Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 сәуір N 560

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" 2001 жылғы 14 сәуірдегі N 585 U010585_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы облысының әкімі:
      1) мемлекеттік органдардың басқа жерде (Талдықорған қаласына) жұмысқа ауысудан бас тартқан қызметкерлері туралы мәліметті заңнамамен белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуларына көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне (келісім бойынша) ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Алматы қаласында орналасқан босайтын мемлекеттік меншіктегі қызметтік ғимараттар мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.
      2. Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіруге байланысты

 

мәселелерді шешу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

     3. Комиссияның ұсынылып отырған құрамы бекітілсін.

     4. Комиссия Алматы қаласында босайтын мемлекеттік меншіктегі

қызметтік ғимараттар мен құрылыстарды одан әрі тиімді пайдалану жөніндегі

ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне

енгізсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                              Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                   2001 жылғы 26 сәуірдегі

                                    N 560 қаулысымен

                                        бекітілген


     Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіруге байланысты

           мәселелерді шешу жөніндегі комиссияның

                            құрамы


     Ахметов Даниал             - Қазақстан Республикасы                  

     Кенжетайұлы                  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, 

                                  төраға




     Досаев                     - Қазақстан Республикасының

     Ерболат Асқарбекұлы          Қаржы вице-министрі


     Долженков                  - Алматы облысы әкімінің бірінші

     Виктор Анатольевич           орынбасары


     Жылқайдаров                - Талдықорған қаласының әкімі

     Сәкен Егінбайұлы     


     Оразәлиев                  - Қазақстан Республикасының Ішкі

     Молдияр Молыбайұлы           істер бірінші вице-министрі


     Нәлібаев                   - Қазақстан Республикасының Көлік

     Әбдіқалық Зәкірұлы           және коммуникациялар бірінші

                                  вице-министрі


     Котлов                     - Қазақстан Республикасының Әділет

     Андрей Николаевич            вице-министрі


     Өмірбаев                   - Қазақстан Республикасының Еңбек

     Әділхан Әбдірахманұлы        және халықты әлеуметтік қорғау

                                  вице-министрі


     Комаров                    - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Геннадий Григорьевич         министрлігінің Мемлекеттік мүлік

                                  және жекешелендіру комитеті

                                  төрағасының орынбасары


     Шәкенов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Мұхамбетқасым Қойшыбайұлы    Министрі Кеңсесінің Аймақтық

                                  даму бөлімінің бас инспекторы


     Ахметжанов                 - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

     Саян Қылышұлы                агенттіктің Құқық департаментінің

                                  директоры (келісім бойынша)


Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.04. N 603 қаулысымен.



P010603_
 



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады