Украинадан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери-техникалық мүлік алып өтуге рұқсат беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 желтоқсан N 1847

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Қазақстан Республикасының Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N UСЕ-20.1-39-К/507 келiсiм-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшiн "Укрспецэкспорт" мемлекеттiк компаниясы" (Украина, Киев қаласы) беретiн әскери-техникалық мүлiктi Украинадан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, қосымшаға P940474_ сәйкес атаулы тiзбе мен санда алып өтуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданыстағы Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы Z980225_ келiсiмнiң Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес айрықша қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң

 

Кеден комитетi 


Z952368_


  заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан

Республикасының аумағы арқылы әскери-техникалық мүлiктiң өтуiне бақылауды

қамтамасыз етсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi осы қаулының iске асыру мақсатында қажеттi шараларды

қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                           2000 жылғы 14 желтоқсандағы

                                                 N 1847 қаулысына

                                                     қосымша


          1997 жылғы 12 желтоқсандағы N UСЕ-20.1-39-К/507

          келісім-шарт бойынша Өзбекстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі үшін "Укрспецэкспорт" мемлекеттік

            компаниясы" (Украина, Киев қаласы) беретін

        әскери-техникалық мүліктің атаулы тізбесі мен саны

  ____________________________________________________________________

    Жөнелтуші,        ! Беретін   !  СЭҚ ТН  !  Өлшем  !Саны! Ескерту

  алушы, шекарадан    ! арнайы    !    коды  ! бірлігі !    !

    өту станциясы     ! мүліктің  !          ! (коды)  !    !

                      !тізбесі мен!          !         !    !

                      !  атауы    !          !         !    !

  ____________________________________________________________________

         1                  2          3          4       5      6

  ____________________________________________________________________

  "Укрспецэкспорт"     БТС-5         87100000    796       4     

  мемлекеттік          тартқыштары 

  компаниясы"      

  Украина, Киев,       Танктің       87100000    796       4

  Дегтяревская, 36.    ұңғылы

  Алушы: Өзбекстан     мұнаралары

  Республикасының

  Қорғаныс             В-55          87100000    796       15

  министрлігі.         двигательдері

  Өту шекарасы:

  Озинки (Ресей        В-46          87100000    796       15

  Федерациясы) -       двигательдері

  Шеңгелді

  (Қазақстан           УТД-20        87100000    796       30

  Республикасы)        двигательдері

_____________________________________________________________________


     Арналған станциясы - Ташкент (Өзбекстан Республикасы)

     Барлығы: 6 платформа, 6 жабық вагон және қарауыл жеке құрамын

тасымалдауға арналған 1 вагон.

     Ілесушілер - 5 адамнан тұратын қарауыл: қарауыл бастығы, қарауыл

бастығының көмекшісі, үш қарауыл.

     Штаттық қару - 2 "ПМ" жүйесінің тапаншасы және 3 "АК" автоматы.

     Алып өту 2002 жыл ішінде жүзеге асырылады.



     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 29 қаулысымен.



P020029_






Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады