1. 2001-2003 жылдарға арналған Құқықтық реформа жобасын iске асыруға көзделген Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң N 4467 КZ заемы (бұдан әрi - Заем) қаражатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әдiлет министрлiгi арасында бөлу туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы N 248 P000248_ қаулысына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына 7 103 000 (жетi миллион жүз үш мың) АҚШ доллары мөлшерiнде Заем қаражатын, сондай-ақ республикалық бюджеттен 1 100 000 (бiр миллион жүз мың) АҚШ долларына тең мөлшерде қоса қаржыландыру қаражатын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн жауапкершiлiк жүктелсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 9 397 000 (тоғыз миллион үш жүз тоқсан жетi мың) АҚШ доллары мөлшерiнде Заем қаражатын республикалық бюджеттен 900 000 (тоғыз жүз мың) АҚШ долларына тең мөлшерде ортақ қаржыландыру қаражатын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану үшiн жауапкершiлiк жүктелсiн.";
2) "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына: "Қазақстан Республикасының 2001 жылға арналған республикалық бюджетi" 1-қосымшада: "IV "Шығыстар" бөлiмiнде: 3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында: 2 "Құқықтық қызмет" iшкi функциясында "1 488 642" саны "1 386 638" санымен ауыстырылсын; 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: "1 488 642" саны "1 386 638" санымен ауыстырылсын; 39 "Құқықтық реформа" бағдарламасында "305 400" саны "203 396" санына ауыстырылсын; 80 "Сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру" бағдарламасында "305 400" саны "203 396" санымен ауыстырылсын; 3 "Сот қызметi" iшкi функциясында "3271650" саны "3373654" санымен ауыстырылсын; 501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша: "3271650" саны "3373654" санымен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бағдарламамен және кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "39 Құқықтық реформа 102004 80 Сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру 102004"; "Республикалық бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) өткiзу нысандары" 2-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлiмде: 3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында: 3 "Сот қызметi" iшкi функциясында: 501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша: мынадай мазмұндағы бағдарламамен және кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "39 Құқықтық реформа 80 Сыртқы заемдар есебiнен жобаны iске асыру Инв. жоба". 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келiсiмдi іске асыру жөнiндегi үйлестiру-байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 қаңтардағы N 128 P000128_ қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы N 128
қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1703 P001703_ қаулысы. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-Министрдің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.