Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211-II Z010211_ ҚРЗ Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар Жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) жыл сайын Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаржысының бөлiнуiн көздесiн.
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының
Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың
басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi
Мемлекеттiк бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, 2001 жылғы "___"_________
N _______
Қазақстан Республикасы Президентінiң
2001 жылғы "___"__________
N ___ Жарлығымен
бекiтiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДI
ДАМЫТУДЫҢ 2001-2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негіздеме "Қазақстан Республикасындағы туристiк
қызмет туралы" Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 13 маусымдағы N 211-II ҚРЗ Заңы,
"Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың
тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің 2001 жылғы 6 наурыздағы N 333
қаулысы, "Туристiк саланы дамытудың бiрiншi
кезектегi шаралары туралы" Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29
желтоқсандағы N 1947 қаулысы, "Қазақстанның
туристiк беделiн қалыптастыру жөніндегi
2000-2003 жылдарға арналған iс-шаралар
жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметінің 2000 жылғы 26 қазандағы N 1604
қаулысы.
Негізгі әзiрлеушi Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi
Қысқаша мазмұны Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Қазақстан Республикасына келу туризмін
және iшкі туризмдi дамыту стратегиясын
қалыптастыру және республикалық пен
аймақтық деңгейлерде салалық дамытуды
жоспарлау саясатын үйлестiру арқылы
басқарудың оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету
мақсатында әзiрленген.
Мемлекеттiк бағдарламада экономиканың басым
секторы ретiнде саланы тұрақты дамытуды
қамтамасыз етудiң түйiндi мiндеттерi,
туристiк саланы дамытуға мемлекеттiң қатысу
деңгейi, мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк
қолдау нысандары, сондай-ақ оны iске асыру
жөнiндегi экономикалық, әлеуметтік, ғылыми
және техникалық шаралары айқындалған.
Мемлекеттiк бағдарламада Қазақстан
Республикасындағы туризмнiң материалдық-
техникалық базасын дамытуға инвестицияларды
тарту үшiн жағдайлар айқындалды.
Мемлекеттiк бағдарламаның басты мақсаты -
қазақстандық және шетелдiк азаматтарға
әртүрлi туристiк қызмет көрсетулердің
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн кең
мүмкiндiктермен қамтамасыз ететiн қазiргi
заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге
қабiлеттi туристiк кешендi құру, саланы
дамытудың экономикалық және құқықтық тетiгiн
әзiрлеу әрi Қазақстанның ұлттық туристiк
өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету жөнiнде
мемлекеттiк деңгейдегi шараларды iске асыру.
Бағдарламаны қаржыландыру Бағдарламаны республикалық бюджеттің,
жергiлiктi бюджеттердiң және басқа да
балама көздердiң қаражаты есебiнен
қаржыландыру көзделедi.
Күтілетiн нәтижелер Экономикалық басымдықтар
- ел экономикасына шетел валютасының
тұрақты түсiмi;
- елдiң төлем теңгерiмiнiң және жиынтық
экспорттық көрсеткіштерiнің жақсаруы;
- экономиканың сабақтас секторларының дамуы;
- шетелдік инвестициялардың тартылуы.
Экономикалық қауіпсіздіктің мүдделері
- мүдделі әлуеттік органдар мен
статистика органдарының іс-қимылын реттеу
мен үйлестіруді қамтамасыз ету;
- келуші және шығушы туристер жөнінде
мемлекеттік дерек қорды біріздендіру.
Әлеуметтік басымдықтар
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
ету;
- Қазақстан азаматтарының демалуға
құқықтарын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны, тарихи және мәдени
ескерткіштерді қорғау жөніндегі шараларды
қамтамасыз ету.
Кiрiспе
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211-II Z010211_ Заңына сәйкес әзiрлендi.
Мемлекеттiк бағдарлама экономиканың басым секторы ретiнде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудiң негiзгi проблемаларын қамтиды.
1996 жылғы 21 қазандағы Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясының мiндеттемелерiн орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, Ұлы Жiбек жолының Қазақстан Республикасындағы туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның жобасын iске асыру туралы" 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 3476 U973476_ Жарлығына, "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859 U983859_ Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, Ұлы Жiбек жолының Қазақстан Республикасындағы туристiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi ЮНЕСКО және Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның жобасын iске асыру туралы" 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1067 P971067_ және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1067 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 тамыздағы N 1217 P971217_ тиiстi қаулыларына қол қойылды.
Туристiк инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристiк өнiмдi әлем рыногына шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрқатар мынадай: "Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөнiндегi 2000-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" 2000 жылғы 26 қазандағы N 1604 P001604_ , "Туризм жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 1631 P001631_ , "Алматы қаласында жыл сайынғы "Жiбек жолы - Қазақстан" халықаралық фестивалiн ұйымдастыру туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы N 1763 P001763_ , "Туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1947 P001947_ қаулылары қабылданды.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы N 333 P010333_ қаулысымен бекiтiлдi.
Осыған қарамастан, ағымдағы сәтте республикада туристiк индустрияны дамытудың көптеген шешiлмеген проблемалары бар. Саланың халықаралық практикаға сәйкес қалыптасуына кедергi жасайтын бiрқатар факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристiк индустрияның өзiнде де, онымен сабақтас салаларда да жол берiлмеуi тиiс әлсiз менеджмент, сондай-ақ туристiк инфрақұрылымдағы қолда бар объектілердiң негiзгi қорларының тозуы.
Қазақстан Республикасының бiрегей табиғи және мәдени әлеуетiне, жер бедерiнiң және табиғатының әркелкiлiлiгiне негiзделген кез келген сұранымды қанағаттандыруға қабiлеттi қазiргi туристiк индустрия серпiндi дамып келе жатқан әрi салынған капиталдың қайтарымы бойынша неғұрлым тиiмдiлерiнiң бiрi ретiнде туристiк саланың әлемдiк-шаруашылық байланыстар жүйесiне икемдi ықпалдасуының табиғи жүйе құраушы факторы болып табылады. Туризммен сабақтас салаларды (көлiктiк-коммуникациялық инфрақұрылым, сервис, құрылыс, сақтандыру және т.б.) дамытуға және инвестициялық белсендiлiктi ынталандыруға негiзделген қазақстандық туристiк өнiмнiң кешендi түрде iске асырылуы ел мен халықтың жұмыспен қамтылуының және табысының тұрақты өсуiн қамтамасыз етедi.
Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандарының рекреациялық сыйымдылығының шегiне жетуi және туристер келетiн аумақтардың тiзiмiн жаңалау мен кеңейту қажеттiлiгi Қазақстанның әлемдiк туристiк рынокта лайықты орын алуына нақты мүмкiндiк туғызады.
Елдiң ұлттық, iшкi және экономикалық қауiпсiздiгi, Қазақстанда шетел туристерiнiң болуы кезiндегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердегi туризмнiң маңызы туралы мәселе күнi бүгiнге дейiн пысықталған емес.
Қаржыландырудың болмауы салдарынан мемлекеттiк статистика органдарында туризм дербес сала ретiнде жеке көрсетiлмедi. Алайда, Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның ұсынымдарына сәйкес көрсеткiштердi есепке алуды жетiлдiру жөнiндегi жұмыс тұрақты негiзде жүргiзiлдi. Осы мақсатта жыл сайын статистикалық есеп нысандары қайта қаралуда және тексерудiң жаңа бланкiлерi енгiзілуде. Туризмнiң өнiмi қызмет көрсетудiң және өнiмдердiң кең жиынтығын тұтыну процесiнде құралатын, қызметтiң салааралық түрiнiң мысалына айналуы үшiн қосымша шоттарды енгiзу қажет.
Туристiк индустрияны дамытудың аса маңызды мәселелерiнiң бiрi қаржыландыру болып табылады. Сондықтан, мемлекеттiк және жеке менеджменттің тиiстi деңгейiн қалыптастыру: билiктiң орталық және аумақтық деңгейлерiндегі iс-қимылды жiтi үйлестiрудi қамтамасыз ету, жеке бастамалардың дамуына жәрдемдесу, саланың ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру, қазақстандық туристiк өнiмдi сыртқы және iшкi рынокқа жылжытудың тиiмдi жүйесiн әзiрлеу, инвестициялау мен салық салу мәселелерi жөнiнде қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, Қазақстанға шетел туристерiнiң келу рәсiмдерiн оңайлату қажеттілiгi бар.
Қазақстанда туризмдi дамытудың маңызды аспектiсi - әлеуметтiк туризмдi дамыту, оның iшiнде қазақстандықтардың демалуға құқықтарын iске асырудың негiзгi және әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң рыногын дамытудың басты факторларының бiрi болып табылатын балалар туризмiн дамыту болып табылады.
Мемлекеттiк бағдарламадағы неғұрлым зор рөл үйлестiрiлген тетiктiң - Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының негiзiнде мемлекеттiк, мемлекетаралық және жеке деңгейлерде туристiк салада даму және жоспарлау саясатын үйлестiруге, Қазақстан Республикасында туризмдi мемлекеттiк басқару мен дамытуды қолдаудың нысандарын қамтамасыз етуге берiледi.
1. Қазақстандағы туристік саланың қазіргі жай-күйі
Туристiк рыноктың статистикасына жасалған талдау Қазақстанда туризмнiң нашар дамығанын көрсетуде. Бұл туралы резиденттердiң және резидент емес туристердiң қозғалысының жалпы санындағы туризмнiң төмен үлесi айғақтайды (3%). Жалпы алғанда, 1996-2000 жылдары ұлттық туризм көлемiнiң 3 есе төмендегенi байқалады. 2000 жылы ұлттық туризмнiң көлемi, тұтас алғанда да, оның жеке бағыттарында да (1999 жылмен салыстырғанда 36 %-ке) күрт төмендедi.
Оның үстiне, туристер ағынының жалпы көлемiндегi, Қазақстаннан сыртқа шығушы туристердiң саны басым болып келуi iшкi туризмнiң ықтимал түсiмiнiң сыртқа кетуiн бiлдiредi (1-қосымша).
Республикаға келушi резидент емес туристер саны мардымсыз болуының негiзгi себептерi қызмет көрсетудiң бағасы жоғары болып келуiнен (тұрақсыз салық режимiнiң салдары) туристiк қызмет көрсетулерге сұранымның төмендiгi, Қазақстанның беделiн қалыптастыру саясаты тиiмдiлiгiнiң төмен болуы, жергiлiктi жерлерде қажеттi сервис пен коммуникация құралдарының жоқтығы (Қазақстан iшiндегi көлiк желiлерiнiң дамымауы белгiленген жерге жедел әрi жайлы жетудi қиындатады) болып табылады.
Туризмнiң жалпы көлемiнiң төмендеуi, сондай-ақ 1996-2000 жылдары сыртқа шығу туризмi көлемiнiң 6 есе кемуi есебiнен жүрдi. Көбiнесе, бұл төмендеу шоп-туристер санатына жататын резиденттердiң азаюы есебiнен жүрдi. Тiптi, 2000 жылы болған сыртқа шығушы резиденттер ағынының күрт өсуi оның iшiндегi туристер санының көбеюiне әкелген жоқ.
Сонымен қатар, елге түсiмдi көбейтудің және халықты жұмыспен қамтудың стратегиялық маңызы бар көзқарас тұрғысынан алғанда, iшкi және келу бағыттарындағы туристер ағыны, әлi де, ұлттық туризмде аз үлес құрайды, алайда жеткiлiктi дәрежеде тұрақты, ал келу бағытында баяу, бiрақ та оның тұрақты өсуi байқалады.
2000 жылы шекара арқылы заңды түрде өткен адам санының нақты өсуiне қарамастан, ұлттық туризм көлемi 1999 жылмен салыстырғанда 36%-ке күрт төмендегенi байқалып отыр, сонымен бiрге төмендеу тек сыртқа шығу туризмiнде ғана емес, келушi туризмде және iшкі бағыттарында да байқалды. Мұның өзi, туристiк қызмет көрсетулердiң бағасы қымбат болуымен байланысты.
Сонымен, келу туризмiндегі резидент емес келiп-кетушiлердiң бiр бөлiгi Қазақстанда болуының басқаша ресми көрсетiлетiн мақсаттарын пайдалануды тиiмдi санайды. Сонымен бiрге, Қазақстанға шетелдiк келiп-кетушiлердiң көбi ресми статистика қамтымаған жеке секторлар көрсететiн неғұрлым арзан қызметтi пайдаланады. Шет елге шығушы резиденттер тарапынан туристiк ұйымдардың қызмет көрсетулерiне сұранымның төмендеуi сол себеппен түсiндiрiледi. Көрнекi сипатталған жағдай 2-қосымшада көрсетiлдi.
1996-2000 жылдар кезеңiнде туристер қозғалысы жөнiнде де және тұтас алғанда, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң шекара арқылы қозғалысы жөнiнде де терiс сальдо қалыптасты, яғни келушiлерге қарағанда сыртқа шығушылар көп болды.
Туристiк ұйымдар көрсеткен қызметтi пайдаланған, қызмет көрсетiлген туристердiң жалпы саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 36%-ке кем - 146 915 адамды құрайды. Оның iшiндегi келу туризмiнiң үлесi 16,3%, шығу туризмi - 45,8%, iшкi туризм - 37,9%.
1996-1999 жылдары келу туризмiнiң көлемi ТМД-дан тысқары елдерден келген туристер ағынының көбеюi есебiнен қарыштау қарқынымен (орташа есеппен өткен жылға қатынасы бойынша - 25%-ке) ұлғайды. 2000 жылы резидент емес туристердiң саны 1999 жылмен салыстырғанда 52,4%-ке төмендеп, олардың үлесi резидент емес келiп-кетушiлердiң жалпы санының тек 1,42%-iн құрады.
1.1. Қазақстанға шетел азаматтарының келуi
Елдер бойынша келу туризмiнiң статистикасына жасалған талдау 1996-2000 жылдары ТМД елдерiнен келген туристер үлесiнiң төмендегенiн көрсетедi. ТМД-дан келген туристер ағынының көлемi орташа есеппен жылына 2,5 мың адамға ұдайы төмендеуде (1999 жылғы шамалы өсуi 1999 жылдың 4-шi тоқсанында шекара жанындағы өткiзу постыларында бақылаудың күшеюi себебiмен түсiндiрiледi). Мұндай жағдай, көбiнесе ТМД iшiндегi қозғалыс кезiнде ТМД-ның азаматтары үшiн шекараның ашық болуынан туындады.
Қаралып отырған кезеңдегi келу туризмiнiң құрылымында неғұрлым зор үлестi 1995-1999 жылдардағы саны өткен жылмен 9 салыстырғанда шамамен 1,5 есе артқан алыстағы шет елдерден келген туристер құрады.
2000 жылы туристiк ұйымдар көрсеткен қызметтi пайдаланған, резидент емес келiп-кетушiлердiң арасындағы бүкiл саны (23 868 адам), ТМД елдерi халқының үлесi 14%-ке жуық, ТМД-дан тысқары елдерден - 86%-ке жуық құрды.
Негiзiнен, туристiк ұйымдар көрсеткен қызметтi Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан, Тәжiкстаннан келген резидент емес туристер пайдаланды. ТМД-дан тысқары елдерден резидент емес туристердiң неғұрлым зор ағыны Германиядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Жапониядан, Италиядан, Қытайдан, Түркиядан, Австриядан, Нидерландыдан байқалады.
Тұтас алғанда, 2000 жылы Қазақстан Республикасында шамамен 80 елден келген туристер болды. ТМД елдерiнен келген туристердiң болу күндерiнiң орташа саны 4-5 күндi, ал ТМД-нан тысқары елдерден - 17 күндi құрайды. Негiзiнен, бұлар iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келген адамдар - 89%.
Статистикалық деректер бойынша бiр шетел туристi Қазақстанда өзiнiң болған уақытында орташа есеппен 700 АҚШ долларын қалдырады.
Келу туризмiнiң маусымдық сипаты: сәуiр және қазан айлары кезеңiнде келу туризмi неғұрлым белсендi. Сонымен, келушi туристер жалпы ағынының 75% жылдың 2-шi және 3-шi тоқсандарына келедi.
1.2. Қазақстан азаматтарының шет елге шығуы
1996-2000 жылдары туристiк жолдамамен шет елге шығушы резиденттердiң саны ұдайы төмендеп отырды. Сыртқа шығу туризмiнiң төмендеуi, негiзiнен ТМД-дан тысқары елдерге шығушы туристер санының азаюы есебiнен жүрдi.
2000 жылы шет елге шыққан қазақстандық азаматтардың үлесi шет елге шыққан резиденттердiң жалпы санының тиiсiнше 5,4% құрады. Қазақстандық туристердiң ТМД елдерiне ағыны 12%, ТМД-дан тысқары елдерге - 88% құрады.
ТМД елдерiне шыққан резидент туристердiң негiзгi қауымы Қырғызстанға және Ресейге барды.
Туристер арасында ТМД-дан тысқары елдер iшiнен Түркия, Германия, Қытай, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Таиланд, Иран елдерi неғұрлым танымал.
2000 жылы Қазақстан Республикасының туристерi әлемнiң 70-ке жуық елiне барып келдi. Қазақстандық туристердiң ТМД елдерiнде болу күндерiнiң орташа саны 6 күндi, ТМД-дан тысқары елдерде - 7 күндi құрайды. Мұның өзiнде, сыртқа шығудың мақсаттары мыналар болып табылады: iскерлiк және кәсiби мақсаттар - 73,2%, бос уақытын өткiзу және демалу - 16,5%. Сыртқа шығу туризмiнде шоп-туризм басым болып келедi.
Сыртқа шығу туризмiнiң маусымдық сипаты: сыртқа шығу бағытындағы туристердiң неғұрлым зор ағыны жылдың бiрiншi тоқсанында байқалады - барлық шыққан туристердiң 35% құрайды. Алайда, тұтас алғанда сыртқа шығу туризмiнiң маусымдық тәуелдiлiгi айтарлықтай емес.
1.3. Iшкi туризм
Iшкi туризмнiң көлемi 1996-1999 жылдары да ұлғайып отырды. Өсу қарқыны оң болуымен қатар, шамасы бойынша алшақтығы зор. Сонымен, өткен жылдары жылына 12 мың адам деңгейiнде болса, 1998 жылы өсу қарқыны күрт баяулап, келесi жылдары жылына 2 мың адамнан сәл ғана асты. 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы iшкi туризмнiң көлемi 23%-ке құлдырады.
Қазақстанда кәсiби мақсат бойынша уақытша тұрып жатқан, бос уақытын жақсы өткiзу әрi спортпен шұғылдануды ұйымдастыру жағынан халықтың неғұрлым белсендi бөлiгi болып саналатын шетел азаматтары, сондай-ақ әлеуметтiк туризм мен жеке туризм iшкi туризмдi дамытуда зор әлеует болып табылады.
Сөйтiп, Қазақстанның халықаралық туризмiн дамыту iскерлiк белсендiлiкпен айқындалады. Ұзаққа созылмайтын жолсапарға шығушы, бiрақ Қазақстанға жеткiлiктi түрде жиi келушi туристердiң санаттары белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн туристiк ұйымдардың қызмет көрсетулерiне өтiнiш жасамайды. 1996-2000 жылдары сыртқа шығу туризмi көлемiнiң күрт төмендеуi нақ осы себеппен түсiндiрiледi (3-қосымша).
1.4. Туристiк ұйымдардың қызметiнен түсетiн жалпы пайда
Туристiк ұйымдар көрсеткен қызметтен туристiк ұйымдар алған пайда туристiк ұйымдар (отандық және шетелдiк) мен мемлекет (салық салу және алымдар) арасында бөлiнедi. Туристiк ұйымдардың қызметiне байланысты бүгiнгi күнi неғұрлым зор табыс сыртқа шығу туризмi қызметiнен түсуде - 77%. Келу туризмi табыс түсiруде зор әлеуетке ие, себебi Қазақстанға келушi туристердiң саны аз болуына қарамастан, (туристердiң жалпы ағынынан 16,3%) ол туристiк ұйымдар қызметiнен түскен табыстың 13%-iн құрайды. Iшкi туризммен салыстырғанда, соңғысы туристiк ағынның жалпы көлемiнiң 38%-iн құрай отырып, табыстың 10%-iн түсiредi (N 4 қосымша).
Туристiк фирмалардың қызметiнен түскен Қазақстан Республикасының табысы туристiк ұйымдардың қызметiнен түсетiн жалпы табыстың 51%-iн құрайды. Ол өзiне отандық туристiк ұйымдар алған қаражатты және Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн туристiк ұйымдар қызметiнен түскен салық төлемдерi мен алымдарды қамтиды.
Қазақстан Республикасы ең зор табысты туризмнiң сыртқа шығу бағытында жұмыс iстейтiн туристiк ұйымдар қызметiнен алады (62%-iне жуық), келу туризмi табыстың 24%-iн бередi, iшкi туризм табыстың 14,2%-iн құрайды. Бұл ретте, табыстың 63%-не жуық мөлшерiн Қазақстан ТМД-дан тысқары елдерге шығу туризмiнен және келу туризмiнен алады.
Қазақстан Республикасы өз табысының 97%-iн ұлттық валютада, 3%-iн шетел валютасында алады. Барлық валюталық түсiм келу туризмi есебiнен түседi.
1.5. Туристiк ұйымдар
1996-1999 жылдар кезеңiнде туристiк ұйымдардың саны жылына шамамен 40 кәсiпорынға өсiп отырды. Олардың саны 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 62%-ке (265-ке) өстi.
Статистикалық деректер бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 690 туристiк ұйым жұмыс iстеген.
Туристiк рыноктың бүкiл туристiк ұйымдарының 93%-i шағын туристiк ұйымдар (қызметкерлер саны 50 адамға дейiн) немесе 639 туристiк ұйым. Олардың iшiнде 490-ының қызметкерлер саны 5 адамға дейiн ғана шағын туристiк ұйымдар.
Шағын туристiк ұйымдар ұлттық туризмнiң 72%-iне қызмет көрсетедi және республикаға 7,6 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде (Қазақстан Республикасы туристiк ұйымдарының қызметiнен түскен бүкiл табыстың 79%) табыс әкеледi.
Орта туристiк кәсiпорындар (43, 50-ден 250 адамға дейiн) бүкiл туристiк кәсiпорындардың тек 6%-iн құрайды. Олардың үлесiне ұлттық туристiк ағынның 28%-i, табысының 21%-i, (2,1 млн. АҚШ долл.) келедi.
Қазақстанда небәрi 8 iрi туристiк ұйым бар. Олардың қызметi туристiк жолдаманың бағасына кiрмейтiн визалық, экскурсиялық және өзге де қызмет көрсетулердi ұсынуға бағдарланған және де туристердің бүкiл ағынының 0,4%-iн ғана қамтиды. Олардың қызметiнен түскен Қазақстан Республикасының табысы 1,72 мың АҚШ долларын (туристiк ұйымдардың қызметiнен түскен бүкiл табыстың 0,2%) құрайды.
1.6. Облыстар бөлінісiндегi туризмдi дамытудың жай-күйi
Қаралып отырған кезең (1998-2000 жылдар) Қазақстан Республикасында туристiк ағын көлемiнiң төмендеуiнің жалпы үрдiсiмен қатар, облыстар бөлiнiсiнде де туристiк белсендiлiктiң құлдырауымен сипатталады (5-қосымша).
2000 жылы iскерлiк белсендiлiктiң артуы есебiнен Қазақстандағы туризмнiң дәстүрлi орталығы болып табылмайтын Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында (1999 жылмен салыстырғанда) туристiк қызметтiң шамалы көтерiлуi байқалады. Соңғы жылдары, мұндағы туризмнiң келу, шығу және iшкi бағыттары дамуының себебi бизнес болып табылады.
Сонымен бiр мезгiлде Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарында, әсiресе Алматы қаласында туристiк ағын көлемiнiң азайғаны байқалады.
Келу туризмінің неғұрлым зор көлемi Астана, Алматы қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында байқалады. Бұл ретте, iс жүзiнде барлық облыстардағы келу туризмiнiң негiзгi мақсаттары iскерлiк және кәсiби мақсаттар (орташа есеппен 100 ден 89 адам) болып табылады. Қазақстанның барлық облыстарында, iс жүзiнде резидент емес туристердiң болу күндерiнiң саны 1 күннен аз (Алматы қаласы және Атырау облысын қоспағанда - 4-5 күннен).
Алматы, Астана қалалары, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында сыртқа шығу туризмi неғұрлым дамыған. Бұл ретте, iскерлiк және кәсiби мүдделер (100-ден 73 адам), сондай-ақ бос уақытты өткiзу және демалыс (100-ден 16 адам) жолсапардың мақсаты болып табылады.
Iшкi туризмнiң неғұрлым зор ағыны Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.
Қазақстан Республикасында Алматы, Астана қалаларындағы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы туристiк бизнес неғұрлым табысты болып табылады.
1.7. Туризмнiң инфрақұрылымы
1.7.1. Туристердi орналастыру объектiлерi
Қазақстан Республикасында туристердi орналастырудың барлығы 311 объектiсi бар: оның iшiнде санаторийлер - 34, санаторий-профилакторийлер - 11, профилакторийлер - 8, қонақ үйлер - 159, демалыс үйлерi - 26, туристiк базалар - 17, сауықтыру лагерьлерi - 13, мейман үйлерi - 12, аңшы үйлерi - 10, демалыс аумақтары - 29 жұмыс iстеуде. Қонақ үйлердiң көпшiлiгi (149) Алматы, Астана қалаларында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан. Олардың 66%-i 50 адамға дейiн қызметкерлер саны бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатады, 29%-i 51-250 адам қызметкерлер саны бар орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне және тек 5%-i ғана (8 қонақ үй) қызметкерлер саны 250 адамнан астам iрi ұйымдарға жатады.
Қонақ үйдiң жалпы санының 87%-i жеке меншiкте, ал 9%-i коммуналдық меншiкте және 4%-iн шетелдiк қатысушылармен бiрлесiп құрылған ұйымдар құрайды.
Қонақ үйлердiң бiржолғы сыйымдылығы 2001 жылдың басына 16 389 орынды құрады, нөмiрлердiң бүкiл саны 9 124. Алайда, 2000 жылы қонақ үйлер жүктемесi небәрi 20%-тi құрады. Бұл, республикадағы қонақ үйлердiң көпшiлiгiнiң материалдық-техникалық базасының ескiруiмен бiрге қонақ үйлер қызметiнiң табысынан шығысының асуына әкеліп соқты. Мысалы, 2000 жылы мейманхана кешендерiн пайдалану шығыны 15,6 мың АҚШ долларын құрады.
Негiзгi табыс Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы қонақ үй кешендерiнен алынды. Басқа аймақтардағы қонақ үйлер шығынға батып жұмыс iстедi. Терiс сальдо Астана, Алматы қалаларындағы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарындағы қонақ үйлердiң жұмысында қалыптасты. Орналастырудың барлық объектiлерiнiң шығынын айқындайтын шығыстардың негiзгi үлесi қызметкерлерге жалақы төлеу, салық төлемi және бюджетке түсетiн өзге де төлемдер есебiнен құралды. Күрделi және ағымдағы жөндеуге, жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар болмашы үлесiн құраған жастар жатақханалары мен таудағы турбазалар бұларға қосылмайды.
Қазақстан Республикасындағы қонақ үйлердiң неғұрлым кең таралған санаты болып табылатын мейрамханасы бар қонақ үйлердің қызметi республикада неғұрлым зор табыс табуда.
Туристердi орналастырудың барлық қонақ үй емес объектiлерiнiң 75 %-нiң жұмысы, негiзiнен маусымдық сипатта. Алайда, жыл бойғы объектілердiң қалған 25%-не қызмет көрсетiлген туристер ағынының 94%-i (31 559 адам) келедi, бұл келу және шығу ағындарындағы бүкiл туристердiң 40-қа жуық процентiн құрайды.
Туристiк саланы дамытуға жасалған талдау көпшiлiгi 50-60 жылдары салынған қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да туристердiң тұратын және тамақтану орындары ескiргендiктен, туризм инфрақұрылымының қазiргi жай-күйi дағдарысты деңгейге жеттi.
1.7.2. Көлiк
1) Халықаралық әуежайлар
Қазiргi таңда Қазақстанда: уақытша схема бойынша халықаралық әуе тасымалына рұқсаты бар әуежайлар: "Астана халықаралық әуежайы" РМК, "Алматы халықаралық әуежайы" ААҚ, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" ААҚ, "Ақтау халықаралық әуежайы" ААҚ, "Ақ жол халықаралық әуежайы" ААҚ, "Атырау халықаралық әуежайы" ААҚ, "Әулие ата халықаралық әуежайы" ААҚ, "Семейавиа халықаралық әуежайы" ААҚ, "Сарыарқа халықаралық әуежайы" ААҚ, "Өскемен әуежайы" ААҚ, "Павлодар әуежайы" ААҚ, "Шымкент әуежайы" ААҚ, "Вектор" ЖШС филиалы, "Петропавл әуежайы" ААҚ, "Қостанай әуежайы" ААҚ.
2) Темiр жол
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстанның оңтүстiк аймағын Қазақстанның батысымен, орталығымен, солтүстiгiмен және шығыс бөлiктерiмен байланыстыратын солтүстiктен оңтүстiкке қарай қиып өтетiн темiр жолдың 3 тармағы бар. Қазақстанның Ресеймен шекаралас солтүстiк аймағы темiр жолының желiсi неғұрлым дамыған. Қазақстанның көршiлес 4 елге: Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Қытайға шығу темiр жолы бар.
3) Автомобиль жолдары
1. Ташкент - Бiшкек - Алматы - Қорғас
2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара
3. Алматы - Қарағанды - Петропавл - Челябинск
4. Алматы - Қарағанды - Астана - Қостанай - Челябинск
5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай
6. Астрахань - Атырау - Ақтау - Бекдаш
2001-2005 жылдар кезеңiнде жоғарыда аталған автомобиль көлiгi дәлiздерi бойының жол маңы объектiлерiн және инфрақұрылымын қайта жаңарту, қалпына келтiру және дамыту жөнiндегi жобаларды iске асыру көзделедi.
4) Порттар
Қазақстанды Ресейдегi, Түркiменстандағы, Әзербайжандағы және Ирандағы порттармен байланыстыратын Каспий теңiзiндегi Ақтау порты.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен iшкi су жолдары қатынасы бар.
Резидент емес туристердiң көпшiлiгi өздерiнің саяхаты үшiн үлесi 84,8% құрайтын әуе көлiгiн пайдаланады. Темiр жол көлiгiмен - 7,8%, халықаралық автобустармен - 3,5% және өзге де құрлықтағы құралдармен - 3,8%, су көлiгiмен - 0,01%-ке жуық турист жүрдi. Резидент емес туристердiң 70%-i де әуе көлiгiн пайдаланады. Туристердiң қалааралық автобустарда 22%, темiр жол көлiгiнде 7%, басқа да құрлықтағы құралдармен 1% жүрдi.
2. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Туризм саласын дамытудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру, тиiстi материалдық-техникалық қаржы, ғылыми-әдiстемелiк, жарнамалық-ақпараттық, нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудi жасау жолымен туризм саласындағы қатынастарды реттеу.
2.1. Мемлекеттiк бағдарламаның негізгі мақсаттары
Қазақстан Республикасында қазақстандық және шетел азаматтарының әртүрлi туристiк қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн кең мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн, қазiргi тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк кешендi жасау, ұлттық туристiк өнiмді қалыптастыру, келу және iшкi туризмiн басым қолдаудың экономикалық және құқықтық тетiктерiн әзiрлеу;
тартымды туристiк объект ретiнде Қазақстанның беделiн қалыптастыру;
шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету және олардың қызметi үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
ұлттық туристiк өнiмнiң сапасын әлемдiк деңгейге сәйкес қамтамасыз ету;
iшкi және келу туризмiн басым дамыту үшiн жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың нормативтiк-құқықтық базасын, осы саладағы мемлекеттiк реттеу тетiгiн, туристiк саланың жарнамалық-ақпараттық, кадрлық, ғылыми қамтамасыз етiлуiн қалыптастыру, туризмнiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу;
туризмнiң материалдық базасын жетiлдiруге жәрдемдесу, жаңа объектiлердiң құрылысын жандандыру жөнiндегi шаралардың кешенiн әзiрлеу;
туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыногына қазақстандық туристiк өнiмдi жылжыту жөнiнде кең ауқымды жарнама науқанын өрiстету;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту әрi туризм саласы мен қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
туристiк қызмет көрсетулердi ұсынатын сала субъектiлерiн инвестициялауға және қаржыландырудың, несиелендiрудiң басқа да нысандарына жағдай жасауды қамтамасыз ету.
2.2. Мемлекеттiк бағдарламаның негізгi мiндеттерi
Туризмде мемлекеттiк реттеудiң өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға және туристiк қызметтi жүзеге асыру мақсаттарына, принциптерiне, мiндеттерiне сай жаңа көзқарастар жүйесiн қамтамасыз ету;
республикалық уәкiлеттi орган арқылы орталықтандырылған басқаруда, туризм саласында жұмыс iстейтiн атқарушы органдар мен ұйымдардың өзара iс-қимылын реттеуде мемлекеттiң рөлiн күшейту;
саланы қолдау мен мемлекеттiк реттеудiң оңтайлы әдiстерiн таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамытудың табысты iске асырылуын қамтамасыз ету.
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
3.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және қолдау жүйесiн дамыту
Осы мақсатта мынадай шараларды iске асыру қажет:
- Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына қосылатынын ескере отырып, халықаралық сауданың мемлекеттiк реттелуiн туристiк қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
- келу және сыртқа шығу туризмiн дамыту, көшi-қон туралы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, виза рәсiмдерiн оңайлату, шекара бақылауы мәселелерi жөнiндегi заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
- туризм саласындағы статистикалық есеп және есеп беру жүйесін жетілдiру, оның iшінде саланың мекемелері мен ұйымдары жұмысының қаржылық нәтижелерiн сипаттайтын көрсеткiштердi енгiзу;
- Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның ұсыныстарын және БҰҰ-ның Статистикалық комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, туристiк саланың төлем теңгерiмiн қалыптастырудың әдiстемесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
- туристiк қызмет көрсетулер рыногындағы барлық мамандандырылған өнiм өндiрушілердiң бәсекелесу қабiлетi мен тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету үшiн туристiк бизнес рентабельдiлiгiнiң оңтайлы шегiн айқындау мақсатында баға құрау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу саясатын әзiрлеу;
- ұлттық туризмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы субъектiлерiнiң туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерi бойынша шет елдермен халықаралық шарттарының және келiсiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу;
- туристiк қызметтi стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау және туристiк объектiлердiң жұмыс iстеуiн стандарттау негiзiнде туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру жөнiндегi жағдайларды қамтамасыз ету;
- туризм саласында кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамыту;
- саланы қаржыландырудың, оның iшiнде несиелiк ресурстарды тарту есебiнен қаржыландырудың жеткiлiктi деңгейiн қамтамасыз ету;
- туризм саласында мүдделi министрлiктер мен ведомстволар арасында, сондай-ақ мемлекеттiк және жеке секторлар арасында үйлестiрудiң ең жоғарғы деңгейiн қамтамасыз ету;
- туризмдегi халықаралық сақтандыру рыногын дамыту;
- қонақ үйлердi қайта жаңарту бағдарламаларын және оларды стандарттаудың халықаралық жүйесiн енгiзудi аймақтық деңгейде әзiрлеу.
3.2. Қазақстанның мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын дамыту
және сақтау
Осы мақсатта мынадай шараларды iске асыру қажет:
- мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- мемлекеттiк туристiк көрiктi орындарды құру және қорғау;
- қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
- халықтың әртүрлi әлеуметтiк-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтiк туризмдi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
- туристiк қызметтiң ерекшелiктерiн ескере отырып, туризм саласындағы меншiк қатынастарын тәртiпке келтiру;
- туристiк индустрияны дамытудың түйiндi мәселелерi жөнінде ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу және халықаралық туристiк оқиғаларға қатысу, жыл сайын Ұлттық туристiк лотерея ұйымдастыру мен өткiзу.
3.3. Маркетинг және Қазақстандық туристiк өнiмдi ұсыну
Осы мақсатта мынадай шараларды iске асыру қажет:
- ұлттық туристiк өнiмдердi экспорттау стратегиясын әзiрлеу;
- туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- туристiк көрмелердi және басқа да iс-шараларды ұйымдастыру;
- туристiк өнiмдердiң сатылуында прогрессивтiк бiрiздендiрiлген стандарттарды енгiзу;
- халық арасында туризмнiң құндылығын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
- Қазақстан халқының барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетулерге қажеттiлiктердi барынша қанағаттандыру;
- Қазақстан Республикасында туризмнiң мамандандырылған түрлерiн дамытудың бағдарламаларын әзiрлеу (экотуризм, әлеуметтiк, балалар және жасөспiрiмдер, спорттық-сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.).
- аймақтарда әлеуметтiк және жеке туризмдi дамытуды қамтамасыз ету;
- iшкi және сыртқы рыноктарға ұлттық туристiк өнiмнiң ұсынылуын жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
- туризмдi дамытудың аймақтық және аймақаралық бағдарламаларын дайындау, туризмдi дамыту бағдарламаларын әзiрлеу үшiн әдiстемелiк нұсқаулар мен ғылыми-жобалық негiздемелердi дайындау.
3.4. Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, кадрларды даярлау және туризм
қызметкерлерiнiң бiлiктiлігін көтеру жүйесi
Осы мақсатта мынадай шараларды iске асыру қажет:
- туризм саласында кәсiпкерлердi даярлау және оларды оқыту үшiн жоғары оқу орындары базасында тренингтер жүргiзу;
- жоғары оқу орындарында туризм саласындағы мамандарды даярлау жөнiндегi оқу жоспарларын бiрiздендiру.
3.5. Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасын дамыту
Осы мақсатта мынадай шараларды iске асыру қажет:
- туристiк объектiлердi қайта жаңарту мен құрылысын салу үшiн отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту жолымен туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамытуды ынталандыру;
- ұлттық әуе желiлерiнiң бәсекелесу қабiлетiн көтеру, автомобиль және темiр жол көлiктерiнде жолаушыларды тасымалдауды одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;
- Қазақстан Республикасының аумағында туристiк объектiлердi болашақта орналастырудың және туристiк инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзiрлеу;
- туризмдi дамытудың нақты аудандарында, атап айтқанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде жердi пайдалану және құрылыс салу нормаларының қолданылуын бақылау;
- туристiк қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн ортақ пайдаланымдағы көлiк-жол инфрақұрылымын дамыту;
- мейманханалық-сервистiк кешендi дамыту және оны әлемдiк стандарттарға сәйкес келтiру;
- iлеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, кәрiз желiсi мен
қатты қалдықтарды жоюдың жүйесiн, қолда бар және ықтимал туристiк
аумақтардағы телекоммуникацияларды дамыту;
- туристiк кешендердiң, этнографиялық мұражайлардың және демалыс
аумақтарының желiсiн құру;
- олардың жыл бойы пайдаланылуын қамтамасыз етудi ескере отырып,
туристiк объектiлердi, оның iшiнде орналастырудың орта және шағын
құралдарының жобаларын әзiрлеу және олардың құрылысын салу.
3.6. Туризмнің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Туризм саласындағы қауiпсiздiктiң деңгейiн көтерудiң мынадай басым
бағыттарын белгілеу қажет:
- турист өмiрiнiң және денсаулығының қауiпсiздiгi;
- туризмдегi сақтандыру рыногын дамыту;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- өрт қауiпсiздiгi;
- орналасу мен тамақтану орындарындағы қауiпсiздiк;
- көлiктегi қауiпсiздiк;
- топтар жетекшiлерiнiң, экскурсия жүргiзушiлерiнiң, жолбасшылардың,
әдiстемешi-нұсқаушылардың жұмыстарын ұйымдастыру кезiнде олардың
қауiпсiздiгiн туроператорлар мен туристiк агенттердiң қамтамасыз етуi;
- туристiк ортаны қорғау және сақтау;
- қорғау және қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi ақпарат;
- ұйымдастырылған қылмысқа және терроршылдыққа қарсы күрес;
- келiп-кетушiлердi және жергiлiкті халықты қорғауды және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жергiлiктi жүйесiн құру.
3.7. Туристiк саланы ақпараттық қамтамасыз ету
Осы мақсатта:
- Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени-тарихи әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында интерактивтi геоақпараттық жүйенiң негiзiнде туристiк рыноктың жай-күйiне және оны дамытудың болжамына кешендi талдау жасалуын әзiрлеу;
- көлiктiк жолдарды, инженерлiк және инфрақұрылымдық объектiлердi бiрге ала отырып, елдiң аймақтары бойынша туристi индустрияны аумақтық аймақтарға бөлудiң моделiн әзiрлеу;
- туристiк ұйыммен көрсетiлген қызметiне электрондық брондауды ұйымдастыру және электрондық төлемдердi енгiзу жөнiнде шаралар жүйесiн әзiрлеу;
- туризммен сабақтас салалардың барлығына интерактивтi геоақпараттық жүйенi енгiзу арқылы туризмдi басқаруды жетiлдiру қажет.
4. Бағдарламаны іске асыруға арналған негізгі
техникалық-экономикалық шарттар
Саладағы бiртұтас ақпараттық кеңiстiк жүйесiн дамыту;
республика туристiк индустриясының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн, бiрiншi кезектегi жүйе құраушы туристiк өнiмдердi және туристiк объектiлердi әзiрлеу және iске асыру;
сала iшiндегi секторлар бойынша сапасы және саны аспектiлерiнде туризмдi дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу;
аймақтар бойынша саланы дамытудың қажеттi қарқынына сәйкес инвестициялардың оңтайлы көлемдерiн бағалау;
жүйе құраушы туристiк объектiлердiң сервистiк инфрақұрылымын құру және оны iске асыру;
тұтынушыға ұлттық туристiк өнiмдi ұсынудың барлық сатысын қамтитын көп арналы маркетинг жүйесiн жасау.
5. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның мүшесi ретiнде туризм саласындағы әртүрлi халықаралық бастамаға қатысушы болып табылады. Қазақстан Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның "Ұлы Жiбек Жолы" халықаралық туристiк жобасына қатысуда.
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ шет мемлекеттермен келiсiм жасасу арқылы да жүзеге асырылады. Қазiргi уақытта туризм саласында ынтымақтастық туралы жиырмаға жуық халықаралық келiсiм қолданылуда. Сонымен қатар, Малайзия, Испания Корольдiгi, Мальта, Француз Республикасы, Катар Мемлекетi, Чех Республикасы, Швейцария Конфедерациясы сияқты мемлекеттермен ынтымақтастық туралы екiжақты келiсiмдер жасау мәселелерi қаралуда. Бұл ретте келiсiмдердiң бiрқатары Қазақстанды туристiк әлеуеті мол болашақ әрiптес ретiнде танып отырған шет мемлекеттердiң бастамасы бойынша жасалды.
Жоспарланып отырған халықаралық туристiк (халықаралық келiсiмдердің жасалуын талап ететiн) жобалар:
- Ежелгi Түркi Елдерi (Қазақстан - Түркия - Ресей - Монғолия - Қытай) халықаралық туристiк жобасын әзiрлеу;
- шетел инвестицияларын тарту арқылы жүйе құраушы туристiк объектілерді (халықаралық деңгейдегi туристiк кешендерді) дамыту;
- Қазақстанда тұрақты өткiзілетiн Халықаралық ұлттық спорт түрлерiнiң олимпиадасын ұйымдастыру;
- Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйыммен, Қазақстандық Туристiк Ассоциациямен, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен және халықаралық білiм беру мекемелерiмен бiрлесiп, республикалық туристiк ақпараттық орталық жанында Орталық Азия Туристiк сала кадрларын кәсiптiк даярлау орталығын құру және ұйымдастыру;
- елшілiктермен, өнеркәсiп-сауда палаталарымен және шет елдердiң халық кәсiпшiлiгі ассоциацияларымен бiрлесіп, тұрақты жұмыс iстейтiн бiрлескен халық кәсiпшiлiгi және өнер жәрмеңкесiн - Этнографиялық Базарын өткiзу.
6. Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздері
Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде ұсынылатын қаражат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен және шегінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет қаражатынан 2001 жылы - 26 111 мың теңге, 2002 жылы - 26 111 мың теңге көлемiнде қаржыландыруды талап етедi.
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға қажеттi келесi жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына сәйкес тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде анықталатын болады.
6.1. Басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттік бағдарламаның iске
асырылуын бақылауды қамтамасыз ету
Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуын басқару мен бақылауды қамтамасыз етудi ұйымдастыруды қолданылып жүрген заңдық нормативтiк құқықтық актiлерге және әдiстемелiк құжаттарға сәйкес барлық мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, туризм саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
7. Бағдарламаны енгізуден күтілетін нәтиже
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысында iшкi және келу бағыттарындағы туристердiң жалпы ағынының 2001 жылы 80 мың адамнан 2005 жылы 150 мың адамға дейiн тұрақты өсуiн қамтамасыз ету көзделуде, бұл ретте оның орташа есеппен жыл сайын 17 500 адамға өсуi күтiлуде.
Келу туризмiнiң көлемiн 2001 жылы 24 мың адамнан 2005 жылдың аяғына 60 мың адамға дейiн көбейту болжанып отыр. Бұл ретте екi бағытта да туристердiң жалпы саны iшiнде келу туризмi үлесiнiң 2001 жылы 30%-тен келесi жылдары 40%-ке дейiн артатыны стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызды болып табылады. Келу туризмi көлемiнiң өсуi жылына 7 мың адамды құрайтын болады.
Сондай-ақ, iшкi туризмнiң көлемi де 2001 жылғы 56 мың адамнан 2005
жылы 90 мың адамға дейiн көбейедi. Iшкi бағыттағы туристер ағынының жыл
сайынғы өсуi 10 500 адамды құрайтын болады (N 6 қосымша).
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгi 2001-2005 жылдарға
арналған болжамды көрсеткiштер бойынша есептелiнедi.
Бiр шетел турисi өзiнiң болуы кезiнде бюджетке орташа есеппен 700 АҚШ
долларын әкелсе, онда келу туризмiнен бюджеттiң жыл сайынғы толықтырылуы
мыналарды құрайды:
2001 жылы - 16,8 млн. АҚШ доллары;
2002 жылы - 27,3 млн. АҚШ доллары;
2003 жылы - 32,2 млн. АҚШ доллары;
2004 жылы - 37,1 млн. АҚШ доллары;
2005 жылы - 42 млн. АҚШ доллары.
Келу туризмiнен 2001-2005 жылдар кезеңiнде бюджетке түсiмiнiң жиыны
155,4 миллион АҚШ долларын құрайтын болады.
Әлемдiк практикада бiр шетел турисiне қызмет көрсетуден 9 жұмыс орны құрылатынын ескерсек, онда туризмде және онымен сабақтас салаларда келу туризмi есебiнен әлеуметтiк жұмыспен қамтуға - 2001 жылы 216 мың, 2002 жылы - жұмыс орны 351 мың, 2003 жылы - жұмыс орны 414 мың, 2004 жылы жұмыс орны 477 мың, 2005 жылы - жұмыс орны 540 мың ықтимал жұмыс орындарымен қамтуға қолдау көрсетiледi.
Жалдау бойынша алынған қызметкерлердiң орташа жалақысы жылына шамамен 20%-ке өсуi ескерiлiп (немесе нақты көрiнiсiнде 6%-ке), келу туризмi көлемiнiң ұлғаюы арқасында жұмыспен қамтылған халықтың табысы өсе түседi (N 7 қосымша).
Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуы республикалық бюджетке едәуiр түсiм түсуiн қамтамасыз етедi.
Осы кезеңде "Жолсапарлар" бабы бойынша төлем теңгерiмiнiң тапшылығын жою көзделуде.
Мемлекеттiк бағдарламада әзiрленген шаралар туризмнің iшкi рыногындағы және шет елден туристер ағынының бұдан әрi ұлғаюына жәрдемдеседi және түпкi нәтижесiнде, халықаралық кәсiпкерлiк және iскерлiк ынтымақтастық салалары сияқты ұлттық туристiк өнiмнiң тартымдылығының едәуiр артуына жеткiзедi.
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы ұлттық туризм
(қағаз мәтіннен қараңыз).
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 2-қосымша
Сыртқа шығу туризмi
-----------------------------------------------------------------
1996 1997 1998 1999 2000
-----------------------------------------------------------------
Шет елге шыққан ҚР 522720 419404 502358 398634 1246731
резиденттерiнiң (ТТО-на
шығушы азаматтардың
санын қоспағанда) саны
олардың iшiнде туристер 418039 174071 145716 106078 67360
(туристiк ұйымдардың
көрсететiн қызметтерiн
және олардың қарамағын.
дағы кемпинг қонақ
үйлерi мен өзге де
тұратын орындарын
пайдаланғандары)
сыртқа шығушылардың 79,97% 41,50% 29,01% 26,61% 5,40%
жалпы санына %-пен
----------------------------------------------------------------
Келу туризмі
-----------------------------------------------------------------
1996 ж. 1997 ж. 1998 ж. 1999 ж. 2000 ж.
-----------------------------------------------------------------
ҚР-на келген резидент 202050 284346 256752 393602 1682548
емес келiп-кетушiлердің
(ТТО-на кеткен азамат.
тардың санын қоспағанда)
саны
олардың iшiнде туристер 23498 27683 34542 50154 23868
(туристiк ұйымдардың
көрсететiн қызметтерiн
және олардың қарамағын.
дағы кемпинг қонақ
үйлерi мен өзге де
тұратын орындарын
пайдаланғандары)
- келгендердiң жалпы 11,63% 9,74% 13,45% 12,74% 1,42%
санына %-пен
-----------------------------------------------------------------
Ішкі туризм
-----------------------------------------------------------------
1996 ж. 1997 ж. 1998 ж. 1999 ж. 2000 ж.
-----------------------------------------------------------------
Ішкі туризм 45871 58667 60806 72088 55687
-----------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 3-қосымша
Қазақстанға шет ел азаматтарының келуі
___________________________________________________________________________
! Қызмет көрсетілген туристер мен экскурсанттар,
! адам
_______________________!___________________________________________________
!1995 ж.! 1996 ж.!1997 ж.! 1998 ж.!1999 ж.! 2000 ж.
___________________________________________________________________________
Келу туризмі 20272 23498 27683 34542 50154 23868
ТМД 12506 10360 7254 4861 5796 3266
Әлемнің басқа бөлігі 7766 13138 20429 29681 44358 20602
___________________________________________________________________________
Қазақстан азаматтарының шет елге шығуы
___________________________________________________________________________
! Қызмет көрсетілген туристер мен экскурсанттар
_______________________!__________________________________________________
!1995 ж.! 1996 ж.!1997 ж.! 1998 ж.!1999 ж.! 2000 ж.
___________________________________________________________________________
Сыртқа шығу туризмі 123699 418039 174071 145716 106078 67360
ТМД 8766 4000 6749 2562 3904 8027
Әлемнің басқа бөлігі 114933 412248 167322 143154 102174 59333
___________________________________________________________________________
Ішкі туризм
___________________________________________________________________________
! Қызмет көрсетілген туристер мен экскурсанттар
_______________________!___________________________________________________
!1995 ж.! 1996 ж.!1997 ж.! 1998 ж.!1999 ж.! 2000 ж.
___________________________________________________________________________
Ішкі туризм 98063 45871 58667 60806 72088 55687
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 4-қосымша
Туристік фирмалардың қызметінен түскен жалпы пайда
___________________________________________________________________________
млн. АҚШ !Туристік ұйым. !Туристік !Туристік ұйымдарға !Туристік ұйым.
доллары !дар қызметінен !ұйымдар ! қаражаттың !дар қызметінен
!құралған табыс !алған ! аударылғаны !түскен ҚР-ның
!(жолдаманың құ.!барлық !___________________!табысы (турис.
!ны + жолдама !қаражат !Басқа мем.!Отандық !тік ұйымдар
!бағасына кір. ! !лекеттер. !ұйым. !алған барлық
!мейтін визалық,! !дегі тур. !дарға !қаражат - бас.
!экскурсиялық ! !фирмаларға! !қа мемлекет.
!және өзге де ! ! ! !тердің турфир.
!қызмет көрсету.! ! ! !малары аудар.
!лердің құны) ! ! ! !ған қаражат)
___________________________________________________________________________
Барлығы 16,0 12,0 3,8 3,9 8,3
Келу
туризмі 2,1 2,0 0,0 0,1 2,0
Сыртқа
шығу
туризмі 12,3 8,0 3,8 3,4 5,1
Ішкі
туризм 1,6 1,2 0,0 0,4 1,2
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 5-қосымша
Облыстар және Алматы мен Астана қалалары бөлінісіндегі
туризмді дамытудың жай-күйі
___________________________________________________________________________
! Қызмет көрсетілген туристер мен экскурсанттар
!_______________________________________________
! 1998 ж. ! 1999 ж.! 2000 ж. ! 2000 ж., %
__________________________!________________________________________________
Қазақстан Республикасы 241064 228320 146915 100,00%
Ақмола 322 4375 252 0,21%
Ақтөбе 2894 1877 2373 1,94%
Алматы 19685 13039 3721 3,05%
Атырау 1046 582 343 0,28%
Шығыс Қазақстан 9898 7950 8961 7,34%
Жамбыл 968 2078 2002 1,64%
Батыс Қазақстан 3439 2142 3377 2,77%
Қарағанды 10837 6910 12070 9,89%
Қостанай 1187 3972 503 0,41%
Қызылорда 599 138 388 0,32%
Маңғыстау 2406 1133 2412 1,98%
Павлодар 4998 4578 4132 3,39%
Солтүстік Қазақстан 7164 2310 120 0,10%
Оңтүстік Қазақстан 8406 5198 1567 1,28%
Астана қаласы 48534 69619 34307 28,12%
Алматы қаласы 118681 102419 70387 57,69%
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 6-қосымша
Ішкі және келу туризмі көлемінің ұлғаюы
(қағаз мәтіннен қараңыз).
Қазақстан Республикасында
туризмді дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына 7-қосымша
Жұмыспен қамтылған халықтың табысы көбеюінің болжамы
___________________________________________________________________________
! 2001 ж. ! 2002 ж. ! 2003 ж. ! 2004 ж. ! 2005 ж.
___________________________________________________________________________
Жалданып жұмыс 100 АҚШ 106 АҚШ 112,4 АҚШ 119 АҚШ 125 АҚШ
істейтін қызметкер. долл. долл. долл. долл. долл.
лердің орташа
жалақысы
Жұмыспен қамтылған 21,6 млн. 37,2 млн. 46,5 млн. 56,8 млн. 67,5 млн.
халықтың табысының долл. долл. долл. долл. долл.
көбеюі
___________________________________________________________________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.