Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 U010585_ Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі N 560 P010560_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысының әкімшілік орталығын
көшіруге байланысты мәселелерді шешу жөніндегі комиссияның құрамына:
"Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі, төраға" деген жолдағы ", төраға" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген Комиссия құрамына Ахметов Даниал Кенжетайұлы - Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға болып
енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.