Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қазан N 1316. Күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 2002.03.29. N 373 қаулысымен. ~P020373

      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын

мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығын
 

U952727_

  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi 
қаулы етедi:
     Берiлiп отырған Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмiлелердi және ақпараттық қызмет көрсетулердi
мемлекеттiк тiркеу үшiн ақы алудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 қазандағы
                                           N 1316 қаулысымен
                                            бекiтiлдi
            Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
     мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi
                      үшiн төлем алу тәртiбi туралы
                                ЕРЕЖЕ
                   1. Жалпы ереже
     


      1. Осы Ереже "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ Заң күшi бар Жарлығының 32 бабына сәйкес әзiрленiп, қолданылады.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсетудi тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органдары (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.

                    2. Төлемшiлер

      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн, заңды және жеке тұлға төлем жасайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.04.08. N 505 қаулысымен. P970505_

                3. Тiркегенi үшiн төлем жасаудан босату

      4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн төлем жасаудан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестiрiлген тұлғалар, I және II топтағы мүгедектер және бөлек тұратын зейнеткерлер, сондай-ақ заң актiлерiне сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi пайдаланатын өзге де адамдар босатылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 621
               қаулысымен. P980621_

      5. Прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың сұрауы бойынша ақпаратты олардың құзырына сәйкес, тiркеушi орган ақысыз негiзде бередi. Бұл жағдайда талап етушi орган сұраған ақпараттарына негiздеме беруi тиiс.

                4. Тiркегенi және ақпараттық қызмет көрсеткенi
                           үшiн төлем мөлшерi

      6. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем төленетiн күнi республикада белгiленген айлық есеп көрсеткiшi тұрғысынан саналатын мынадай мөлшерде төлем алынады:
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн;
      а) жеке тұлғалардан - жарты айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде; <*>
      б) заңды тұлғалардан - 10 айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде; <*>
      ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн жеке және заңды тұлғалардан жарты айлық есеп көрсеткiшi мөлшерiнде төлем алынады.
      Ақпараттық қызмет көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12
               қаулысымен. P000012_
      Ескерту. 6-тармақтың а),б)-тармақшаларының күші 2001 жылғы 4 шілдеден
               10 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің
               2001.06.01. N 751 қаулысымен. P010751_

               5. Төлем төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi

      7. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем банк мекемесiне, тiркеу органына өтiнiш бергенге дейiн төленедi.
      8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін ақыны есептеу жергілікті бюджеттердің кірісіне жүргізіледі.
      Ақпараттық қызмет көрсеткені үшін ақы тіркеуші органның шотына есептеледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505
               қаулысымен. P970505_
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.15. N 1261
               қаулысымен. P971261_
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. N 12
               қаулысымен. P000012_
      9. Тiркеу органына жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу немесе ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн төлем төленгендiгi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi берiледi.
      10. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын

мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi осы Ереженiң 4-тармағында
анықталған жағдайлардан басқа төлем төлемей жүргiзуге тыйым салынады.
     11. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылса мынадай жағдайдан
басқаларға төленген төлем қайтарылмайды:
     осы Ереже талабы бойынша үлкен мөлшердегi төленген төлемге;
     тiркеудi жүргiзуге бас тартқан төлемдi төлеген тарапқа.
                 6. Төленген төлем үшiн жауапкершiлiк
     
     12. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызмет
көрсеткенi үшiн төлемдi толығымен және уақтылы төлеуге жауапкершiлiк
тiркеу органына жүктеледi.
                 7. Аударылған төлемге бақылау
     


      13. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн төлемдi жергiлiктi бюджет табысына толығымен және уақтылы аударуға бақылауды салық органдары жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады