Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 наурыз N 373

      Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мәселелері жөніндегі 2001 жылға арналған шығыстарын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ДСҰ мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бекітілген, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Женева қаласындағы 1 хатшы дәрежесіндегі өкілін ұстауға 83 600 (сексен үш мың алты жүз) АҚШ долларына баламалы сомада ақша қаражаты;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне мынадай

 

шығыстарды жабу үшін 980 400 (тоғыз жүз сексен мың төрт жүз) теңге;

     Ағылшын тілі кәсіби аудармашысының қызметіне ақы төлеуге 751 300

(жеті жүз елу бір мың үш жүз) теңге;

     ДСҰ хатшылығымен және Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі жұмыс тобы

мүшелерімен (30 ел) халықаралық байланыс қызметіне ақы төлеуге 229 100

(екі жүз жиырма тоғыз мың жүз) теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады