Австрия несие желісінің шеңберінде мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша дефолт фактісіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада ( V950155_ , P971366_ , Z990464_ ) белгіленген тәртіппен:
1) "Алматы қаласында бес жұлдызды қонақ үй салу" жобасын қаржыландыру үшін австрия несие желісі шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Әлембанк (бұрынғы Қазсыртқыэкономбанк) пен Австрия Федеральдық қаржы министрлігі арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы келісімге өзгеріс нысанында берілген мемлекеттік кепілдіктің орындалуын, сондай-ақ 2000-2008 жылдары мемлекеттік емес сыртқы заемды өтеу жөніндегі олар орындамайтын бөлігінде "Рахат" қазақ-австрия бірлескен кәсіпорны" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде, шетелдік банктің берілген шоттарына сәйкес есептелген пайыздардың сомасын төлеуін;
2) "Рахат" қазақ-австрия бірлескен кәсіпорны" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Рахат" ЖАҚ) борышының мониторингін жүргізуді;
3) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ) және "Рахат" ЖАҚ-пен бірлесіп республикалық бюджет алдындағы "Рахат" ЖАҚ-тың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиісті кепіл келісімін ресімдеуін;
4) "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ және "Рахат" ЖАҚ-пен бірлесіп, келісімге қол қойылуын қамтамасыз етсін, онда:
осы қаулының 1-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормаларды;
"Рахат" ЖАҚ 2008 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда қайтарылатын
соманың 3 (үш) жылдық пайызы мөлшерінде сыйақы есептей отырып,
республикалық бюджетке ақшаларды қайтару тәртібін;
заем алушы - "Рахат" ЖАҚ-тың қаражаты есебінен "Қазақстан Эксимбанкі"
ЖАҚ-қа агенттік сыйақы төлеуді көздесін;
5) осы тармақтың 4) тармақшасын орындау жөніндегі ақпаратты 2001 жылғы
15 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынатын болсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.