Қызылорда облысының аймақтық инвестициялық бағдарламасы және жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қазан N 1270

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге сәйкес, сондай-ақ 2001-2002 жылдардағы күз-қыс кезеңінде Қызылорда облысының жылу энергетикасы объектілерінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын "2001-2002 жылдардағы күз-қыс кезеңінде олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін Қызылорда қаласының жылу-энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын мазутпен қамтамасыз ету" жобасын іске асыруды көздейтін Қызылорда облысының 2001 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламасына (бұдан әрі - Аймақтық инвестициялық бағдарлама) келісім берілсін.
      2. Қызылорда облысы әкімінің заңнамада белгіленген тәртіппен аймақтық инвестициялық бағдарламаны іске асыруға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген, жергілікті атқарушы органы борышының лимиті шегінде 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде қарыз алуы туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ресімделетін құжаттар мен мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органының заем туралы шартына құқықтық сараптама жүргізсін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті қорытынды ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) тартылатын заем шарттарына қаржылық сараптаманы жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттік борышты басқару шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың заемды тіркеуін, заемға қызмет көрсету мен өтеудің мониторингін және бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Қызылорда облысының әкімі:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының 3 және 4-тармақтарына сәйкес тартылатын заемға құқықтық және қаржылық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынсын;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен заем тартуды қамтамасыз етсін;
      3) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін;
      4) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен заемға қызмет көрсетуді

 

және оны өтеуді қамтамасыз етсін;

     5) заем қаражатын игеру, оған қызмет көрсету және өтеу жөнінде

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне үнемі ақпарат беруді

қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





О Региональной инвестиционной программе и заимствовании местным исполнительным органом Кызылординской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2001 года N 1270

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года Z990357_ "О бюджетной системе" и Р001082_ Правилами по процедуре согласования с Правительством Республики Казахстан региональных инвестиционных программ, финансируемых за счет заимствования местных исполнительных органов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2000 года N 1082, а также в целях обеспечения надежной и устойчивой работы объектов теплоэнергетики Кызылординской области в осенне-зимний период 2001-2002 года Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Согласиться с Региональной инвестиционной программой Кызылординской области на 2001 год (далее - Региональная инвестиционная программа), предусматривающей реализацию проекта "Обеспечение теплоэнергоснабжающих предприятий города Кызылорда мазутом для устойчивой их работы в осенне-зимний период 2001-2002 года", финансируемого за счет заимствования местным исполнительным органом.
      2. Принять предложение акима Кызылординской области о привлечении в установленном законодательством порядке займа в пределах лимита долга местного исполнительного органа, утвержденного Законом Республики Казахстан Z000131_ "О республиканском бюджете на 2001 год", в объеме 500 000 000 (пятьсот миллионов) тенге на реализацию Региональной инвестиционной программы.
      3. Министерству юстиции Республики Казахстан провести правовую экспертизу договора о займе местного исполнительного органа Кызылординской области на соответствие оформляемых документов и сделки законодательству Республики Казахстан и представить соответствующее заключение в Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан:
      1) осуществить финансовую экспертизу условий привлекаемого займа;
      2) в рамках управления государственным долгом обеспечить регистрацию займа, мониторинг и контроль обслуживания и погашения займа местным исполнительным органом.
      5. Акиму Кызылординской области:
      1) представить в Министерство финансов Республики Казахстан и Министерство юстиции Республики Казахстан необходимые документы для проведения правовой и финансовой экспертизы привлекаемого займа согласно пунктам 3 и 4 настоящего постановления;
      2) обеспечить привлечение займа в установленном законодательством

 

порядке;

     3) обеспечить целевое использование средств займа;

     4) обеспечить обслуживание и погашение займа из средств местного

бюджета;

     5) обеспечить регулярное представление информации в Министерство

финансов Республики Казахстан по освоению средств займа, его обслуживанию

и погашению.

     6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

     Республики Казахстан


(Специалисты: Склярова И.В.,     

              Мартина Н.А.)