Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. 2000 жылғы 15 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Ресей Өзен Регистрiнiң арасындағы ынтымақтастық туралы шарт бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгі мен Ресей Өзен Регистрiнiң арасындағы ынтымақтастық туралы ШАРТ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Ресей Өзен Регистрi кемелердi техникалық қадағалау және оларды жiктеу саласында ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып, мыналар туралы келiстi:
1-бап
Тараптардың әрқайсысы оның келiсiмi және басқа Тараптың тапсырмасы болған кезде, басқа Тарап сыныбы бар кемелердi жасау, қайта жабдықтау, жөндеуге, сондай-ақ материалдарды және бұйымдарды дайындауға техникалық қадағалауды жүзеге асырады. Өзара орын басудың нақты шарттары өзара орын басу туралы хаттамада немесе келiсiмде, немесе жазбаша тапсырмада бейнеленедi.
2-бап
Тараптардың әрқайсысы капитанның немесе кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша басқа Тарап сыныбы бар кеменi пайдалануда техникалық куәландыру жүргiзуi мүмкiн. Осындай өтiнiш алған Тарап бiр апта iшiнде басқа Тараптан техникалық куәландыруға келiсуiн және қажеттi нұсқауларды сұрауы тиiс.
3-бап
Кемелердi жасау, қайта жабдықтау және жөндеу, материалдарды, кеме жабдықтарын даярлауға техникалық қадағалауды және кемелердi пайдалануда куәландыруды жүзеге асыру кезiнде Тараптардың әрқайсысы, сыныбы кемеге берілуi тиiс Тараптың Ережелерiн басшылыққа алатын болады, ал қадағалау, қадағалауды жүзеге асыратын Тараптың жұмыс процедураларына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
4-бап
Қадағалауды жүзеге асыратын Тарапта басқа Тараптың Ережелерiн пайдалануға немесе құжаттарын тағайындауға қатысты күдiк туындаса, ол бiр апта үшiнде сәйкес түсiнiктемелер алу үшiн басқа Тарапқа бұл жөнiнде хабарлауы тиiс.
5-бап
Кемелердi жасау, қайта жабдықтау мен жөндеуге, сондай-ақ кеме сыныбына әсер ететiн жабдықтарға техникалық құжаттарды кемеге сынып беретiн Тарап өзiнiң техникалық талаптарына сәйкес келiседi. Жұмыс сызбалары оның техникалық жобасы мен сыныбына байланысты кеме жасалатын Тараптың ережелерiне сәйкес қадағалау жүргізетiн Тараппен қаралады және мақұлданады.
6-бап
Кеменi жасау, қайта жабдықтау және жөндеу аяқталғаннан кейiн Ережелермен реттелетiн кеме құжаттарының бiр нұсқасы кемеге сыныбы берiлетiн Тарапқа тапсырылады. Пайдалануда тұрған кеме куәландырылғаннан кейiн немесе материалдарды және кеме жабдығын дайындауға қадағалау орындалғаннан кейiн куәландыруды жүргізген Тарап басқа Тарапқа берiлген құжаттардың бiр-бiр нұсқасын тапсырады.
7-бап
Тараптардың екеуiмен танылған халықаралық шарттармен, үкiмет аралық келiсiмдермен және Тарап мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен көзделген құжаттар кемеге жалауымен жүзу құқығы берiлген мемлекет үкiметiнiң уәкiл органдарымен берiледi. Осы орган кемелердiң халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестiгiн қадағалау, сондай-ақ бақылау тәртiбiн анықтайды. 8-бап Осы Шарт бойынша Тараптармен ресiмделген құжаттарда "... тапсырмасы бойынша" жазбасы жасалуы тиiс. 9-бап Тараптар олардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпаратпен алмасады. Тараптар олардың қызметiнде қолданылатын Ережелермен, олардың кемелердi пайдалану ерекшелiгiнен және басқа себептерден туындаған өзгерiстермен және толықтырулармен, қызметтегi жарғылармен, басшылықтармен, нұсқаулықтармен, техникалық нормалармен алмасады. 10-бап Қажет болған жағдайда Тараптар Ережелер мен техникалық нормаларды қолдану және түсiндiру жөнiнде техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер саласында, сондай-ақ ғылыми-техникалық жұмыс мәселелерi жөнiнде кеңестер жүргізедi. 11-бап Басқа Тараптың тапсырмасы бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын Тарап тоқсан сайын басқа Тарапқа жасалған және жоспарланған жұмыс туралы ақпарат бередi. 12-бап Осы Шартпен көзделген қадағалау жұмыстарының құны Тараптардың бiреуiнiң тарифi бойынша белгiленедi. Төлем мынадай үлгiмен бөлiнедi: - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша Ресей Өзен Регистрiнiң қадағалауы немесе куәландыруы кезiнде: - Ресей Өзен Регистрiне - 70 % - Қазақстан Республикасының бюджетiне - 30 % - Ресей Өзен Регистрiнiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қадағалауы немесе куәландыруы кезiнде: - Ресей Өзен Регистрiне - 30 % - Қазақстан Республикасының бюджетiне - 70 % Қаржылық есептер қадағалау бойынша орындалған жұмыстар туралы жарты жылдық есептердiң негiзiнде жүзеге асырылады. Есептерде қадағалау заты, тиiстi шоттардың сомалары, берiлген құжаттардың нөмiрлерi мен бөлiнуге арналған сома көрсетiледi. Банк деректемелерi: Ресей Өзен Регистрi МБ АК СБ РФ Мәскеу қаласы, Измайлов ОСБ 2695/1302 Е/ш 40503810038340100016 К/ш 30101810600000000342 БИК 044525342 ИНН 7719037972 Көлiктiк бақылау комитетi Астана қаласы, Сарыарқа ауданы бойынша Салық комитетi Астана қаласы қазынашылық басқармасы коды 202108 "Мемлекеттiк мекемелермен ұсынылатын қызмет көрсетуден түсiмдер" Е/ш 000080900 РНН 195301041 МФО 620300000000 Республикалық бюджет табысына Тараптардың әрқайсысы өздерiнiң банк деректемелерiнiң өзгергенi жөнiнде басқа Тарапқа жедел мәлiмдейдi. 13-бап Тараптар осы Шарттан туындаған өзiнiң өкiлеттiктерiн басқа бiлiктiлiк ұйымдарына тапсыра алмайды. 14-бап Тараптардың әрқайсысы мүдделi органдар мен ұйымдарға осы Шартты жасағаны туралы мәлiмдейдi. 15-бап Тараптардың әрқайсысы осы Шартты бұзуға болжанған күнге дейiн, кемiнде алты ай бұрын басқа Тарапқа бұл жөнiнде жазбаша хабарлап, осы шартты бұзуға құқығы бар қадағалауға байланысты және Шартты бұзу күнiнде әлi аяқталмаған жұмыстар осы шарттың ережелерiне сәйкес аяқталуы тиiс. 16-бап Осы Шартқа Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын дербес Хаттамамен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгізілуi мүмкін. 17-бап Осы Шарт бес жыл мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекет ішiлiк процедуралардың Тараптармен орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаның күнiнен бастап күшiне енедi. 2000 жылғы 15 тамызда Астана қаласында екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi екi мәтiннiң бiрдей күшi бар. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруге келіспеушіліктер пайда болған кезде Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясының Көлік және коммуникациялар Ресей Өзен Регистрі үшін министрлігі үшін Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.