Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 780 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 қазан N 1335

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген "Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге" сәйкес, "Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағызғының үшінші желісін салу" P001324_ жобасы бойынша аймақтық инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астана қаласының аймақтық инвестициялық бағдарламасы және

 

жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 780 


P010780_


  қаулысына мынадай

өзгеріс енгізілсін:

     2-тармақтағы "916 200 000 (тоғыз жүз он алты миллион екі жүз мың)

теңге" деген сөздер "1 916 200 000 (бір миллиард тоғыз жүз он алты миллион

екі жүз мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады