Астана қаласының аймақтық инвестициялық бағдарламасы және жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 маусым N 780

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге сәйкес, сондай-ақ Астана қаласын сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын "Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағызғының үшінші желісін салу" жобасын іске асыруды көздейтін Астана қаласының 2001 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламасымен (бұдан әрі - Аймақтық инвестициялық бағдарлама) келісілсін.
      2. Астана қаласы әкімінің Аймақтық инвестициялық бағдарламаны іске асыруға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органы борышының лимиті шегінде 1 916 200 000 (бір миллиард тоғыз жүз он алты

 

миллион екі жүз мың) теңге көлемінде заңнамада белгіленген тәртіппен қарыз

алуы туралы ұсынысы қабылдансын.



     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.18. N 1335         

              қаулысымен. 


P011335_



     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.   





О Региональной инвестиционной программе и заимствовании местным исполнительным органом города Астаны

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2001 года N 780

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года Z990357_ "О бюджетной системе" и Правилами по процедуре согласования с Правительством Республики Казахстан региональных инвестиционных программ, финансируемых за счет заимствования местных исполнительных органов, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2000 года N 1082 P001082_ , а также в целях улучшения централизованной системы водоснабжения города Астаны Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Согласиться с Региональной инвестиционной программой города Астаны на 2001 год (далее - Региональная инвестиционная программа), предусматривающей реализацию проекта "Строительство третьей нитки водовода от Вячеславского водохранилища до города Астаны", финансируемого за счет заимствования местным исполнительным органом.
      2. Принять предложение акима города Астаны о привлечении в установленном законодательством порядке займа в пределах лимита долга местного исполнительного органа, утвержденного Законом Республики Казахстан Z000131_ "О республиканском бюджете на 2001 год", в объеме 1 916 200 000 (один миллиард девятьсот шестнадцать миллионов двести тысяч) тенге на реализацию Региональной инвестиционной программы.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК

 

от 18 октября 2001 г. N 1335 


P011335_
 

  .

     3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Горяева В.В.)