осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi 
уәкiлеттi орган Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 
болып табылады.
     Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары 
өзгерген кезде Тараптарға дипломатиялық арналар бойынша уақтылы 
хабарланатын болады.
     
                            2-бап
      
     Тараптар мәдени құндылықтардың Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк 
шекаралары арқылы заңсыз өткiзiлуіне қарсы күрестi күшейтуге ұмтылатын 
болады.
     
                            3-бап
     
     Мәдени құндылықтар Тараптар мемлекеттерінiң ұлттық заңдарының 
ережелерiмен қарастырылған жағдайларда осы мемлекеттерден әкетуге берiлген 
тиiстi рұқсат болған ретте әкетiледi.
     Осы келісiм бойынша мәдени құндылықтар түсiнiгi әрбiр Тарап
мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес анықталады.
       
                            4-бап
     


      Мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсатты аумағынан әкету жүзеге

асырылатын Тарап мемлекетiнiң соған уәкiлеттi органы бередi.
     
                            5-бап
     
     Мәдени құндылықтарды өткiзушi жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың 
өкiлдерi өздерiнде осындай құндылықтардың бар екендiгi туралы хабарлауы  
және оларды кедендiк бақылау үшiн әкетуге берiлген рұқсаттармен бiрге 
көрсетуге тиiс.
     Мәдени құндылықтарды әкетуге берiлген рұқсаттар болмаған жағдайда  
олар ұсталады және бұл туралы осы құндылықтар мемлекетiнiң аумағынан   
әкетiлген Тараптардың бiрiне дереу хабарланады. Мұндай жағдайларда мәдени 
құндылықтарды әкетуге берiлген рұқсаттарды көрсетуге екi айдан аспайтын 
мерзiм белгiленедi.
     
                            6-бап
     
     Тараптар:


      - әкетуге берiлген рұқсаттармен қоса алып жүрiлмеген, ұсталған мәдени құндылықтарды әкетiлген мемлекетке қайтаруды;
      - мәдени құндылықтарды заңсыз өткiзгендiгi үшiн ұсталған тұлғаларды жауапқа тартқан жағдайларда, осы құндылықтарды әкетiлген мемлекетке қайтаруды, аталған тұлғалардың жауапқа тартылғандығы туралы шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн жүргiзіледi;
      - қайтарылатын мәдени құндылықтарды тапсыру мен қабылдау үшiн өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тағайындауды;
      - Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес әкетуге тыйым салынған мәдени құндылықтар туралы өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз ететiн болады.

                            7-бап

      Тараптардың кеден органдары ұстаған мәдени құндылықтар осы Келiсiмнiң 5-бабында аталған тиiсті тексеруден кейiн жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғалардың өкiлдерiне тiкелей қайтарылады. Мәдени құндылықтарды қайтаруға байланысты буындаған барлық талаптарды аумағынан әкету жүзеге асырылатын мемлекет қарастырады.

                            8-бап

      Тараптар, мамандардың сапарларымен (егер Тараптардың бiрi қажет деп санаса), ұсталған мәдени құндылықтардың сақталуымен, тасымалымен әкелiнген немесе транзит мемлекетiнен әкетiлген мемлекетке қайтаруға байланысты туындаған шығыстардың орнын толтыруды қоспағанда, осы Келiсiмдi пайдалану жөнiнде бiр-бiрiне өзара қайтарымсыз көмек көрсетедi. Аталған шығыстарды әкету жүзеге асырылған мемлекеттiң кеден қызметi өтейдi.
      Осы Келiсiмге сәйкес қайтарылатын мәдени құндылықтарға кедендiк немесе басқа да төлемдер салынбайды.

                              9-бап

      Тараптар ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде тұрақты кеңеседi және осы Келiсiмдi орындау шеңберiнде тәжiрибе алмасуды жүзеге асырады.
      Тараптар арасындағы хат-хабар орыс тiлiнде жүргiзiлетiн болады.

                             10-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге және орындауға байланысты туындаған барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялармен келiссөздер арқылы шешiледi.
      Екi Тараптың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас

бөлiгi болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
     
                            11-бап
     
     Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн Тараптар бiрден өздерiнiң 
мемлекеттерiнде мәдени құндылықтарды әкелудiң тәртiбiн анықтайтын 
нормативтiк құқықтық актiлердiң көшiрмелерiн алмасады және одан әрi осы 
нормативтiк құқықтық актiлердегi барлық өзгерiстер туралы жүйелi түрде 
хабарлап тұратын болады.
     
                            12-бап
     
     Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға 
сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
     
                            13-бап
     


      Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Әзербайжан Республикасы Кеден комитетiнiң арасындағы Контрабандамен және кеден ережелерiн бұзушылықпен күрестегi ынтымақтастық туралы 1993 жылғы ақпандағы келiсiм өз қолданысын тоқтатады.

                              14-бап

      Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады және Келiсiмнiң күшiне енуiн қамтамасыз ететiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша хабарлағаннан кейiн күшiне енедi. Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiмнiң тиiстi мерзiмi өтерден алты ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда мәлiмдемесе, ол келесi 5 жылдық мерзiмдерге ұзартылады және

күшiнде қала беретiн болады.
     Баку қаласында 2000 жылғы 7 сәуірде қазақ, әзербайжан және орыс 
тілдерiнде жасалды және де барлық мәтiннiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған
жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылатын болады.
     
     Қазақстан Республикасының         Әзербайжан Республикасының
    Мемлекеттiк кiрiс министрлігі      Мемлекеттік кеден комитетi
               үшін                             үшін
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады