Арал аймағының проблемалары мен даму перспективалары жөнінде кеңес өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 тамыз N 1052

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қызылорда облысының әкімі мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп 2001 жылғы 11 тамызда Қызылорда қаласында Арал аймағын дамытудың проблемалары мен перспективалары жөнінде кеңес ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен авиакомпанияларға осы кеңеске қатысушыларды Астана-Қызылорда-Астана және Алматы-Қызылорда-Алматы бағыттары бойынша

 

тасымалдау үшін әуе кемелерін жалға алуға байланысты көлік шығыстарына

толық көлемде қаражат жалға алуға байланысты көлік шығыстарына толық

көлемде қаражат бөлсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады