"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 шілдедегі N 1082 P001082_ қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережеге сәйкес, сондай-ақ 2001-2002 жылдардағы күз-қыс кезеңінде Қызылорда облысының жылу энергетикасы объектілерінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын "2001-2002 жылдардағы күз-қыс кезеңінде олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін Қызылорда қаласының жылу-энергиямен жабдықтау кәсіпорындарын мазутпен қамтамасыз ету" жобасын іске асыруды көздейтін Қызылорда облысының 2001 жылға арналған аймақтық инвестициялық бағдарламасына (бұдан әрі - Аймақтық инвестициялық бағдарлама) келісім берілсін.
2. Қызылорда облысы әкімінің заңнамада белгіленген тәртіппен аймақтық инвестициялық бағдарламаны іске асыруға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген, жергілікті атқарушы органы борышының лимиті шегінде 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде қарыз алуы туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ресімделетін құжаттар мен мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органының заем туралы шартына құқықтық сараптама жүргізсін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті қорытынды ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) тартылатын заем шарттарына қаржылық сараптаманы жүзеге асырсын;
2) мемлекеттік борышты басқару шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың заемды тіркеуін, заемға қызмет көрсету мен өтеудің мониторингін және бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Қызылорда облысының әкімі:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының 3 және 4-тармақтарына сәйкес тартылатын заемға құқықтық және қаржылық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынсын;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен заем тартуды қамтамасыз етсін;
3) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін;
4) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен заемға қызмет көрсетуді
және оны өтеуді қамтамасыз етсін;
5) заем қаражатын игеру, оған қызмет көрсету және өтеу жөнінде
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне үнемі ақпарат беруді
қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.