Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеудiң және оның ставкаларының Тәртiбiн бекiту туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 шiлде N 1037. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.06. N 1586 қаулысымен. ~P011586

      ЕСКЕРТУ. Қаулы тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N
               1057 қаулысымен. P991057_
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер

 

туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24

сәуiрдегi N 2235 


Z952235_


  Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн

алым төлеудің және оның ставкаларының Тәртiбi бекiтiлсiн.



   ЕСКЕРТУ. 2-ші абзац жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057

            қаулысымен. 


P991057_




     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi

                                               Қазақстан Республикасы

                                               Министрлер Кабинетiнiң

                                               1995 жылғы 28 шiлдедегi

                                                  N 1037 қаулысымен

                                                     БЕКIТIЛГЕН


          Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды

     тiркеу үшiн алым төлеудiң және оның ставкаларының Тәртiбi




      ЕСКЕРТУ. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057

               қаулысымен. 


P991057_




                           ЕРЕЖЕ


                   I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және күшiне енедi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057
               қаулысымен. P991057_
      2. Тәртiп жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк нысанын (қосымша) және заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды (жеке кәсіпкерлерді) мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеудің тәртiбiн белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057
               қаулысымен. P991057_
      3. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу өз бетiмен тiркелу сипатында жүргiзiледi және олар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеке кәсiпкерлер ретiнде есепке алынады.
      Жеке тұлғаларға мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беруді

 

қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар тапсырылған күні аумақтық

салық органдары жүзеге асыруға тиiс.



     Егер өтiнiште өзгеше мерзiм көрсетiлмесе, жеке кәсiпкердi

мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк мерзiмсiз берiледi.



     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057

              қаулысымен. 


P991057_



     4. Жеке кәсiпкерлердi салық төлеушiлер ретінде есепке алу мен

оларға салық салу тәртібi салық заңдарына сәйкес жүргізіледі.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057

              қаулысымен. 


P991057_




                   II. Алым төлеушiлер


     5. Заңның 9-бабына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге

жататын жеке кәсiпкерлер жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке

тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеушiлер болып табылады.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057

              қаулысымен. 


P991057_




                   III. Алым төлеуден босату


     6. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы:

     шаруа (фермер) қожалығы құрамындағы;




     ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09.

              N 987 қаулысымен. 


P960987_



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақтан абзацтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің

              1999.07.24. N 1057 қаулысымен. 


P991057_




                   IV. Алым ставкалары



 
       7. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым алымды төлеген күнгi қолданылып жүрген есептiк көрсеткiштiң төрт еселенген көлемi мөлшерiнде алынады.
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда кәсiпкер қайта тiркелудi жүзеге асырып, жаңа куәлiк алуға мiндеттi.
      Кәсiпкер мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда оның өтiнiшi бойынша оған куәлiктiң көшiрмесi берiледi.
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн бергенi үшiн кәсiпкерден көшiрме бланкiсiнiң құны алынады.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09.
               N 987 қаулысымен. P960987_
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.24. N 1057
               қаулысымен. P991057_
      Ескерту. 7-тармақтың 1 абзацының күші 2001 жылғы 4 шілдеден 10
               қазанға дейін тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің 2001.06.01.
               N 751 қаулысымен. P010751_
      8. Барлық санаттағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестiрiлгендер, Совет Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағы бар, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталғандар адамдар, зейнеткерлер, "Алтын алқа" және "Ер-ана" атақтарына ие болған көп балалы аналар белгiленген алымның 50 процентi мөлшерiнде төлейдi.
      Ескерту. 8-тармақтың күші 2001 жылғы 4 шілдеден 10 қазанға дейін
               тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің 2001.06.01. N 751
               қаулысымен. P010751_
 
                V. Алым төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
 
      9. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алымды олар өз беттерiнше, тiркеу органдарына хабарласқанға дейiн төлейдi.
      10. Тiркеу алымы халықтан салықтар мен алымдар төлемiн қабылдайтын банк мекемелерi немесе басқа мекемелер арқылы төленедi.
      11. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн төленетiн алым жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есепке алынады.
      12. Тiркеу органына жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алымын төленгендiгi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасы берiледi.
      13. Төленген тiркеу алымы қайтаруға жатпайды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады