"Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының А310-300 әуе кемелерінің қаржылық лизингі бойынша берешегін қайта құрылымдау және осы әуе кемелерін сатып алу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 мамыр N 625. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.07.24. N 999 қаулысымен. ~P010999

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ) "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясының алдында жиналған берешегін өтеу және А310-300 әуе кемелерінің (сериялық нөмірлері 399 және 412) қаржылық лизингін қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың 1999 жылғы 10 сәуірдегі Жалдау шартына және Қатысу туралы шартқа, сондай-ақ 1999 жылғы 4 маусымдағы Құқықтар мен міндеттемелерді қайта беру және қабылдау шартына сәйкес "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-та қаржылық лизингтегі екі А310-300 әуе кемесін (сериялық нөмірлері 399 және 412) "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясын 16 (он алты) миллион АҚШ долларына:
      1) 1999 жылғы 28 мамырдағы N 0000036 мемлекеттік кепілдікпен тартылған мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясының алдындағы 6 (алты) миллион АҚШ доллары мөлшерінде жиналған берешегін 2001 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен қайтарымды негізде өтеу;
      2) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен 10 (он) миллион АҚШ доллары мөлшерінде тартып отырған қаржы қаражаты есебінен "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясынан екі А310-300 әуе кемесін (сериялық нөмірлері 399 және 412) сатып алу жолымен мерзімінен бұрын сатып алу туралы бірлескен ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ және "Boeing Netherlands Leasing В.V." компаниясының арасында "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың меншігіне әуе кемелерін (сериялық нөмірлері 399 және 412) сатып алу туралы шартқа және осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Шарттарды бұзу туралы шартқа және өзге де қажетті құжаттарға қол қойылуын;
      2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен "Эйр Қазақстан" ЖАҚ арасында әуе кемелерінің (сериялық нөмірлері 399 және 412) барлық техникалық сипаттамасын және "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың әуе кемелеріне (сериялық нөмірлері 399 және 412) техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық талапты сақтауын ескере отырып, мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету ретінде әуе кемелерін (сериялық нөмірлері 399 және 412 ) кепілзатқа қою туралы шартқа қол қойылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің қарсы кепілдігі берілуін;
      3) осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың әуе кемелерін (сериялық нөмірлері 399 және 412) сатып алу бойынша міндеттемелерді орындауы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен 10 (он) миллион АҚШ доллары сомасына заем тартуын;
      4) 1999 жылғы 28 мамырда берілген N 0000036 мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару мерзімдері және шарттары жөнінде "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-пен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) 1999 жылғы 28 мамырда берілген N 0000036 мемлекеттік кепілдікке сәйкес "Boeing Netherlands Leasing В.V." шотының негізінде "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың "Boeing Netherlands Leasing В.V." алдындағы 6 (алты) миллион АҚШ доллары мөлшерінде жиналған берешегін 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен өтеуді жүргізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-пен бірлесіп, бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараны қабылдасын;
      3) бұрын берілген 1999 жылғы 28 мамырдағы N 0000036 мемлекеттік кепілдікті әуе кемелерін (сериялық нөмірлері 399 және 412) сатып алу үшін 10 (он) миллион АҚШ доллары мөлшерінде тартылған заем бойынша "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде жаңа несие берушіге қайта ресімдесін.
      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі несие берушіге

 

мемлекеттік кепілдіктің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі

туралы заңдық қорытынды берсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады