"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге сәйкес, сондай-ақ Астана қаласын сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын "Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейін суағызғының үшінші желісін салу" жобасын іске асыруды көздейтін Астана қаласының 2001 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламасымен (бұдан әрі - Аймақтық инвестициялық бағдарлама) келісілсін.
2. Астана қаласы әкімінің Аймақтық инвестициялық бағдарламаны іске асыруға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген жергілікті атқарушы органы борышының лимиті шегінде 1 916 200 000 (бір миллиард тоғыз жүз он алты
миллион екі жүз мың) теңге көлемінде заңнамада белгіленген тәртіппен қарыз
алуы туралы ұсынысы қабылдансын.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.18. N 1335
қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.