"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 маусым N 775

 


     "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау

жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы

25 қаңтардағы N 140 


P010140_


  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                           Жоба


                      Қазақстан Республикасының Заңы


                         Инновациялық қызмет туралы


     Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды

реттейдi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асырудың негiзiн қалаушы

принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды.


                        1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


            1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар


     Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:


 
       мемлекеттiк инновациялық саясат - инновациялық қызметтi дамытуға және ынталандыруға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi;
      инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелесу қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын өндiрiстiң әртүрлi салалары мен қоғамның басқару саласында жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiмнiң түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет;
      инновация - жаңа немесе жетiлдiрiлген тауар (жұмыс, қызмет көрсету), не экономикалық айналымда пайдаланылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi алу мақсатында санаткерлiк шығармашылық еңбектiң нәтижелерiн пайдалану;
      инновациялық бағдарлама - ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге бағытталған инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi;
      инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар, техникалық-экономикалық негiздемелер кешенiнен тұратын уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы жазбаша құжат;
      инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызмет субъектiлерiне

 

инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi инновациялық қызмет

көрсетулердi ұсынатын ұйымдар жиынтығы;

     уәкiлеттi орган - елдiң ғылыми-технологиялық даму басымдықтарына

сәйкес инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан

Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган.


              2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық

                         қызмет туралы заңдары


     1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары

Қазақстан Республикасының 


K951000_


  Конституциясына негiзделедi және

Қазақстан Республикасы Азаматтық 


K941000_


  кодексiнiң нормаларынан, осы

Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық

актілерінен тұрады.

     2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда

қамтылғаннан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi

қолданылады.


              2-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


                3-бап. Инновациялық қызметтiң мазмұны


     Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:


 
       жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi, экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi құруға бағытталған ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау және қызмет көрсету;

 

     инновациялық тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу

рыногын ұйымдастыру;

     технологиялық қайта жарақтандыруды және өндiрiстi дайындауды жүзеге

асыру;

     жаңа технологиялық процестердi, тауарларды, жұмыстар мен қызмет

көрсетулердi сынауды, сертификаттауды және стандарттауды жүзеге асыру;    

     жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi өндiрудiң бастапқы кезеңi,

инновациялық жобаның өтiмдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн

жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;

     инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;

     инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияны тарату;

     санаткерлiк меншiк объектiлерiне арналған құқықтарды және құпия

ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратты қорғау, беру және

сатып алу.


                 4-бап. Инновациялық қызмет субъектілері


     1. Инновациялық қызмет субъектілері:

     инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар;


 
       негiзгi қызметi инновацияны жасауға және оны өнеркәсiптiк өндiрiске беруге бағытталған инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерi (технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер (технопарктер), бизнес-инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының басқа да ұйымдары);
      инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк басқару органдары;
      инновацияларды өндiрушiлер мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер болып табылады.
      2. Инновациялық қызмет субъектiлерi инновациялық жобалар мен бағдарламалардың тапсырыс берушiлерiнiң және (немесе) орындаушыларының, инвесторлардың, инновациялық қызметiн нәтижелерiн тұтынушылардың, сондай-ақ инновациялық процеске қызмет көрсететiн және инновацияларды игеру мен таратуға жәрдемдесетiн ұйымдардың функцияларын орындай алады.
 
             3-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ
                   НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРI
 
       5-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың негiзгi мақсаттары
 
      1. Мемлекеттiк инновациялық саясат отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, елдiң экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын арттыру үшiн инновациялық қызметтiң басымдылығын мойындауға сүйене отырып қалыптасады және іске асырылады.
      2. Инновациялық қызметтiң негiзгi мақсаттары:
      ғылым мен техника жетiстiктерiнiң негiзiнде тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
      бәсекеге қабiлеттi экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы, қайта өңдеу өндiрiстерiн құруға бағытталған инновациялық бағдарламаларды iске асыру жолымен экономиканың салаларын дамыту тепе-тең теңгерiмдiлiгi;
      ғылым, бiлiм, өндiрiс және қаржы-несие саласының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      халықтың өмiр сүру деңгейi мен жұмыспен қамтылуын арттыру болып табылады.
 
            6-бап. Мемлекеттiк инновациялық саясаттың принциптерi
 
      Мемлекеттiк инновациялық саясаттың негiзгi принциптерi:
      Қазақстан Республикасын инновациялық даму жолына стратегиялық бағдарлау;
      мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруға бағытталған

 

инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттiк қолдау;

     мемлекеттiң инновациялық инфрақұрылымды дамытуға және инновациялық

қызмет үшiн кадрларды даярлауға қатысуы;

     мемлекеттiк тапсырыс бойынша жасалған инновацияларды сатудың

кепiлдендiрiлген рыноктарын қамтамасыз ету;

     қайтарымды негiзде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен

қаржыландырылатын республикалық мақсатты, қолданбалы ғылыми-техникалық

және инновациялық бағдарламалар бойынша инновациялық жобаларды конкурспен

іріктеу;

     инновациялық қызмет субъектiлерiнiң санаткерлiк қызметiне арналған

құқықтарын қорғау;

     мемлекеттiк, қызметтiк және коммерциялық құпия ақпаратты қоспағанда,

инновациялық қажеттілiктер мен ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет

нәтижелерi туралы ақпаратты тарату және жинау еркіндігі болып табылады.


              4-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ


          7-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының

    мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру жөніндегi өкiлеттiгi


     1. Қазақстан Республикасының Президентi:

     мемлекеттiк инновациялық саясаттың негiзгi басымдықтарын айқындайды;

     мемлекеттiк деңгейдегi инновациялық бағдарламаларды бекiтедi.

     2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:

     мемлекеттiк инновациялық саясатты айқындайды және iске асырады;

     мемлекеттiк деңгейдегi инновациялық бағдарламаны әзiрлейдi;

     салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды бекiтедi;


 
       республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға қатысады;
      инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мiндеттерiн, функцияларын және өкiлетiн айқындайды;
      қайтарымды негiздегi инновациялық бағдарламаларды мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етедi.
      3. Уәкiлеттi орган:
      елдiң инновациялық даму болжамын әзiрлейдi;
      инновациялық қызметтi дамыту жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге ұсынады.
      республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға бастамашы болады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялық қызметтi қаржыландыру және ынталандыру, инновацияны құруға арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;
      республикалық инновациялық қордың қаражаты есебiнен қайтарымды негiздегi инновациялық жобаларды iрiктеу мен қаржыландыру үшiн ережелер мен үлгілiк құжаттардың нысандарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құру мен ресурстық қамтамасыз етудiң тәртiбiн бекiтедi;
      инновациялық қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      4. Орталық атқарушы органдар:
      өзiнiң өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      салалық деңгейдегi инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да қолдау көрсетедi.
      5. Жергiлiкті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құқықтардың шегiнде:
      аймақтық деңгейдегi инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және іске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да қолдау көрсетедi;
      инновацияларды және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады.
 
             8-бап. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру
 
      1. Мемлекеттiк деңгейдегi инновациялық бағдарламалар елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, инновациялық даму болжамы негiзiнде қалыптастырылады және:
      елiмiздiң экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновацияларды құру кезеңiнде мемлекеттiк қолдауды;
      инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын;
      инновацияны өндiрушiлер мен тұтынушылардың деректер банкi мен бiрыңғай ақпараттық әкелiсiн ұйымдастыруды;
      инновациялық қызмет субъектiлерiн ынталандыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi көздеуi тиiс.
      2. Аймақтық деңгейдегi инновациялық бағдарламалар аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде жасалады және инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың кадрлар дайындығын қоса алғандағы негiзгi басымдықтарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ынталандыру нысандары мен тәсiлдерiн белгiлейдi.
      3. Салалық деңгейдегi инновациялық бағдарламалар мемлекеттiк экономикалық, өнеркәсiптiк және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарынан туындай отырып қалыптастырылады әрi экономика салаларын дамытуды тепе-теңдiкке келтiруге, экспортқа бейiмделген, импортты алмастыратын, қайта өңдеушi өндiрiстердi құруға бағытталуы тиiс.
      4. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобалар мен инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптастырылады.
      5. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инновацияны жасауға конкурстық негiзде мемлекеттiк тапсырысты орналастыруын көздейдi.
      6. Инновациялық бағдарламаларды өзара ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, ақпараттық және инновациялық жобаларды іске асыру үшiн қажеттi басқа да қызмет түрлерi арқылы байланысты инновациялық қызмет субъектiлерi iске асырады.
      7. Қаржыландырылуы (бiрлесiп қаржыландырылуы) мемлекеттiк бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады деп болжанатын инновациялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтуi тиесiлi.
 
               9-бап. Инновациялық қызметтi қаржыландыру
 
      1. Инновациялық қызметтi қаржыландыру (бiрлесiп қаржыландыру):
      республикалық және өзге де инновациялық қорлар қаражатының;
      инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жеке өз қаражатының;
      сыртқы көздерден инновациялық қызмет субъектiлерi тартатын қаражаттың;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатының;
      халықаралық қаржы ұйымдары мен қорлар қаражатының;
      Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер қаражатының есебiнен жүзеге асырыла алады.
      2. Инновациялық қызмет пен инновациялық инфрақұрылымның мемлекеттiк субъектiлерiнiң қызметi инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға жыл сайын көзделетiн қаржының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы алатын мақсатты қарыздың, мемлекеттiк заттай гранттардың шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
 
         10-бап. Инновацияны жасауға арналған мемлекеттiк тапсырыс
 

 

     Инновацияны жасауға арналған мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру және

орналастыру мемлекеттiк инновациялық саясаттың басымдықтарына және

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына 


Z970163_



сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн бағдарламалар

шеңберiнде жүзеге асырылады.


         5-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


               11-бап. Инновациялық қызмет субъектілерінің

                         халықаралық ынтымақтастығы


     Инновациялық қызмет субъектілері халықаралық ұйымдарға өз бетінше

кіруге, халықаралық инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға,

шетелдік заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасында да, сол

сияқты одан тыс жерлерде де инновациялық қызметті жүзеге асыруға арналған

шарттар (келісім-шарттар) және өзге де келісімдер жасасуға құқылы.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






О проекте Закона Республики Казахстан "Об инновационной деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2001 года N 775

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 января 2001 года N 140 P010140_ "О Плане законопроектных работ Правительства Республики Казахстан на 2001 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект Закона

 

Республики Казахстан "Об инновационной деятельности".

     2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

     Республики Казахстан

                                                        Проект


                              3акон

                       Республики Казахстан


                   Об инновационной деятельности



 
       Настоящий Закон регулирует общественные отношения в сфере инновационной деятельности, определяет основополагающие принципы, направления и формы реализации государственной инновационной политики.
 
      Глава 1. Общие положения
 
      Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе
 
      В настоящем Законе используются следующие понятия:
      государственная инновационная политика - составная часть социально-экономической политики, направленная на развитие и стимулирование инновационной деятельности;
      инновационная деятельность - деятельность, направленная на внедрение новых идей, научных знаний, технологий и видов продукции в различные области производства и сферы управления обществом, результаты которой используются для экономического роста и конкурентоспособности;
      инновация - конечный результат интеллектуального творческого труда, получивший реализацию в виде нового или усовершенствованного товара (работы, услуги), либо нового или усовершенствованного технологического процесса, используемого в экономическом обороте;
      инновационная программа - комплекс инновационных проектов и мероприятий, направленных на решение социально-экономических задач, согласованных по ресурсам, исполнителям и срокам их реализации;
      инновационный проект - письменный документ установленной уполномоченным органом формы, содержащий комплекс научных, научно-технических, опытно-конструкторских, маркетинговых исследований и работ, технико-экономических обоснований, направленных на достижение инновации;
      инновационная инфраструктура - совокупность организации, предоставляющих субъектам инновационной деятельности работы и услуги, необходимые для осуществления инновационной деятельности;
      уполномоченный орган - уполномоченный Правительством Республики Казахстан государственный орган, осуществляющий регулирование инновационной деятельности в соответствии с приоритетами научно-технологического развития страны.
 
      Статья 2. Законодательство Республики Казахстан об инновационной
                деятельности
 
      1. Законодательство Республики Казахстан об инновационной деятельности основывается на K951000_ Конституции Республики Казахстан и состоит из норм K941000_ Гражданского кодекса Республики Казахстан, настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, устанавливаются иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.
 
      Глава 2. Осуществление инновационной деятельности
 
      Статья 3. Содержание инновационной деятельности
 
      К инновационной деятельности относятся следующие виды деятельности:
      выполнение и обслуживание научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ, направленных на создание новой или усовершенствованной продукции, нового или усовершенствованного технологического процесса, реализуемых в экономическом обороте;
      организация рынков сбыта инновационных товаров, работ, услуг;
      осуществление технологического переоснащения и подготовки производства;
      осуществление испытаний, сертификации и стандартизации новых технологических процессов, товаров, работ и услуг;
      начальный период производства новой или усовершенствованной продукции, применения новой или усовершенствованной технологии до достижения нормативного срока окупаемости инновационного проекта;
      создание и развитие инновационной инфраструктуры;
      пропаганда результатов инновационной деятельности и распространение инноваций;
      охрана, передача и приобретение прав на объекты интеллектуальной собственности и конфиденциальную научную, научно-техническую и технологическую информацию.
 
      Статья 4. Субъекты инновационной деятельности
 
      1. Субъектами инновационной деятельности являются:
      физические и юридические лица, создающие и реализующие инновации;
      специализированные субъекты инновационной деятельности (технополисы, технологические, промышленные и агропромышленные парки (технопарки), бизнес-инкубаторы, инновационные фонды, центры и другие организации инфраструктуры инновационной деятельности), основная деятельность которых направлена на создание инноваций и передачу их в промышленное производство;
      органы государственного управления, участвующие в регулировании инновационной деятельности;
      общественные объединения, представляющие и защищающие интересы производителей и потребителей инноваций.
      2. Субъекты инновационной деятельности могут выполнять функции заказчиков и (или) исполнителей инновационных проектов и программ, инвесторов, потребителей результатов инновационной деятельности, а также организаций, обслуживающих инновационный процесс и содействующих освоению и распространению инноваций.
 
      Глава 3. Основные направления и принципы государственной
               инновационной политики
 
      Статья 5. Основные цели государственной инновационной политики
 
      1. Государственная инновационная политика формируется и реализуется исходя из признания приоритетности инновационной деятельности для повышения конкурентоспособности отечественной продукции, обеспечения экономического развития и безопасности страны, повышения уровня и качества жизни населения.
      2. Основными целями инновационной деятельности являются:
      создание условий, обеспечивающих социально-экономическое развитие преимущественно на основе достижений науки и техники;
      сбалансирование развития отраслей экономики путем реализации инновационных программ, направленных на создание конкурентоспособных экспортоориентированных, импортозамещающих, перерабатывающих производств;
      обеспечение взаимодействия науки, образования, производства и финансово-кредитной сферы;
      повышение уровня жизни и занятости населения.
 
      Статья 6. Принципы государственной инновационной политики
 
      Основными принципами государственной инновационной политики являются:
      стратегическая ориентация Республики Казахстан на инновационный путь развития;
      государственная поддержка инновационных программ и проектов, направленных на реализацию государственной инновационной политики;
      участие государства в развитии инновационной инфраструктуры и подготовке кадров для инновационной деятельности;
      обеспечение гарантированных рынков сбыта инноваций, созданных по государственному заказу;
      конкурсный отбор инновационных проектов по республиканским целевым, прикладным научно-техническим и инновационным программам, финансируемых из средств государственного бюджета на возвратной основе;
      охрана прав на результаты интеллектуальной деятельности субъектов

 

инновационной деятельности;

     свобода распространения и сбора информации об инновационных

потребностях и результатах научно-технической и инновационной

деятельности, за исключением информации, содержащей государственную,

служебную и коммерческую тайну.


     Глава 4. Организация инновационной деятельности


     Статья 7. Полномочия государственных органов Республики

               Казахстан по реализации государственной инновационной      

               политики


     1. Президент Республики Казахстан:

     определяет основные приоритеты государственной инновационной политики;

     утверждает инновационные программы государственного уровня.

     2. Правительство Республики Казахстан:

     определяет и реализует государственную инновационную политику;

     разрабатывает инновационные программы государственного уровня;

     утверждает отраслевые и региональные инновационные программы;


 
       принимает участие в создании инноваций и специализированных субъектов инновационной деятельности, имеющих важное стратегическое значение для экономики республики;
      определяет задачи, функции и полномочия уполномоченного органа, осуществляющего регулирование инновационной деятельности;
      обеспечивает целевое финансирование инновационных программ на возвратной основе.
      3. Уполномоченный орган:
      разрабатывает прогнозы инновационного развития страны;
      осуществляет координацию государственных органов по развитию инновационной деятельности;
      разрабатывает и вносит на утверждение Правительства Республики Казахстан инновационные программы;
      инициирует создание инноваций и специализированных субъектов инновационной деятельности, имеющих важное стратегическое значение для экономики республики;
      разрабатывает, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, проекты нормативных правовых актов по финансированию и стимулированию инновационной деятельности, размещению государственного заказа на создание инноваций;
      утверждает правила и формы типовых документов для отбора и финансирования инновационных проектов на возвратной основе за счет средств республиканского инновационного фонда, порядок формирования и ресурсного обеспечения специализированных субъектов инновационной деятельности;
      осуществляет другие полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан в сфере инновационной деятельности.
      4. Центральные исполнительные органы:
      обеспечивают, в пределах своих полномочий, реализацию государственной инновационной политики;
      разрабатывают и реализуют инновационные программы отраслевого уровня и обеспечивают им правовую, организационную и иную поддержку.
      5. Местные исполнительные органы в пределах прав, установленных законодательством Республики Казахстан:
      разрабатывают и реализуют инновационные программы регионального уровня и обеспечивают им правовую, организационную и иную поддержку;
      принимают участие в создании инноваций и специализированных субъектов инновационной деятельности.
 
      Статья 8. Формирование инновационных программ
 
      1. Инновационные программы государственного уровня формируются на основе прогноза инновационного развития, с учетом приоритетов социально-экономического и научно-технологического развития страны и должны предусматривать:
      государственную поддержку на период создания инноваций, имеющих важное стратегическое значение для экономики страны;
      формирование и развитие инновационной инфраструктуры;
      организацию банка данных и единой информационной сети производителей и потребителей инноваций;
      разработку нормативных правовых актов по стимулированию субъектов инновационной деятельности.
      2. Инновационные программы регионального уровня формируются на основе экономических и социальных программ развития территорий и определяют основные приоритеты развития инновационной инфраструктуры и инновационного потенциала, включая подготовку кадров, формы и методы стимулирования специализированных субъектов инновационной деятельности.
      3. Инновационные программы отраслевого уровня формируются, исходя из приоритетов государственной экономической, промышленной и научно-технической политики, и должны быть направлены на сбалансирование развития отраслей экономики, создание экспортоориентированных, импортозамещающих, перерабатывающих производств.
      4. Инновационные программы формируются на основе конкурсного отбора инновационных проектов и проектов развития инновационной инфраструктуры.
      5. При формировании инновационных программ предусматривается размещение на конкурсной основе государственного заказа на создание инноваций субъектами инновационной деятельности.
      6. Инновационные программы реализуются субъектами инновационной деятельности, связанными между собой научно-исследовательской, проектно-конструкторской, производственной, информационной и другими видами деятельности, необходимыми для реализации инновационных проектов.
      7. Инновационные программы, финансирование (софинансирование) которых предполагается осуществлять за счет средств государственного бюджета, подлежат утверждению Правительством Республики Казахстан.
 
      Статья 9. Финансирование инновационной деятельности
 
      1. Финансирование (софинансирование) инновационной деятельности может осуществляться за счет:
      средств республиканского и иных инновационных фондов;
      собственных средств субъектов инновационной деятельности;
      средств, привлекаемых субъектами инновационной деятельности из сторонних источников;
      средств республиканского и местных бюджетов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      средств международных финансовых организаций и фондов;
      иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      2. Деятельность государственных субъектов инновационной деятельности и инновационной инфраструктуры финансируется за счет средств республиканского и местного бюджетов в пределах ассигнований, ежегодно предусматриваемых на государственную поддержку инновационной деятельности, а также целевых займов, получаемых Республикой Казахстан, государственных натурных грантов.
 
      Статья 10. Государственный заказ на создание инновации
 
      Формирование и размещение государственного заказа на создание инноваций осуществляется в рамках программ, утверждаемых Правительством Республики Казахстан, в соответствии с приоритетами государственной инновационной политики и законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
 
      Глава 5. Международное сотрудничество в инновационной деятельности
 
      Статья 11. Международное сотрудничество субъектов инновационной
                 деятельности
 
      Субъекты инновационной деятельности вправе самостоятельно вступать в

 

международные организации, занимающиеся инновационной деятельностью,

участвовать в международных инновационных программах и проектах, заключать

договоры (контракты) и иные соглашения с иностранными юридическими и

физическими лицами на осуществление инновационной деятельности как в

Республике Казахстан, так и за ее пределами.


     Президент                   

     Республики Казахстан


(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Склярова И.В.)