"Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Қазақстан Республикасының Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N UСЕ-20.1-39-К/507 келiсiм-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшiн "Укрспецэкспорт" мемлекеттiк компаниясы" (Украина, Киев қаласы) беретiн әскери-техникалық мүлiктi Украинадан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, қосымшаға P940474_ сәйкес атаулы тiзбе мен санда алып өтуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданыстағы Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы Z980225_ келiсiмнiң Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес айрықша қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
Кеден комитетi
заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы әскери-техникалық мүлiктiң өтуiне бақылауды
қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi осы қаулының iске асыру мақсатында қажеттi шараларды
қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1847 қаулысына
қосымша
1997 жылғы 12 желтоқсандағы N UСЕ-20.1-39-К/507
келісім-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі үшін "Укрспецэкспорт" мемлекеттік
компаниясы" (Украина, Киев қаласы) беретін
әскери-техникалық мүліктің атаулы тізбесі мен саны
____________________________________________________________________
Жөнелтуші, ! Беретін ! СЭҚ ТН ! Өлшем !Саны! Ескерту
алушы, шекарадан ! арнайы ! коды ! бірлігі ! !
өту станциясы ! мүліктің ! ! (коды) ! !
!тізбесі мен! ! ! !
! атауы ! ! ! !
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
"Укрспецэкспорт" БТС-5 87100000 796 4
мемлекеттік тартқыштары
компаниясы"
Украина, Киев, Танктің 87100000 796 4
Дегтяревская, 36. ұңғылы
Алушы: Өзбекстан мұнаралары
Республикасының
Қорғаныс В-55 87100000 796 15
министрлігі. двигательдері
Өту шекарасы:
Озинки (Ресей В-46 87100000 796 15
Федерациясы) - двигательдері
Шеңгелді
(Қазақстан УТД-20 87100000 796 30
Республикасы) двигательдері
_____________________________________________________________________
Арналған станциясы - Ташкент (Өзбекстан Республикасы)
Барлығы: 6 платформа, 6 жабық вагон және қарауыл жеке құрамын
тасымалдауға арналған 1 вагон.
Ілесушілер - 5 адамнан тұратын қарауыл: қарауыл бастығы, қарауыл
бастығының көмекшісі, үш қарауыл.
Штаттық қару - 2 "ПМ" жүйесінің тапаншасы және 3 "АК" автоматы.
Алып өту 2002 жыл ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 29 қаулысымен.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.