1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен резидент заңды тұлғалары үшін 2001 жылғы 4 шілдеден бастап 4 қазанға дейін мынадай алымдар түрлері бойынша нөлдік ставка белгіленсін:
1) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдарды тіркегені үшін;
2) лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін;
3) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын және олар бойынша мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
4) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін.
2. 2001 жылғы 4 шілдеден бастап 4 қазанға дейін:
1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1037 P951037_ қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым төлеудің және оның ставкалары тәртібінің "Алым ставкалары" IV бөлімі 7-тармағы 1-абзацының және 8-тармағының;
2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 P951127_ қаулысымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережеге қосымшаның;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 P961316_ қаулысымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және ақпараттық қызмет көрсеткен үшін төлем алу тәртібі туралы ереженің "Тіркегені және ақпараттық қызмет көрсеткені үшін төлем мөлшері" 4-бөлімінің 6-тармағы а) және б) тармақшаларының;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 P961405_ қаулысымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы ереженің "Алым ставкалары" IV бөлімі 6-тармағының үшінші және төртінші абзацтарының күші тоқтатыла тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2001 жылғы 4
шілдеден бастап 4 қазанға дейін Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері мен азаматтарына тиісті куәліктер мен лицензияларды олардың жоғарыда аталған алымдарды төлеуі туралы түбіршекті немесе өзге де төлем құжатын ұсынуынсыз беруді жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.